Өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды талдау
Презентация қосу
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
ТАЛДАУ
1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері
мен маңызы
2. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен
құрамы
3. Өнім өндіру мен өткізуге кеткен
шығындарды талдау. Өзіндік құнды
калькуляция баптары бойынша талдау. Жеке
өнім түрлері бойынша өзіндік құнды талдау
1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері
мен маңызы
Өнімнің, тауардың және қызметтің
өзіндік құны деп өнімді дайындау немесе
жұмысты орындау барысында тікелей
пайдаланылатын негізгі қорлардың бүкіл
ресурстарының, табиғи және өнеркәсіптік
шикізаттың, материалдардың, жанар-май
мен энергияның еңбектің шығындарының
ақшалай формадағы көріністерін айтады.
Өзіндік құнды талдау міндеттері:
1. Шығын қозғалысын талдау және өзіндік құн
мен өндіріс шығындары бойынша жоспардың
негізделуін бағалау.
2. Өзіндік құн бойынша жоспардың
орындалуының динамикасы мен дәрежесін
анықтау.
3. Өзіндік құн динамикасының көрсеткіштеріне
әсер еткен факторлардың анықтау, шынайы
шығында жоспарланғаннан ауытқуының шамасы
мен себептері.
4. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау.
5. Өнімнің өзіндік құнын әрі қарай төмендету
резервтерін анықтау.
Талдаудың ақпарат көздері:
- «Кәсіпорынның (ұйымның) өнім
(жұмыстар, қызметтер) өндірісі және
сатып өткізілуіне кеткен шығындары
жөніндегі есеп беру»,
- өнімнің өзіндік құнының жоспарлық
және есептік калькуляциялары,
- негізгі және қосалқы өндірістер
бойынша шығындарды синтетикалық
және аналитикалық есепке алу деректері
және т.б.
2. Өнімнің өзіндік құнының
құрылымы мен құрамы
Кәсіпорындардағы өзіндік
құнды жоспарлау және есепке
алу шығындар элементтері және
шығындардың калькуляциялық
баптары бойынша жүргізіледі
Шығындар элементтері:
-материалдық шығындар (шикізат пен
материалдар, сатып алынатын жиынтықтаушы
бұйымдары және жартылай фабрикаттар, отын,
электр энергиясы, жылу энергиясы және т.с.с.)
-еңбекке ақы төлеу шығындары
-әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер
-негізгі қорлардың амортизациясы және басқа
да шығындар (материалды емес активтердің
тозуы, жалгерлік төлем, міндетті сақтандыру
төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар,
өнімнің өзіндік құнына кіргізілетін салықтар,
бюджеттен тыс қорларға төлемдер және т.б.).
Тікелей шығындар өнімнің белгілі бір
түрлерін өндірумен байланысты
(шикізат, материалдар, өндірістік
жұмысшылардың жалақысы және т.б.).
Олар калькуляцияның қандай-да бір
объектіне тікелей жатады.
Жанама шығындар өнімнің бірнеше
түрлерін өндірумен байланысты және
калькуляция объекттеріне сәйкес базаға
(жұмысшылардың негізгі және қосымша
жалақысына немесе бүкіл тікелей
шығындарға, өндірістік алаңға және т.с.с.)
пропорционалды түрде үлестірілу арқылы
жатқызылады.
Жанама шығындардың мысалы ретінде
жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық
шығындарды, негізгі қорларды күту
шығындарын және т.б. келтіруге болады.
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты
және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен
барлық шығындар және тұрақты, айнымалы
шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің
өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар.
Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер,
сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі
өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа,
жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға
кеткен шығындар.
3. Өнім өндіру мен өткізуге кеткен
шығындарды талдау. Өзіндік құнды
калькуляция баптары бойынша
талдау. Жеке өнім түрлері бойынша
өзіндік құнды талдау
Өнімнің өзіндік құнының маңызды
жалпылама көрсеткіші – тауарлық
өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
шығындары=
өнімді өндіруге және сатып өткізуге
кеткен шығындардың жалпы сомасы
--------------------------------------------------
өндірілген тауарлық өнімнің құнына
Сауда кәсіпорындарының шығыстарына талдау
жасау келесідей жалғастықта жүргізіледі:
1. Шығыстар сомасы бойынша абсолюттік
ауытқулар анықталады
мұнда И1,И0 – болжам бойынша және ағымдағы
шығыстар сомасы.
2. Шығыстар деңгейін есептеп шығару:
мұнда У-шығыстар деңгейі, И-шығыстар сомасы,
pq- өткізуден түскен түсім.
3. Шығыстар деңгейінің өзгеру мөлшері
анықталады
∆ У=У1-У0,
мұнда У1 ағымдағы және У0 болжамды
шығыстар деңгейі.
4. Шығыстар деңгейінің өзгеру қарқыны:
Төзг
5. Шығыстарды динамикада зерттеу.
6. Шығыстардың салыстырмалы ауытқуы
анықталады
1 вариант
мұнда ∑p1q1-өткізуден түскен ағымдағы
түсімдер.
2 вариант
Бастапқы бетте келесідей формула бойынша
түзетулер енгізілген шығыстар анықталады:
содан соң
түзет
Шығыстардың жалпы сомасының басым
көпшілік үлесі еңбек ақы төлеуге
жұмсалатын шығыстарға келеді.
Еңбек ақы шығыстары екі вариант арқылы
анықталады:
1.Шығыстар=жұмыскерлер саны *
орташа еңбек ақы
Т* ОЕА
2.Шығыстар= --------------
Ө
Т- өткізуден түскен түсім
ОЕА- орташа еңбек ақы
Ө- өнімділік
Қалыпты сауда қызметін қамтамасыз ету үшін
бөлшек сауда кәсіпорны қысқа мерзімдік банк
несиесін пайдаланады. Баптар бойынша
шығыстар сомасы төмендегі формула бойынша
анықталады:
мұнда Б – өткізуден түскен бір күндік түсім;
Ү – банктің тауарларды төлеуге үлестік
қатысуы;
К – тауарлардың айналым бір күндегі
жасауы;
D – банк несиесінің деңгейі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz