Тарихи сана негізіндегі мәдени сабақтастық пен ұлттық-азаматтық бірегейлік


Slide 1

Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік

Slide 2

Тарихи сана ұлт мәдениетінің бастауында тұратын (ұлттың дүниетанымымен бірге пайда болатын) құндылық. Тарихи сана болмаса ұлттың тарихы, мәдениеті қалыптаспайды. Кез келген ұлттың тарихы мен мәдениетіндегі аға ұрпақтың болашақ туралы ой кешу үрдісі, жекелеген адамдардың (тұлға, зиялы адам) ұлттық мүддеге қызмет етудегі дәстүрі ұлттық сананың негізінде жүзеге асады. Ұлттық сана негізінде тарихи сана жатыр.

Slide 3

Қазақ мәдениетіндегі ұлттық құндылықтарға, әсіресе ұлттық құндылықтар туралы түсініктің қалыптасу негіздеріне қарап, тарихи сана құбылысының ұлттық болмыстың және оның өрісіндегі ұлттық бірегейлікті негіздейтін қасиеттердің қалыптасуына ықпал етіп отырғандығын көреміз. Әрине әр аймақ (әрбір ел) тарихты өз деңгейінде түсінген

Slide 4

Ұзақ ғасырлар бойы түрлі тарихи уақытты басынан өткізген және тарихи кезеңдерде ұлттық болмысы мен дербес мәдениетінің іргесін бекіте білген, ұлттың болашағына қызмет ететін құндылықтар бағдарын қалыптастыра алған ел үшін тарих адамның тұлғалық құндылықтары мен рухани қасиеттерінен туатын дүние.

Slide 5

Тарихи сананы қалыптастыруда қазақ алдыменен дүниетанымдық ұғымдарға, өмір мәндік түсінікке негізделген өнер дүниелерін дүниеге әкелген. Сондықтанда қазақ мәдениетіндегі халықтың ұлттық рухын көтеруге бағытталған идея, ұлттық идеологияның желісін ұлттың рухани дүниелері құрайды. Яғни елдің болашағы ұрпақ болмысының тереңдігіне тәуелді келетіндігін бабаларымыз ерте түсінген:

Slide 6

Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады

Slide 7

Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі, интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде көрініп отырған. Рухани деңгейі бар қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын зиялылардың азаматтық, тұлғалық бірегейлігі сақталмақ

Slide 8

Керісінше жемқорлыққа, парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.

Slide 9

Ұлттық бірегейлік пен тарихтағы, қоғамдағы тұлғалық бірегейлік ел мен жеке адам болмысына ұлттық сана арқылы келеді. Қоғамда ұлттық сана арқылы сақталады (орнығады) . Ұлттық сана қашан да ел өмірінде тарихи сана (тарих білімі) негізінде қалыптасып, нығайып отырған. Тарихи сана адамның өз тарихын толық білуінен, дәстүрді иеленуден, мәдениетінің құндылықтарын игеруден және білімді болудан, адамгершіліктен шығады, ұлттық сана осы принцип арқылы адам бойында қалыптасады.

Slide 10

Қазақтың ұлттық тарихының тағылымын баяндайтын дүниелер өскелең ұрпақтың (жастардың) өзіндік санасын тәрбиелеудің тәсілі, осыдан шыққан дүние, сананы тарих өрісіне, ұлттық мүдде деңгейіне көтерудің тетігі, негізгі тәсілі және дұрыс жолы. Яғни, қазақтың ұлттық руханияты әрдайым ұлттық бірегейліктің ұйытқысы болып отырған

Slide 11

Ахмет Байтұрсынов жазып кеткендей, «рухты ертек жырлар, батыр әңгімелері халықтың рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергендей, ертек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді. Бұл бір. Екіншісі, батырлар әңгімесінің құны тілге пайда беру жағынан зор.

Slide 12

Батырлар әңгімесі өлеңмен айтыл­ған. Өлеңмен айтылған әңгіменің сөзі көпке төзеді, тез өзгере қоймайды. Солай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сөздері сақталып келген. Біз сияқты тілі жетіліп болмаған халыққа аталарымыздың сөздері сақтаған әңгімелер құнды болмақ. Сондай құнды әңгімелердің бірі батырлар әңгімесі болмақ».

Slide 13

Заман ағымындағы адамзат мәде­ниетінің өзгеруіне орай, адам да өзгереді, тіпті қоғамда әр түрлі адамдар, топтар, секталар пайда болуы мүмкін. Мемлекетті әлсіретудің амалы қоғамдағы ұлттық бірегейлікті ыдыратумен тең. Бірегейлікті (ұлттық, жалпы ұлттық, азаматтық болсын) ыдырататын нәрсе ата дінін, алған білімін дәстүрге, қоғамға, тарихқа, мемлекетке қарсы қоюдан шығады, ол жастардың ұлттық болмысына, діліне қарсы тәрбиеленуі, білім алуы, өзге біреудің ықпалымен ізденуі.

Slide 14

Қазақ руханиятында зерделенген, алаш тұлғаларының ұстанымына, өмір мәндік түсінігіне айналған елдік, ар-намыс, қайырымдылық, жауапкершілік, кішіпейілді болу, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер, ұрпаққа үйретіліп отырған адал еңбек түсінігі ұлттық бірегейліктің Ұлттық бірегейлікке, азаматтық бірегейліктің белгісі елдік пен ауыз біршілікке, ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылған қазақ даналығында мынадай мағыналы сөз бар

Slide 15

Ол «ел болам десең бесігіңді түзе» деген өсиет. Осы аталы сөздің түпкілікті мағынасына мән берсек, бұл өсиеттің мағынасы қоғам мен адам өмірінің барлық саласына жарайды. Яғни, баланы қоғамына, мемлекетіне, ел мүддесіне бағыттау алдыменен отбасыға жүктеледі. Ұлттық бірегейліктің түп-тамыры отбасындағы ұлттық дәстүрде жатыр. Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің құндылығы оның тарихи қызметінде, дәстүрдің тарихи қызметі әрбір отбасының шаңырағының аясында ұрпақты тәрбиелеп шығарған тұтас ұғымда, ел мүддесіне негізделген ортақ ұстаным мен ортақ мақсатта.

Slide 16

Қазақ қоғамында дәстүр біріктіруші, жалғастырушы, бірегейлікті сақтап, қорғап отыратын дүние. Ол отбасындағы бірліктен бастап, ұлттық бірегейлікті негіздеуден құралған. Отбасындағы тәрбие дәстүрге бағынса, ұлттық дәстүр реттеуші, сақтап отыру, қалыптастыру, жалғастыру қызметіне ие. Қазақтың ұлттық дәстүрінің бойында барлық қоғамдық сана формаларын жеке адам мен ұлт болмысының бойында біріктіру күші бар

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық құндылықтар негізіндегі азаматтық және патриоттық тәрбие
Экономика және экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық
Этнос және ұлт әлеуметтануы: ұлттық бірегейлік пен мәдениеттің теориялық негіздері
Дін, мәдениет және қоғам: құндылықтар, дәстүрлер және ұлттық бірегейлік
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік пен білімнің стратегиялық рөлі
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: Қазақстанның мәдени коды мен бәсекелік әлеуеті
Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық: даму заңдылықтары мен мәдени сабақтастық
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу
Мемлекет пен құқық негіздері: құқықтық сана, азаматтық тәрбие және конституциялық нормалар
Сана мен бейсаналық: философиялық тұжырымдар, психоанализ және Қазақстандағы ұлттық өзіндік сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz