Қой жабайы тегі



Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
Технология және биоресурстар факультеті
Қойдың шығу тегі, эволюциясы және даму тарихы

Жоспары.
1) Қой шаруашығының даму тарихы
2) Қой жабайы тегі
3) Қойды экстерьері бойынша бағалау
4) Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі

Қой шаруашығының дамуы, қой тұқымдарын асылдандыру,
оның өнімділігін жақсарту жұмысы үшін қойды қолға үйретілгеннен бастап осы кезге дейін орын алған өзгерістерін білу, оны ғылыми дәйектемеден өткізудің маңызы зор. Бұл жөнінде Дарвинннің “Түрлердің шығуы” (1859 ж. ) және “Қолға үйретілгеннен бастап өсімдіктер мен жануарлардың өзгеруі” (1868 ж. ) деген еңбектерінде көрсетілген. Жабайы қойлардың үй қойларына айналу құбылысы біздің эрамызға дейінгі Неолит дәуірінен басталып, осыдан 8-10 мың жыл бұрын аяқталған. Тарихи деректер ең алдымен қолға үйретілген иттен кейін, қой мен ешкі үй жануарына айналғанын дәлелдейді.
Қолда өсірілген үй қойлары жабайы қой тұқымдас малдардан
үйретіліп шығарылған. Қазіргі кезде Натузус, Северцов, Насонов, Эверсам, Лейдеккер, Кюн, Неринг, Паллас, Келлер және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми тұжырымға тоқтады: дүние жүзіндегі барлық қойлардың шыққан тегі қазіргі кезде табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан муфлон, арқар, арғали және жалы бар жабайы қойлар. Бұлардың бәрі де қойменен шағылысқанда жақсы
ұрпақ береді.
Қой шаруашығының даму тарихы

Қой жабайы тегі

Муфлон - бұл жабайы
қойлар, қазіргі кезде Жерорта
теңізінің Сырдария, Корсика
аралдарында, күнгей Кавказдың
таулы аудандарында, Иран, Түркия
тауларында өмір сүреді.
Муфлондар жүрдек, таудың
қолайсыз жағдайына төзімді, дене
бітімі берік болып келеді. Түр-түсі
қызғылттау, қоңыр-қошқыл
қылшық жүнді, өте қатты болып
келеді, оның астында өте жіңішке
түбіт жүні болады. Салмағы
шағын, қошқарлары 60-70 кг
тартады. Муфлоннан Доман, Шотлан т. б. қысқа құйрықты қой
тұқымдары таралған деп есептелінеді.
Арқар - Арал және Каспий теңіздері аралығындағы үстіртте,
Қазақстанның, Орта Азия таулы аймақтарында кездеседі. Ұзын
жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты қой тұқымдарының
арғы тегі осы Арқар болып есептелінеді. Арқар муфлоннан ірілеу
салмағы 80-85 кг дейін тартады. Қылшық жүннің астында түбіт өседі,
түр-түсі қызғылт-қошқыл болады.

Арғали - қыұйрықты қойлардың арғы
тегі, қазіргі жабайы қой тұқмдарының ең
ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг, ал аса
ірілері 240 кг-ға дейін барады. Орталық
Азия, Сібір тауларында, Сарыарқа,
Ұлытау, Жоңғар тауларында кездеседі.
Құлжасының мүйізі үлкен, түбі жуан,
жалпақ, дене түсі сұр, бурыл, қылшық
жүнді болып келеді.
Жалы бар жабайы қойлар -
Солтүстік Африкада әлі де жабайы
түрде өмір сүреді. Олар өте ірі, биік,
денесі мықты, басы ұзынша, маңдайы
жалпақ, мойны қысқа болып келеді.
Ерекшелігі мойнының астыңғы жағында
және алдыңғы аяқтарында ұзын жалы
түсіп тұрады. Кейбір ғалымдар бұл
қойды Африкада өсірілетін қойлардың арғы тегі деп есептейді.

Қойдың қолға үйретілуіне байланысты табиғатындағы өзгерістері. Үй малдарының барлығы да өзінің жабайы тегімен салыстырып қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Сол сияқты қойдың табиғаты да өзгереді, оның барлық ағзалары мен жүйелері де өзгеріске ұшырады. Ең алдыменен оның жүріс - тұрысы, тәртібі өзгереді. Қой адамның дегеніне бағына бастайды. Соның нәтижесінде баптап бағуға көніп, бағытты айдауға, байлауға, қолға ұстауға, саууға, жүнін қырқуға үйренді. Сонымен қатар, оның сезім ағзаларының жұмысы баяулап, кеміп, басылады. Көзінің өткірлігі, құлақтарының дыбысты есту дәрежелері төмендеді. Аталықтары мен аналықтарының сырт көрінісінің ерекшеліктері бәсеңдеп, қошқары саулығына ұқсас болды, жыныстық мезгілі маусымдық емес, жыл он екі айға созылатын және жүні көктемде түлемейтін болды. Сол сияқты көптеген шаруашылыққа пайдалы, бейім қасиеттері пайда болды ал пайдасыз, зиян қасиеттері жойылды. Кейбір қой тұқымдарында төлшілдік қасиеті өте жақсарды. Оның нәтижесінде әр жүз саулықтан 150-200 қозыға дейін алуға мүмкіндік туды. Қойдың дене құрылымында өзгерістер пайда болды. Көптеген жүнді, етті қой тұқымдарының аяқтары қысқарды, дене бітімі өзгеріп, баяу жүріп, жай қимылдауға көшті. Сүйектері жалпақтанып, олардың кемік бастары ұлғайып өсті. Ол сүйектерге бекітілетін еттердің сіңірі азайып, бұлшығы көбейді.

Қойды экстерьері бойынша бағалау П. Н. Кулешов осы ғылыми негіздерге сүйене отырып, малдың дене бітімін төмендегі төрт түрге бөлген. 1. Сөлекет - малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, жуан ет бұлшықтары толымды. Етіндегі май және дәнекер ұлпалары нашар дамыған. Малдың жалпы түр-тұлғасы көзге өрескел көрінеді. Сөлекет дене бітімді қойлардың жүн талшықтары жуандау болады. Мұндай сөлекет бітімді мал, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, ауруға көп шалдықпайтын болады. 2. Нәзік - дене бітімдерінің көрінісі ашаң, сүйегі жіңішке, терісі жұқа, жүн талшықтары өте жіңішке. Ас-қорыту жүйесі бір шама жақсы дамыған, зат алмасуы ағзада жедел жүреді, тынышсыз, үркек болады. Мұндай бітімді қойлар жақсы бағып-күтуді қалайды. 3. Тығыз - дене бітімді қойдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың, жүн талшықтары жуандау келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту жүйелері жақсы жетілген, жүйкесі мықты. Мұндай қойлар табиғаттың өзгеруіне төзімді, ет өндіруге қолайлы келеді. 4. Борпас (болбыр) - мұндай бітімді малдың денесі жалпақ, ас қорыту ағзалары жақсы дамыған, зат алмасу ағымы баяу жүреді. Жуас, баяу қимылдайды. Мұндай бітімді қойлар бордақылауға жақсы, тез семіреді.
Қойдың дене бітімі
Қойдың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болады, сондай-ақ
дене бітімі де әртүрлі болатыны сөзсіз. Бірақ көп қойдың ішінде дене
бітімі жағынан бір-біріне ұқсас болады да ақиқат. Қойдың тұқымдары
өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болғанда дене бітімінің де
ұқсастығы арта береді, кейде оларды бір топқа біріктіруге теорияда
және тәжірибеде қойдың дене бітімін жіктеудің П. Н. Кулешовпен,
М. Ф. Иванов ұсынған жүйесі қолданылады. Бұл жүйе малдың дене
бітімін анатомиялық және гистологиялық көрсеткіштерге негіздеген.
Оның тегінде Ж. Кювье мен Ч. Дарвиннің мал денесінің ағзалар
арасында биологиялық қатынастардың болатынын заңдылық ретінде
басшылыққа алған ұғым жатыр. Әр түрлі өнім бағытындағы
қойлардың терісінің, етінің, сүйегінің, ас-қорыту жүйесінің, т. б.
ағзаларының өнім бағытына сәйкес өзгешеліктері болатыны және
олардың ара қатынасы да өзгеріп тұратыны негізге алынады.
П. Н. Кулешов осы ғылыми негіздерге сүйене отырып, малдың
дене бітімін төмендегі төрт түрге бөлген.
1. Сөлекет - малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, жуан ет
бұлшықтары толымды. Етіндегі май және дәнекер ұлпалары нашар
дамыған. Малдың жалпы түр-тұлғасы көзге өрескел көрінеді. Сөлекет
дене бітімді қойлардың жүн талшықтары жуандау болады. Мұндай
сөлекет бітімді мал, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына
төзімді, ауруға көп шалдықпайтын болады.
2. Нәзік - дене бітімдерінің көрінісі ашаң, сүйегі жіңішке, терісі
жұқа, жүн талшықтары өте жіңішке. Ас-қорыту жүйесі бір шама
жақсы дамыған, зат алмасуы ағзада жедел жүреді, тынышсыз, үркек
болады. Мұндай бітімді қойлар жақсы бағып-күтуді қалайды.
3. Тығыз - дене бітімді қойдың сүйегі мықты, бұлшық еттері
жақсы жетілген, терісі қалың, жүн талшықтары жуандау келеді. Қан
айналу, тыныс алу, ас қорыту жүйелері жақсы жетілген, жүйкесі
мықты. Мұндай қойлар табиғаттың өзгеруіне төзімді, ет өндіруге
қолайлы келеді.
4. Борпас (болбыр) - мұндай бітімді малдың денесі жалпақ, ас
қорыту ағзалары жақсы дамыған, зат алмасу ағымы баяу жүреді.
Жуас, баяу қимылдайды. Мұндай бітімді қойлар бордақылауға жақсы,
тез семіреді.
М. Ф. Иванов жоғарыда айтылған төрт дене бітіміне бесінші
түрді, яғни мықты деген дене бітімін қосты. Бұл ғылымда өндіріске
енді.
18
Мықты дене бітімі бар қойда нәзіктік немесе босаңдық белгілер
болмайды, сонымен қатар сөлекет те емес, қой жалпы келбетінің,
жарасымдылығымен көзге түседі. Терісі қалың емес, тығыз, жүні орта
жуандықта, денесінің барлық жерінде де бір қалыпты өскен, сүйегі
жақсы дамыған, бірақ ірі, аяқ, бас сүйектері орташа дамыған. Мұндай
қой көзге келбетті, қайратты болып көрінеді, қалыпты ортада
тұрақты мол өнім береді.

Түр-тұлғасы - пішіні (экстерьері)
Экстерьер туралы ғылымның қалыптасуына малдың дене бітімі,
сыртқы түрі (пішіні) мен өнімділік қасиетінің тығыз байланысты
болуы негіз болған. Сондықтан, қой тұқымын асылдандыру
жұмысында қойға сыртқы пішініне қарап, баға беруге үлкен мән
беріледі.
Қойдың сырт пішініне қарап, төмендегі:
- дене бітімін бағалау;
- тұқымдық ұқсастығын анықтау;
- өзіндік ерекшеліктері мен өнім бағытын анықтау;
- жасын анықтау;
- қоңын анықтау;
- денсаулығын тексеру сияқты селекциялық мәселелерді
шешеді.
Малдың пішініне дұрыс баға беру үшін, олардың дене
мүшелерінің сыртқы көрінісін, ішкі ағзалары мен, өмір-тіршілігін
және нақты өнімділік қасиеттерімен байланысын таразылаған жөн. Қойдың дене пішініне баға бергенде, төмендегі негізгі
денелердің сыртқы көрінісіне яғни бас, мойын, шоқтық, кеуде, арқа,
бел, бөксе, аяқ, желін, жыныс мүшелеріне үйлесімділігіне, келбеттің
келісімділігіне жеке-жеке мән беру қажет.

Қойдың дене мүшелері: 1 - тұмсығы; 2 - маңдайы; 3 - көзі; 4 - көз ойығы; 5 - құлағы; 6 - мүйізі; 7 - желкесі; 8 - мойыны; 9 - шоқтығы; 10 - жотасы; 11 - белі; 12 - құйымшағы; 13 - құйрығы; 14 - бұғанасы; 15 - қабырғасы; 16 - саны; 17 - құрсағы; 18 - алдыңғы аяқтары; 19 - артқы аяқтары; 20 - дорбасы; 21 - білек сүйегі; 22 - серіппелі буын; 23 - өкше сүйегі; 24 - табан сүйегі; 25 - тұяқтары

Қойдың дене бітімі ет өнімін тез анықтауға көмектеседі.
Денесінің дөңгеленіп келуі, арқасының жалпақтығы, белінің
ұзындығы, сандарының тығыздығы қойдың етті екендігін анықтайды.
Қойды бонитировкалағанда дене бітімінің толық сипатталып,
бағалануына пішінінің көрсеткіштері анық дәлелдеме ретінде
пайдаланылады. Сондықтан пішінді дұрыс бағалай білу қажет.
Дене пішіні көрсеткіштері қойды бонитировкалағанда
зоотехнияда қабылданған шартты белгілермен, кілттермен құжатқа
жазылады.
Қойдың дене пішініне баға бергенде төмендегі көрсетілген
негізгі ағзалармен, тіршілігімен және нақты өнімдік қасиеттерімен
байланысын жақсы білу керек. Бағалайтын дене мүшелері: бас, тіс,
мойын, жоңтық, арқа, кеуде, бел, бөксе, аяқ, сыртқы жыныс
органдары.
Бас - бастың пішініне, мөлшеріне, сүйектілігіне қарап, қойдың
жалпы сүйегінің жетілу дәрежесін, түр-тұлғасының, келбетінің
кемістілігін анықтауға болады. Қалыпты бастың ұзындығымен
көлденеңінің 8/3 қатынаста болуы тиіс. Бұл мықты дене бітімді
дәлелдейді. 8/4 қатынаста болуы сөлекет дене бітіміне дәлел, ал 8/2
қатынаста болса, бұл қойдың дене бітімінің нәзік екенін көрсетеді.
Қой тұқымының дөңес болып келуі дене бітімінің мықтылығын,
табиғатқа жақсы үйлесімді екенін көрсетеді. Қойдың шортан
тұмсықты болып келуі - үлкен кемістік болып есептеледі.

Мүйіз - қойдың жыныстық ерекшеліктерін сипаттайды. Еркек
қойлардың мүйізінің мықты болуы дене бітімінің жақсылығын
көрсетеді. Егер мүйізі нашар дамыған болса, ол малдың әлсіз, нәзіктік
қасиетін білдіреді. Ал аналық қойлардың тоқал болғаны жағымды
көрініс.
Басында жүн өсуі де біраз сипаттама береді. Егер денесінің жүні
ақ, ал бас жүні қара, қоңыр болып келсе, бұл малдың тегінде ағылшын
биязылау жүнді қой тұқымының қаны барлығын көрсетеді. Биязы
жүнді қой тұқымдарында бас жүні өсіп, көзіне дейін түсіп кетеді. Бұл
оның тұқымдық қасиеті. Ол қасиет жағымсыз, өйткені жайылымда
мал айналасын көрмей қиналады, өміріне кесірі тиеді.
Құлақ та дұрыс бағалануы тиіс. Тұқымына байланысты әр түрлі
болады. Пішіні, ұзындығы, жүндестігі.
Тіс - қой тісіне ерекше мән беріп, бағалау керек. Себебі, қой
малы - жайылым малы. Тіс өте қажет. Қойда 32 тіс болады, оның 24
азу тістер, 8 күрек тіс астыңғы жағында ғана болады. Сол тістерге
қарап қойдың жасын айыруға және оның жайылымға жарамдығын
бағалайды.
Мойын - желке сүйегінен иықтың алдына дейін немесе
құлақтың түбінен жауырын қырына дейінгі дене мүшесі. Мойынға
баға бергенде оның ұзындығын, жуандығын және жалпақтығын
анықтайды. Мойын ұзындығы малдың тұқымына сәйкес болуы тиіс.
Бұлардың ара қатынасы орта есеппен дененің жал ұзындығының
27-30 болуы керек.
.

Шоқтық жауырынның үстіндегі ең биік омыртқалар орналасқан дененің бөлігі. Етті қойларда арқамен бірдей тұтасып жалпақ көрінеді. Жүндес қойларда шоқтығы жіңішке, биік болады. Шоқтықты қолмен ұстап бағалау керек, себебі қалың жүн кемістігін көрсете бермейді.
Арқа. Арқаның сүйек негізі - омыртқалар, кеуденің үсті. Бұл арқа омыртқаларына кеуде бекітілгендіктен, ол мықты болуы тиіс. Арқа тегіс, жалпақ, ұзын болғаны жақсы. Арқаның жіңішке болуы, қайқы немесе бүкір болуы, әрине, кемістік - мал бітімінің әлсіздігін көрсетеді.
Кеуде - шоқтық омыртқалар мен қабырғалар мен төменде төс сүйегімен қоршалған дененің кескін бөлігі. Оның ішінде жүрек, өкпе 21 т. б. басты органдар орналасқан. Сондықтан кеуде кең, дөңгеленген болғаны жақсы. Кеудесі тар, таяз, қысыңқы болса - бұл кемістік дене бітіміне, денсаулығына сөзсіз әсер етеді. Бел - бұл бел омыртқалардың тұсы. Қойдың белі түзу, ұзын және жалпақ болғаны дұрыс. Белдің жіңішкелігі, қысқалығы малдың дене бітімінің нашарлығын, денсаулығының төмендігін көрсетеді.
Бөксе - жамбас, ортан (тоқпан) жілік, құйымшақ сүйектерінің өзара байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды-артынан тұтас кең болғаны дұрыс. Бөксенің зоотехния тұрғысынан екі жақты маңызы бар. Біріншіден, бөксенің көлеміне қарап ұрғашы қойдың жыныс ағзаларының құрылымын, даму дәрежесін бағалауға болады, екіншіден, қой малының еттілігі, еттілік-малының қасиеттері бөксенің дамуына байланысты. Мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны дұрыс. Бөксесі қысқа, қушиған болса - ол кемістік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz