БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер




Презентация қосу
Манту сынамасы,БЦЖ, Диаскинтест

Қабылдаған:Асканбай Ердикасим
Абдимомынулы
Дайындаған: Мүтанова Нұрайна
Тобы:513 А
Манту сынамасы – екпе емес, бұл диагностикалық
туберкулиндік (проба)сынама, ол туберкулезге қарсы
иммунитеттің немесе осы инфекцияның бар — жоғын
анықтайды. Ол білектің ішкі бетіне тері ішіне енгізіледі.
Құрамында 2 ТБ (туберкулиндік бірлік) болады. Манту
сынамасының енгізілу орнында туберкулинге жергілікті
қабыну реакциясы болып табылатын папула түзіледі.
Осы папуланың диаметрін сынамадан кейін 72 сағат өткен
соң, миллиметрмен бөлінген мөлдір сызғышпен өлшейді.
Манту сынамасын орындау техникасы:
Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері
қолданылады. Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл
жоғары орта тұсының 1/3 бөлігіне жасалады.Сынаманы дұрыс
жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула
пайда болады.
Манту сынамасына көрсеткіштер:
• Туберкулезді ерте, дер кезінде анықтау үшін және
туберкулезбен ауру қауіпі жоғары балалар мен
жасөспірімдер арасында туберкулезді ерте табу үшін;
• БЦЖ-мен ревакцинация жасауға жататын адамдар тобын
іріктеу үшін;
• Тұрғындар арасында ТМБ жұққанын анықтау үшін;
Балалар 12 айға толғаннан бастап бұрынғы қойылған
сынамалардың нәтижелеріне қарамастан 2 ТБ мен Манту
сынамасы әр жыл сайын жасалады.
Манту сынамасына қарсы көрсеткіштер:

• Жедел және созылмалы жұқпалық аурулардың өршу
кезеңі, жазылу кезеңімен қоса есептегенде (барлық
клиникалық белгілер жойылғаннан соң кем дегенде 2 ай)
• Тері аурулары
• Аллергиялық жағдай (Жедел, жеделдеу фазасындағы,
ревматизм, демікпе, терідегі айқын көріністері бар
идиосинкразия);
• Эпилепсия
• Балалардың жұқпалы ауруының шығуына байланысты
карантин жарияланған балалар ұжымында сынама
жүргізуге болмайды
Манту сынамасын бағалау
• Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды.
Инфильтратты (папуланы) мөлдір сызғышпен білектің өсіне
(ұзындығын) көлденең бағытта өлшейді.
•Организмнің сынамаға реакциясын мынадай межелер арқылы
бағалайды:
1.Теріс- инфильтрат және қызару жоқ болғанда;
2.Күмәнді - инфильтраттың көлемі 2-4 мм немесе тек кез келген
көлемдегі қызару (гиперемия)
3.Оң- инфильтраттың диаметрі ең кем дегенде 5 мм-ден бастап,
одан ары қарай;
4.Айқын- инфильтраттың диаметрі балалар мен жасөспірімдерде
17 мм және одан да жоғары және ересектерде 21мм және одан да
жоғары, сондай-ақ инфильтраттың көлеміне қарамастан везикула
мен лимфангиттің, аймақтық лимфадениттің пайда болуы
• Туберкулездің алдын алу БЦЖ вакцинация және
ревакцинация жасау болып табылады.
БЦЖ – туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде
иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің
шекарасына тері ішіне енгізіледі.
• БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы
4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және
жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі.
• Егер балаларға перезентханада қандайда бір қарсы
көрсеткішке байланысты БЦЖ жасалмаса, Манту
сынамасынсыз 2 айға дейін жасалады, егер бала жасы 2
айдан асқан болса, Манту сынамасының нәтижесі теріс
болса ғана БЦЖ жасау керек.
БЦЖ вакцинасын орындау тәсілі
шприц көмегімен ерітілген БЦЖ вакцинасын
араластырады
1 грамдық шприцке 0,2 мл вакцина алып,шприцте 0,1 мл
вакцина қалдырады. БЦЖ вакцинасын сол жақ иықтың
сыртқы тұсына, жоғарғы және орта бөліктің шекарасына
енгізеді. вакцина ерітіндісін тек тері ішіне жібереді.
Ертіндіні жіберу техникасы бұзылмаса, вакцина жіберген
жерде диаметрі 5-6 мм ақшыл түсті папула (латынша
papula – дөңестік) пайда болады. Вакцина жіберген соң
пайда болған папула 15-20 минуттан кейін жоғалып
кетеді. БЦЖ вакцинасын тері ішіне жіберген жерде
диаметрі 5-10 мм инфильтрат түрінде спецификалық
реакция дамиды, содан соң ортасында азғантай тыртық
пайда болады
БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
• Дені сау, жаңа туған, салмағы 2000г жоғары
нәрестелерге БЦЖ вакцинациясын алдын ала
туберкулин сынамасын қоймай-ақ 1-4- ші күндері
жасайды.
• Шала туған нәрестелерге перзентханаларда шала
туған нәрестелерді күту бөлімшесінің емдеу
стационарындағы (күтудің 2 кезеңі) – 2300 г және
одан жоғары нәрестелерге стационардан үйіне
шығарылар алдында жасалады.
•Жасы 2 айға толған және одан үлкен балаларға әуелі
2 ТБ мен ППД-Л Манту сынамасын жасайды.
БЦЖ вакцинациясына кері көрсеткіштер
• Отбасында басқа балаларда анықталған БЦЖ-ның
жайылған инфекциясы
• Шала туған балалардың салмағы 2000 г кем болған
жағдайлар
• Іріңді – септикалық аурулар
• Іштегі нәрестеге инфекцияның жұғуы,сепсис
• Нәрестелердің гемолитикалық аурулары (орташа
ауыр, ауыр түрлер), жедел аурулар, неврологиялық
белгілері бар, босану кезінде алынған жарақаттар
кезінде жасалмайды.
•ОЖЖ зақымдалуы бар жатырішілік инфекция
БЦЖ вакцинациясының асқынулары
Асқынулар алғашқы 6 айда байқалады
Халықаралық туберкулезге қарсы қоғам мен ДДҰ
бойынша вакцинадан асқынудың 4 тобы бар:
1.Жергілікті терілік өзгеріс (теріастылық инфильтрат,
салқын абсцесс, жаралар), аймақтық лимфадениттер;
2.Персистирлеуші және диссеминирленген БЦЖ-
инфекциясы (оститтер, волчанка)
3.Диссеминирленген БЦЖ-инфекциясы, туа пайда болған
иммунитет тапшылығы кезіндегі жайылған бұзылыстар;
4.БЦЖ-дан кейінгі синдром (аурулардың аллергиялық
сипатта көрінуі: түйінді эритема, сақиналы
гранулема,розеолззді бөрітпелер)
Ревакцинация
БЦЖ ревакцинациясы немесе туберкулезге қарсы
қайта егу, белгілі мерзімде, 2ТБ мен ППД-Л
Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткенде
жүргізіледі.
•1- ревакцинация 6-7 жаста (1-сыныпта)
• 2-ревакцинация 11-12 жаста (5-сыныпта)
• 3-ревакцинация 16-17 жаста (10-сыныпта)
жасалады Манту сынамасы мен БЦЖ
ревакцинация арасындағы уақыт 3 күннен аз
емес немесе 2 аптадан көп емес болуы керек.
Ревакцинацияға кері көрсеткіштер
• ТМБ–ның жұққандығы немесе бұрын туберкулезбен
ауырған адамдар;
• 2 ТБ мен ППД-Л Манту сынамасына оң немесе күмәнді
реакция;
• БЦЖ-ның бұрынғы егілуінде пайда болған асқынулар
(келоидты тыртықтар, лимфадениттер, басқа асқынулар);
• Жедел аурулар (жұқпалы, жұқпалы емес), сауығу
кезеңін қоса есептегенде;
• Созылмалы аурулар, өршу кезеңі және декомпенцация;
•Аллергиялық аурулардың өршу кезеңі;
• Қанның қатерлі аурулары, қатерлі ісік;
• АИВ инфекциясы
• Жүктілік (барлық мерзімі);
Диаскинтест
• Диаскинтест(сынама) – организмдегі туберкулез
микробактериясын танып, туберкулез диагностикасында
пайдаланылатын жаңа препарат.
• Препараттың құрамында тек қана M.tuberculosis және M.bovis
түрлеріне тән біріккен рекомбинатты ESAT-6 және CFP-10
антигендері бар. Бұл антигендер ТМБ-ның вирулентті
штамдарында болады, сонымен қатар M.tuberculosis және
M.bovis-та да болады. Бірақ туберкулез вакцинасы болып
табылатын БЦЖ және БЦЖ-М құрамында болмайды. Сол
себепті, Диаскинтест тек қана ТМБ-ға иммундық реакция
беріп, БЦЖ екпесіне ешқандай реакция бермейді.
Диаскинтест кез келген қолдың білек аймағы жасалынады.
Диаскинтестті жасалу
кезеңі
• Туберкулез диагностикасы кезінде және
туберкулездың белсенділігін анықтау
мақсатында
• Туберкулездік аурудың туберкулездік
емес аурумен дифдиагностикасында
• Вакцинадан кейінгі аллергия мен
инфекциялық аллергияны ажырату үшін
• Манту сынамасына геперергиялық
реакцияның болуы
Диаскинтест Денсаулық Сақтау Министрлігінің нұсқауы
бойынша 8 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде
проба қою керек;
Егер үлкендер және жасөспірім болса:
1)Егер проба теріс болса 2 айдан кейін қоюға болады.
2)Егер бала немесе улкен адам туберкулез вакцинасын қабылдаса 1
айдан кейін қоюға болады.
3)Егер жұқпалы аурумен ауырса 1 айдан кейін қоюға болады.
Туберкулезге қарсы диспансерде фтизиятырдың есебінде
тұрса,тексеру пробасын 3-6 айда бір рет жасалынады.

Оң мәнді нәтиже
•Әлсіз білінген реакция (5мм дейінгі инфильтрат түзілуі)
•Жеткілікті айқын білінген реакция (5-9 мм инфильтраттың түзілуі)
•Гиперергиялық реакция (15мм үлкен инфильтрат түзілуі)
•Айқын реакция (10-14 мм инфильтраттың көрінуі)
Қарсы көрсеткіштері
• Жедел және созылмалы инфекциялық аурулар
• Жайылған терілік аурулар
• Өршу сатысы кезіндегі басқа қосымша аурулар
• Аллергиялық жағдай
• Эпилепсия
• Асқынуы мен жанама әсері:
• Өте сирек кездесетін жанама әсері:
• Жоғары температура;
• Әлсіздік;
• Бас айналу;
• Егер диаскинтест оң болса,изониазидпен ем
қабылдау керек.Емді 3 айдан асырмау қажет

Ұқсас жұмыстар
Ревакцинация БЦЖ
Манту сынамасы
БЦЖ вакцинасы
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Егу күнтізбесі
Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар
Диспансерлік топтар
Ревматоидты артрит
Түскен кезіндегі шағымдары
Интоксикацияның айқын белгілері
Пәндер