ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ ӘРЕКЕТ ЕТУІ БОЙЫНША ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ




Презентация қосу
ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ
ӘРЕКЕТ ЕТУІ БОЙЫНША
ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ
ЖОСПАР

1. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
2. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ
3. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ АҚША АУДАРЫМДАРЫ
4. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ РӘСІМДЕРДІ,
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖӘНЕ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ
ОПЕРАТОРЫ БЕЛГІЛЕГЕН ҚАҒИДАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ ЖОЛЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ.
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫМЕН ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТ ЖАСАСҚАН
БАНК НЕМЕСЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМ,
СОНДАЙ-АҚ ОСЫ ЗАҢДА КӨЗДЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА
ТӨЛЕМ ҰЙЫМЫ.
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫНДА ҚАМТЫЛАТЫН
ШАРАЛАР:

• 1) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ РӘСІМДЕРІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕ АҚША АУДАРЫМДАРЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ТӨЛЕМ ХАБАРЛАРЫНЫҢ ФОРМАТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ, ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС
КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ;
• 2) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ ҰСЫНАТЫН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТЫ;
• 3) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ;
• 4) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ОНЫҢ ОПЕРАТОРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТӘРТІБІ;
• 5) ТӨЛЕМ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМЫ БОЙЫНША НҰСҚАУДЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ РӘСІМДЕРІ;
• 6) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІН РЕТТЕУ ТӘРТІБІ;
• 7) АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ТӘРТІБІ;
• 8) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ШАРАЛАР;
• 9) АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУДЫ (ЖЫЛЫСТАТУДЫ)
ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ БОЛҒЫЗБАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
РӘСІМДІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР.
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ:

• 1) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕСІ;
• 2) МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ;
• 3) ӨЗГЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖИЫНТЫҒЫНДА МЫНАДАЙ ӨЛШЕМШАРТТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛГЕН
КЕЗДЕ ОНЫ ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАТҚЫЗАДЫ:

• 1) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ВАЛЮТА НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АҚШАЛАЙ
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША
АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ;
• 2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУІ
МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША
АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ОЛ
МЫНАДАЙ ӨЛШЕМШАРТТАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕНІНЕ СӘЙКЕС КЕЛГЕН КЕЗДЕ
МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАТҚЫЗАДЫ:

• 1) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕН
КЕМ ЕМЕС КӨЛЕМДЕ ЖЫЛ БОЙЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАДА ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
• 2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕН
КЕМ ЕМЕС КӨЛЕМДЕ ЖЫЛ БОЙЫ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНДА ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
• 3) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕН КЕМ ЕМЕС КӨЛЕМДЕ ЖЫЛ БОЙЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
• 4) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ АҚША АУДАРЫМДАРЫ ЖҮЙЕЛЕРІ ҮШІН БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕН КЕМ
ЕМЕС КӨЛЕМДЕ ЖЫЛ БОЙЫ ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
• 5) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕН КЕМ ЕМЕС КӨЛЕМДЕ ЖЫЛ БОЙЫ ТӨЛЕМ
КАРТОЧКАЛАРЫМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР БОЙЫНША БАНКАРАЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;
• 6) КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА АЙНАЛЫСТА БОЛҒАН ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНАН ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ШЕҢБЕРІНДЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ САНЫНЫҢ ҮЛЕСІ, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕ ШЫҒАРЫЛҒАН
ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ ПАЙДАЛАНЫЛА ОТЫРЫП, КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛ ІШІНДЕ ОСЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
БЕЛГІЛЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕРДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕСІН ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР, МАҢЫЗДЫ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ МЫНАДАЙ ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ:

• 1) КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН
ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІН
ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ДЕРБЕС;
• 2) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕНГЕН
МАҢЫЗДЫЛЫҚ ӨЛШЕМШАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН
РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ҚОСА БЕРІЛЕ ОТЫРЫП,
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ЖАЗБАША
ӨТІНІШІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАТҚЫЗАДЫ.
КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІН БЕРУШІЛЕР:

• 1) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ;
• 2) БАНКТЕР;
• 3) БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР;
• 4) ПОШТАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ПОШТА ОПЕРАТОРЫ;
• 5) ТӨЛЕМ ҰЙЫМДАРЫ;
• 6) ТӨЛЕМ АГЕНТТЕРІ;
• 7) ҚОСАЛҚЫ ТӨЛЕМ АГЕНТТЕРІ
КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ:

• 1) БАНКТІК ШОТТЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН
ҚАБЫЛДАУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 2) БАНКТІК ШОТТАРҒА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКТІК ШОТТАРЫНА ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
ҮШІН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 3) АҚША ЖӨНЕЛТУШІНІҢ БАНКТІК ШОТЫН АШПАЙ ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША
ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 4) БАНКТІК ШОТТЫ АШПАЙ АҚША АУДАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 5) ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТЕУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 6) ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН ШЫҒАРУ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 7) ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН ӨТКІЗУ (ТАРАТУ) БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН
ҚЫЗМЕТТЕР;
• 8) ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЖАСАЛАТЫН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР;
• 9) КЛИЕНТ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНДА БАСТАМА ЖАСАҒАН ТӨЛЕМДЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ
(НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЕ ОСЫ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША АҚША ҚАБЫЛДАУ ҮШІН БАНККЕ,
БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМҒА ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТ БЕРУ
БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ МАҚСАТЫНДА:

• 1) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУДЫ (ОВЕРСАЙТТЫ) ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙДЫ;
• 2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТИІМДІЛІГІ МЕН СЕНІМДІЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ;
• 3) МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ӨЛШЕМШАРТТАРЫНЫҢ
КӨРСЕТКІШТЕРІН БЕКІТЕДІ;
• 4) ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІН
АЙҚЫНДАЙДЫ.
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУДЫ (ОВЕРСАЙТТЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ:

• 1) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ;
• 2) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР, МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ
ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУДЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ МАҢЫЗДЫ КЛИЕНТТЕРДІҢ ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ;
• 3) БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
АҚША АУДАРЫМДАРЫН ТАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ;
• 4) ОПЕРАТОРЛАРДАН, ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДАН ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДАН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
АҚША АУДАРЫМДАРЫ, ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР
НЕМЕСЕ МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН, КӨРСЕТІЛГЕН ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫ МАҢЫЗДЫ КЛИЕНТТЕР
ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ КӨЛЕМДЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР АЛАДЫ;
• 5) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН ШАРТ БОЙЫНША ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН ҚЫЗМЕТТЕР
КӨРСЕТУГЕ УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ТӘРТІППЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТҰРҒЫСЫНАН ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ;
• 6) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ
ОРЫНДАУЫН БАЙҚАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ;
• 7) ЖҮЙЕЛІК МАҢЫЗЫ БАР, МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМДЕРІН ЖҮРГІЗЕДІ ЖӘНЕ ӨЗІНІҢ ИНТЕРНЕТ-
РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРАДЫ.
АҚША АУДАРЫМЫ

КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІН
БЕРУШІНІҢ ТӨЛЕМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА
НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ МАҚСАТТАРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЛИЕНТТІҢ АҚША БЕРУ
ТУРАЛЫ НҰСҚАУЫН ДӘЙЕКТІЛІКПЕН
ОРЫНДАУЫ.
ТӨЛЕМ

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ ЖӘНЕ
(НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫН
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП АҚШАЛАЙ
МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ.
ТӨЛЕМ АГЕНТІ

БАНКПЕН НЕМЕСЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ҰЙЫММЕН НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ҰЙЫМЫМЕН
КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНУ
ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ШАРТТЫ ЖАСАСҚАН
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА НЕМЕСЕ ДАРА КӘСІПКЕР.
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ
(ОВЕРСАЙТ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨЛЕМ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТИІМДІ, ҚАУІПСІЗ
ЖӘНЕ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТІ.
ТӨЛЕМДЕР АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘМІЛЕЛЕР
ШАРТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ
НЕГІЗІНДЕ ЖӘНЕ СОЛАРҒА СӘЙКЕС ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛАДЫ.
ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ НЕМЕСЕ ОЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛА ОТЫРЫП ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ, МІНДЕТТІ
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР, ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ТӨЛЕМДЕР ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕ БЕЛГІЛЕНЕДІ.
ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША
АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
• ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША БЕРУ;
• ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША БЕРУ;
• ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП
АҚША АУДАРУ;
• АҚШАЛАЙ МІНДЕТТЕМЕ НЕМЕСЕ АҚША ТӨЛЕУ
ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН ТӨЛЕМ
ҚҰЖАТЫН БЕРУ;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА
ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
МЫНАДАЙ ТҮРЛЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ:

• 1) ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫ;
• 2) ТӨЛЕМ ТАЛАБЫ;
• 3) ЧЕК;
• 4) ВЕКСЕЛЬ;
• 5) ИНКАССОЛЫҚ ӨКІМ;
• 6) ТӨЛЕМ ОРДЕРІ;
• 7) ТӨЛЕМ ХАБАРЛАМАСЫ;
• 8) ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ.
ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2016 ЖЫЛҒЫ 26 ШІЛДЕДЕГІ № 11-VІ ҚРЗ.

Ұқсас жұмыстар
Ақша және ақша айналымын реттеу,ақша несиелік саясатты реттеу
Дәрілік заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
Несие туралы
Халықаралық Валюталық жүйе және оның түрлері
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
Валюталық саясат
Әлемдік нарықта баға құрудың ерекшеліктері
Мемлекеттің ақша, несие саясаты
Ұлттық банк
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі
Пәндер