Желтоқсан оқиғасы. 1986 ж


Slide 1

Желтоқсан Оқиғасы

1986 ж

Slide 2

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Slide 3

Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде. Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз! Желтоқсан оқиғасы ерді де, қызды да аямады. Алаңға тек ер жігіттер ғана емес, қайсар мінезді, батыл нәзікжандылардың қатысқаны баршамызға мәлім. Олар қиын кезде бұлыңғыр саясаттың соңында кетпеді.

Slide 4

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1970 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылында дүинеге келген. Ол 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш кластарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 1986 жылғы желтоксан толқыны Өскемен қаласында жастардың қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемендегі толқу 22 желтоқсан күні сағат 19:00-21:00 аралығында болған. Сабира Мұхамеджанова Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Сөйтіп орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған «мен» деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.

Slide 5

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы - 21 мамыр 1988, Семей қаласы) - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы 1984 - 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы - М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков - ең жоғары жаза - өлім жазасы - атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

Slide 6

Ербол Сыпатаев. Ербол Сыпатаев - Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы айтылған. Ол туралы деректер өте аз.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Діни экстремизм: психологиялық аспектілер
Желтоқсан көтерілісі туралы
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Желтоқсан оқиғасының сипаты
ЖӨНІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН
"Желтоқсан оқиғасы"
Көтеріліс хронологиясы
Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz