Деменция ния


Slide 1

5-тапсырма:

Ақыл-есі кем балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

6B01901 - Арнайы педагогика

Орындаған: Қазбек Н.

Тексерген: Оспанова А. С.

Slide 2

Сұрақтар:

1. Ақыл-есі кем балаларға әлеуметтік жеңілдіктер

алудың нормативтік-құқықтық базасы.

2. Интеллектісі бұзылған балалармен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі мамандандырылған ұйымдағы жергілікті актілер.

3. Ақыл-есі кем баланың психологиясының қалыптасуы мен дамуындағы Л. С. Выготскийдің рөлі.

4. Ақыл-ой кемістігінің дәрежесі. Ақыл-ой дамуы тежелген танымдық дамудың ерекшеліктері.

Slide 3

Инклюзивті оқыту - білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.

Slide 4

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі - Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі №524 бұйрығымен бекітілген. “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін - ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т. б. ) .

Slide 5

Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті. Осы алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психолог және ата - аналарға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге байланысты көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, құрал жабдықтар қол жетімді емес. Осы қарама - қайшылықтардың шешімін іздестіру мақсатында “Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар” тақырыбына зерттеу жүргіздік.

Slide 6

Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттiк қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар жайлы қарастырады және оларға тиісінше қол ұшы созылып тұрады. Ол балаларды арнайы оқытып, өз ауытқыларын сезінбей басқа балалар сияқты білім алуына мүмкіндіктер жасалып жатыр.

Slide 7

Арнайы педагогика - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым

Slide 8

Дефектология ғылымының зерттелу тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж. Итар, Ж. Эскирөл, Ж. Демор, Э. Кре-пеоин, Э. Сеген, В. К. Кащенко, Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, А. Н. Граборов, М. Монтессори т. б. есімдерімен байланысты.

Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар ретінде Ж. Ы. Намазбаеваны, Р. А. Сүлейменованы, Қ. Қ. Өмірбекованы, К. Б. Бектаеваны, З. А. Мовкебаеваны т. б. атауға болады.

Slide 9

1929 ж. Мәскеуде балалар үйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналады. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі үлес қосқан Л. С. Выготский болды.

Л. С. Выготский маңызды теориялық ережелерді тұжырымдайды:

- Адам психикасы құрылымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіндігі туралы;

-Бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;

-Қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы;

-Ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, дамуы ауытқыған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;

-Баланың психикалық жоғары қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы;

-Ақыл-ойдың кемістігі зият пен аффект қатынасының өзгерісі туралы.

Slide 10

Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаларды меңгере алмаған балаларды клиникалық тексеруден өткізгенде, ақыл-ойы кем балаларға тән өзгеше ерекшеліктер байқалмаған. Тек 50-60 жж. Л. С. Выготскийдің шәкірті М. С. Певзнердің басшылығымен, үлгермеушілік мәселесінің түркілікті себебі анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық-педагогикалық тексерулер үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген (ПДТ) тұжырымдама берді. Сөйтіп, жалпы мектептердегі үлгермеуші оқушылардың тең жартысын құрайтын, дамуында ауытқуы бар балалардың жаңа категориясы пайда болды.

Slide 11

Ақыл-ой кемістігі - бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы.

Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі.

Slide 12

Деменция

Ақыл-ой кемістігінің екі түрі бар

Олигофре ния

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция
Деменцияның кеш кезеңінде тамақтану
Есту қабілеті бұзылған балалар
Ұлыбритания туралы мәлімет
ГЕРМАНИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ГЕРМАНИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Олигофренияның патоморфологиясы
Орталық нервтер миелинизациясы
Жүйке тінінің жасушаларынын биохимиялық сипаттамасы
Жүйке тінінің биохимиясы
Қылқан жапырақты ағаштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz