Жаза түрлері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ Тарих, экономика және құқық факультеті «Құқықтық пәндер» кафедрасы Қазақ қоғамының әдет - ғұрып құқығы
Орындаған: Юр-11 тобы студенттері Шугаева Д. Д.
Амандаулетқызы А.
Тексерген: т. ғ. м., аға оқытушы Сабырғалиева Н. Б.

ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі белгілері
Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- ХУІІІ ғасырға дейін билер институты бірнеше сатыдан өтті
Би туралы түсінікті әр қырынан, жан-жақты танудың нәтижесіндебилер қызметіне зерттеуші ғалымдардың тұжырымдары
Сот процесі. Билер шешімдері
Әдет заңдарының қамтыған салалары
- Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
Некелесу түрлері, тәртібі
Бала асырап алу
Ажырасу тәртіптері
Меншік әдет заңы
Мұрагерлік құқық

X. Қылмыстық әдет заңы
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
XI. Жаза түрлері
Өлім жазасы
Дене жарақаты және жазалар
Құн
Айып
Құлға айналдыру мен кінәлі адамды жәбірленушіге қызмет етуге беру
Басын беру
Барлық мүлкін тәркілеу мен оны қауымнан қуу
Дінге қарсы қылмыс
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
Қазазқ әдет-ғұрпында қолданылатын құқықтық қағидалар
Қортынды

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз
өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін
танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып
отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты.
Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі
заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың орнығуына,
теориялық, тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақтың дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы
қалыптасып, дамыды.
Дәстүрлік құқықтық институттарға, соның негізінде қаланатын
материалдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Ол
қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен құралған
заң жүйесі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық өмірді арнайы бақылап, оны
жүйелі түрде зерттеп-зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның
бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуірлеріне барып тіреледі. Әдет-
ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұнғыш түрі. Ол сол қоғамдағы
адамдар қажетін өтеуге арналған институттарды қалыптастырды. Әдет
құқұғы өзінің ішкі мәні мен мазмұны, сыртқы түр сипаты, іс-қимылды реттеу
жалпы болмысы адамзат мәдениетінің ерекше туындысының көрсеткіші
екендігіне шүбә жоқ.
Қазір осы әдет заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне
көңіл бөлінуде. Қазіргі атақты ғалым-заңгерлеріміз С. З. Зиманов,
Ғ. С. Сапарғалиев, Н. Өсерұлы, М. С. Нәрікбаев, З. Ж. Кенжалиев т. б. көптеген
ғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен
зерттеуде.
Осылайша халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық
игермей, оны өзіміздің мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы
етпей Республикамызда құқықтық мемлекет құруымыз мүмкін емес.

Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
Әдет заңдары өз бастауларын тереңнен алған. Тайпалық одақтар сол
кездегі әдет заңдарымен биленді. Соның ішіндегі ең құндысы саяси
мұрагерлік әдет заңдары болды. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың
қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның
құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар
болды. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылар да әскери демократия
сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың тұрақты одақтарын құрды,
өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның ұйытқысы рулар еді. Соғыс
бола қалған жағдайда олар өздерінен рубасылар бастаған әскер жасақтарын
шығарды. Ғұндардың одағы 24 бөлшектен құралған, олардың әрқайсысын
рубасылар басқарған.
Ғұндардың ел билеушісін «Тәңір-құты» деп атаған. Ғұндардың б. з. д.
ІІІ ғасырда: «Ұлықтардың лауазымы мен мәртебесі атадан балаға мұра болып
қалады»1 - деген заңы болған. Бұл заңда мұраға қалатын атаның тағы мен
мәртебесі. Тақ билігі - мемлекет басқару билігі, бір елдің саяси, әкімшілік
және әскери билігінің бір қолда шоғырланған көрінісі. Мәртебе - ризық,
атадан балаға қалған ел, жер және байлық. Елді билеп келген мәртебелі
әкенің сіңірген еңбегі даусыз, ол көз жұмарда тақты ұлына қалдыруы да
заңды. Оның ұлдары мен әулеті ел билеу істеріне араласады, ел басқарудың
қыры мен сырына қанығып өседі, үйренеді, жетіледі, даярланады. Бұл ел
билігін сенімді қолға тапсырудың және оны сабақтастырудың алғы шарты.
«Үйсіндер ғұндармен әдеттес». Үйсіндердің мұрагерлік заңында «Әке
өлсе, ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» деген бар. Үйсіндер ел билеушісін
«Күнби» деп атаған. Үйсіндердің саяси өмірінде «билер Кеңесі» болған.
«Билер бітімі» біріншіден дауларды шешіп ел ішін алалықтан сақтап келсе,
екіншіден мұрагерлік институтқа да ықпал жасаған, яғни билер мұрагерлік
заңды бұзуға жол бермеуге тырысқан

1. Патриархалдық туыстық ереже, яғни туыстардың бір-біріне өзара
көмегі.
2. Ескіден келе жатқан көптеген ережелер мен институттар, яғни
қағидасы қанға-қан алу, әмеңгерлік т. б.
3. Қылмыстық іс пен азаматтық құқық бұзушылықтың арасын айырып
көрсетпеуі.
4. Саяси қылмыс институты түсінігіде қалыптасты, яғни Отанды сату,
майдан шебінен қашу және әскер басшылығына бағынбау.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі
белгілері

Көшпелілердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және
тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірде қолдануына ең
бейімделген сүбелі бір бөлігі - әдет-ғұрып құқығы нормалары мен
институттары. Әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-тура және дәлме-дәл іске
асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам мүшелеріне оларды
бұлжытпай орындауға сырттан, жоғардан міндеттелмеген еді. Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары ресми және биресми нысандарда
өмір сүрді. Бидің билігі, ханның жарлығы, ереже-көшпелілердің құқықтық
нормаларының ресми түрде әдеттік нормалар өсиет, өнеге, бата, үлгілі сөз,
нақыл, мақал-мәтел, афоризм бейнесін иеленді. Бидің билігі - әдет-ғұрып
құқығы нормаларының ұзына бойғы өмір сүру тарихына тән құбылыс.
Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше
құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, астана таңдау,
әскер ісі, көшу-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама орын алды.
«Хан устанавливал с согласия и по совету верхушки феодалов важнейшие
государственные налоги и другие сборы и порядок их взыскания», - дейді
Т. М. Культелеев еңбегі.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының келесі бір тарихи нысаны -
«жолдар». Сахара жұрты мұндай құқықтық құжаттардың екі түрін біледі.
Бірі - «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1523) болса, екіншісі - «Есім
ханның ескі жолы» (1598-1645) .
«Жолдар» - көшпелі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің
жеке-дара дербестенуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық
мәдениетті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс
жасауының нышаны.
Әдет-ғұрып құқығындағы
нормалар мен қағидалар

Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері
болған. Олар: ел басшысы-ханы, елдің тыныштығын ойлаған ерлері, сөзін
сөйлеген шешен-билері.
Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес
салмағы айрықша. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік қалпын тек
қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде
де ұштастыра әрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым
ретінде дәстүрлі билер институты орасан зор рөл атқарды. Ол мемлекеттік
басқару жүйесімен тығыз астасып жатыр, сондықтан халық пен билеуші
топтардың белгілі бір әлеуметтік-саяси құндылықтар төңірегінде топтасуына
тікелей ықпал еткені анық.
Қазіргі күні «би» сөзінің этимологиясы жайлы бірауызды
келісіп-пішілген пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Г. Вамбери,
В. Радлов тәрізді ғалымдар «би» сөзінің төркінін көне түркі тілінің билікті,
жоғарылықты білдіретін мағынасынан іздесе, мұны Құрбанғали Халид «би-
бектен», «бек-бүнектен», - деп көрсетеді (қысқарған атаулар) . Қарастырылып
өткен ғылыми болжамдардың айналып келгенде, бір ғана пікір төңірегінде
тоқайласып жатқанын аңғару қиын емес. «Би» сөзі ежелгі түркінің «бек»
сөзінен бас алады да, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету»
ұғымдарын білдіреді. Олай болса би терминінің пайда болу уақыты да ежелгі
түркі заманына тірелетіні даусыз. Көшпелі тұрмыс-тіршілік үрдісіне
сүйенген қоғам жағдайындағы билер институты дегеніміздің өзі, ең алдымен,
мұрагерлік заңына негізделген дәстүрлі аристократиялық билік-хандық
институтына қарағанда халықтың қайнаған ортасының өзі тарихи
қалыптастырып шығарған демократиялық билік тұтқасы.
Қазақ қоғамындағы билер қызметі

1. Сонау түркілер заманынан ХІІ ғасырға дейін. Қазіргі Қазақстан
территориясында қалыптасқан көшпелі қоғамдардың кезеңіндегі ақсақалдар
көшпелі қоғамдардың алғашқы кезеңіндегі ақсақалдар кеңесі, ру-тайпалық
құрылымның өзін-өзі басқару тәрізді қоғамдық тетігі ретінде бек, би
институттарының пайда болуының негізгі алғы шарты болып табылады.
2. ХІІ-ХІУ ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде билер институты одан әрі
етек жая бастады, бірақ мұнда билер институтының ара-жігі әлеуметтік
өмірдің жоғарғы сатысындағы басқару жүйесінен ажырамаған.
3. ХУ-ХУІ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ хандығының негізі қаланып,
билер институтының түпкілікті қалыптасып болуы жүрді. Сондықтан ноғай
ордасының саяси құрлысы билердің ең жоғарғы мемлекеттік лауазымдық
болғандығын айтуға болады. Алайда бұл дәуірде билер институты хандық
инстутынан әлі нақты бөліне қоймағанды, сондықтан да сөз болып отырған
кезеңде билер институты «батыр», «жырау» институттарымен тығыз астасып
жатыр.
4. ХУІ-ХІХ ғасырлар. Әсіресе ХУІІ ғасырдың екінші жартысынан
ХУІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығында билер институты шырқау шегіне
жетті. Бұл тұстағы билер институтының тарихи функциясы - бір жағынан ру-
тайпалық қарым-қатынастарды реттеп отырушы әлеуметтік тетік, екінші
жағынан, аристократиялық хан билігін теңдестіріп отырушы саяси тетік.
Қазақ мемлекеттігі тарихында билердің орны әр дәуірдің тарихи
оқиғасымен мәні арта түсіп, ірі тұлғаларға айналғаны анық.
ХУІІІ ғасырға дейін
билер институты бірнеше сатыдан өтті

Би - көсем.
Ол - көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған» көкірек көзі
қиядағыны шалатын, оны оралуы, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да
тап басып, болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан
болуы шарт.
Би - шешен.
Ол - сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, сүйектен
өткізіп, мақсатпен бауыздап, қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсерлік
семсерден бетер от ауызды, орақ тілді ұшқыр сөз зергері.
Үш кемеңгер би Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзін төгіліп тұрған
жыр емес деп кім айтады? Ұйқасының қалаған тастай беріктігі, әр сөздігі
сазды ырғақ үндестігі қас ақынға тән шеберлік болмай, немене?
Би - заңгер.
Халық арасында «Би екеу болса - дау төртеу болады» деген сөз бар.
Бұны даулы мәселені екі би емес, үш би шешеді деп түсіну қажет. Олардың
бірі айыптаушы (прокурор), екіншісі ақтаушы (адвокат), үшінші төбе би
(судья) .
Би - елші.
Ол тек ішіндегі ғана емес, мемлекетаралық даулы мәселелерді шешу
үшін жат жерге де білек сыбанып барған. Оған «Жауластырмақ - жау шыдап,
елдестірмек - елшіден», «елшісіне қарап елін таны» деген халық даналығы
дәлел.
Би - жүрек жұтқан батыр.
Бидің батырлығы - қолына қару алып жауға шабуында емес,
қылышынан қан тамған қаһарлы хан, сұлтан немесе елден-судан кеткен
ежелгі жау алдында тұр екем деп имекбей керекті жерінде өткір тілімен
турап түсетін әділ сөзін айтуында.
Би туралы түсінікті әр қырынан, жан-жақты танудың нәтижесінде
билер қызметіне зерттеуші ғалымдардың тұжырымдары

Би - саясаткер, қоғам қайраткері.
Олар ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді
шешуде хан-сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған. Мысалы, Жәнібек
ханның сыртқы саясатының мәселелеріне баға беріп, жөн сілтейтін 60 биі
болған, Абылай ханның 8 биі болған. Күлтөбе, Мәртөбе бастарында өткен
талай әйгілі кеңестерде, келелі істерде кеңес берген осы билер.
Би - ойшыл ғалым.
Ол халық тарихын, әдет-ғұрпын салт-санасын меңгерген, кемел ой
түйген философ, ғылымның әр саласынан хабары бар білімпаз. Олар өлмес
қағида, қанатты сөздер қалдырып, болашаққа көріпкелдікпен болжау жасаған
данагөйлер.
Би - психолог.
Би адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен тап басып
танитын, кәнігі психолог болуы шарт. Қарсыласының жан-дүниесіне
үңілумен қатар, билер олардың әрбір қимыл-қозғалысын, үн-бояуын қалт
жібермей қадағалап, соған орай өзі де дауыс ырғағын құбылтып, әр сөзінің
мән-мағынасын ашатындай қимыл-қозғалыспен бет пішінін, қас қабағын
ойната білетін тамаша артистік қабілет иелері. Олар әр сөздің жүректен
шығып, жүрекке жетіп отыруын көздеген.
Би - тәрбиеші.
Би атанып халыққа танылғандар «өзім болдым, өзім - толдым» деп
келте ойламаған қал-қадірінше жоқ-жітіктің, әлдіден зәбір көрген әлсіздің
жоғын жоқтап, ел-мүддесін көздеген, жастарға батасын беріп, өмір бойы
жинақтаған тәлім-тәрбиесін, ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан
жалықпаған.

Қоғамдық даулы-мәселелердің, талас-тартыстардың көбі адамгершілік
рухани ережелерімен, талаптарымен шешіліп жатты. Себебі көшпелілер бір-
бірін соттасуға, бет ашысуға қимайтын, яғни олар адамның рухын жоғары
қойды.
Қазақ қоғамындағы сот процесінің басты мақсаты-бітім еді. Яғни,
дауласушы не арыздасушы жақтарды жұрт алдында келістіріп, бітімдестіру.
Қазақ билері-бірлік, ынтымаққа шақыратын шешімдерді, даулы істерді
бітімге келтіретін шешімдерді және айып салатын шешімдерді ұстанған.
Бірлікке, ынтымаққа шақыратын шешімдердің бірі-үш жүздің билері
Ордабасыға жиналып, елді жоңғар басқыншылығына қарсы топтасуға
шақыру болды. Нәтижесінде ата жауын талқандап, өзінің ұлттық тұтастығын
сақтап қалды.
Бітімге келтіретін үлкенді-кішілі шешімдер бола берген. Ол, әсіресе ел
арасындағы, жеке адамдар арасындағы дау жанжалдарды реттеуге, рухани
кінәсін жоюға бағытталған.
Айып салатын шешімдерге билер кінәліге айып салып, соны
орындаттырған. Айып түрлері аз емес.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында дейін билердің шешімі жазба түрде еш
жерде түсірілмеген. Көбіне ауызша, фольклорлық негізінде сақталып келді.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, «билер кітабы» ашылды. Онда сот
үкімдері, би шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылатын болды. Билердің
билігі, үкімдері жеке құжат ретінде толтырылып сақталғандары да бар.
Билер сотындағы сот процесінің бір ерекшелігі - оның жариялығы мен
ашықтығы. Қандай дау болмасын, билер оны қараған кезде жариялықты және
сот процесінің ашық болуын қамтамасыз етіп отырды. Бұл жөнінде қазақ
әдет-ғұрып құқығын терең зерттеушілер … қазақ билерінің билік айтуы, іс
қарауы ашық түрде жариялылық принципі негізінде жүргізілген.
Сот процесі.
Билер шешімдері

Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар.
Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық - экономикалық
формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз
байланысты болған. Ф. Энгельстің айтуынша, топты неке-жабайлық дәуірге
тән болса, жұпты отбасы өркениетті дәуірге тән болған.
Отбасы тарихындағы мұндай неке формаларын қазақ халқының арғы
тектері де басынан өткізген. Отбасы-рулық топтар барлық уақытта бірге
көшіп-қонатын бірнеше ауылдардан құрылған. Мұны «бір ата баласы» деп
атайды.
Қазақ арасында негізінен дара (шағын) отбасы үстем болған, онда
үлкен патриархалды отбасы қауымының көптеген сипаттары сақталып
келген, ол ерлі-зайыптылар, үйленбеген балалар, қарт қариялар, сондай-ақ
үйленбеген кіші жақын туыстардан құралды.
Қазақ өлкесінде үлкен патриархалды отбасының ертерек ыдырауына
көптеген жағдайлар себепкер болды:
1) Қазақ қауымындағы топтық жіктелудің күннен-күнге күшейіп,
патриархалдық тәртіптің әлсірей түсуі әсер етті.
2) Туысқандар арасында мал және мүлік теңсіздігін туғызу факторы
(қалың мал, жасау беру) .
3) Экзогамалық (белгілі бір туыстық шеңберінде қыз алыспау)
тәртіпті сақтай отырып неке құру т. б.
Әдет заңындағы отбасы-неке
құқығы
ӘДЕТ ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАМТЫҒАН САЛАЛАРЫ

Қазақта некелесудің түрлі формасы болған. Бүкіл қазақ халқына тән
болған некелесудің ең негізгі түрі - қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға
негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы
қауымдық қоғамда үстемдік еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ
арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары
бойынша неке құру әдеті өте жақсы сақталып келді. Әртүрлі жағдайларға
байланысты ел арасында қыз келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де
болды. Бірақ бұл әдет ХХғ. басында құдалық арқылы некелесу ғұрпымен
тығыз байланысты болды. Олай дейтініміз кей уақытта құдалық арқылы
некелесу тәртібі алып қашумен аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы
некелесу міндетті түрде құдалық ғұрпымен қалың төлеу арқылы бітетін.
Қазақ арасында сирек болса да ХХғ. басында кездесіп тұратын
некелесу түрінің бірі туған-туысы жоқ, қалың төлеуге шамасы келмейтін
жалғыз басты жарлы жігіттер қыз әкесіне қалың орнына күшін сатып, белгілі
мөлшерде қызмет ету немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған жағдайда
қолына, «күшік күйеу» болып кіру арқылы неке құру болды.
Құдалық деген сөздің өзі некелесудің бұл түрінің тек ата, әке не басқа
туыстар еркіне байланысты, тіпті күйеу өздігінен өзі алған адам болған
күнның өзінде, оның атынан сөйлейтін кісі тарапынан жүргізілетіндігін
көрсетеді.
Некелесу түрлері, тәртібі

Қазақ өмірінде бала асырап алу дәстүрі ежелден қалыптасқан ғұрып.
Негізінен өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар бала асырап алады. Әдетте өз
кіндігінен баласы барлар да бала асырап алады. Себебі, қайсы біреулер
шаруашылықты жүргізуде өз балаларына серік етуге, екіншілері балалы
ағайындардан қысым көру негізінде, немесе жетім қалған ағайын-
туыстарының жас балаларына шын мәнінде әкелік қамқорлық жасау
туысқандар арасында бір-бірімен туысқандық қатынастарын үзбей күшейте
түсу мақсатымен бірінің баласын бірі бауырына басатын. Баласыз адам ең
алдымен өзінің бірге туған туысының баласын, қала берді көңіл жетер жақын
ағайынның баласын алатын. Әрине, мұндай туыстары бірнеше балалары
болған жағдайда ғана бір баласын қимас туысына беруден бас тартпайды.
Кейде бөтен елдердегі тамыр-таныстарынан немесе атасы басқа жетім
балаларды (ертеректе тіпті құл балаларын, төрелер болса төлеңгіттерінің
балаларын) бауырына салып асырап, бала ету (сирек кездескенмен) болып
тұратын. Көбінесе ер балаларды асырап алатын. Ал ер баланың реті келмеген
жағдайда қыз балаларды да асырап ала беретін.
Бала асырап алу

Қазақтардың тұрмысында ажырасу өте сирек
болатын жағдай. Тегінде қазақтар отбасының бүтіндігін бәрінен жоғары
қояды. Әсіресе әйелдерге талап күшті. Әйелдердің ажырасу жөнінде ниет
білдіруге құқы жоқ. Ол тек еркектердің еркіндегі іс. Әйткенмен еркектер де
жөн-жосықсыз әйелдерін тастамайды. Көбіне көп әйелінің мінезі шайпау,
жеңілтек, өзі салдыр-салақ болғандықтан ажырасады. Еркек әйелімен
ажырасу үшін ешкімнің алдына барып жүгінбейді, тек бір күннің ішінде
әйеліне үш мәрте «сен талақ» деп айтса болғаны. Егер күйеуі әйелін талақ
тастамай, екі жақ өзара келісімге келіп ажырасса, үш ай, он күн өткеннен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz