ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС
Презентация қосу
«Ішкі аурулар пропедевтикасы-1» кафедрасы
Презентация
Тақырып: Клиникаға қадам басу. Дәрігерлік деонтологияның негізі.
Орындаған: Әбдірахман Д.Ә.
Тобы: В-ЖМҚБ-03-20
Қабылдаған:
Шымкент, 2022 ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
1) Дәрігерлік деонтология қандай ұғым береді.
2) Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас.
3) Дәрігер мен медициналық қызметкер арасындағы
қарым-қатынас.
4) Ятрогения.
III.Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice –
адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология
(греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы
жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни
бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін
орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар
жиынтығы.
Медициналық қызметкердің моралінің
негізгі принциптері
- гумманизм;
- нақтылық;
- науқасқа назар аудару;
- науқастың сенімінен шыға білу;
- науқасқа қатысты барлық міндеттерін толық орындау.
- адамдардың психикалық денсаулығы үшін күресу;
- профилактикалық және санитарлы жұмыс жүргізу;
- дәрігерлік құпияны сақтау;
- науқастың нәсіліне, политикалық және діни сеніміне қарамай көмек
көрсету.
Клиника түсінігі
Клиника (грек. klіnіke – емдеу; klіne – төсек) – науқас адамдарды
емдеумен қатар педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары
бірге жүргізілетін емдік-профилактикалық мекеме. Алғашқы Клиника
1728 ж. Страсбург қ-нда (Франция) ашылған. Мұнда дәрігерлер
теориялық және Клиникалық дайындықтан өтетін болған. Клиника
белгілі бір бағытта жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институты
жанынан ашылады. Ғылыми-зерттеу институттары, жоғары
медициналық оқу орындары, дәрігерлер білімін жетілдіру
институттары көп жағдайда ірі қалалық (облысы, аймақтық, респ.)
ауруханаларда орналасады да, онда емдеу, педогогикалық және
ғылыми-зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі. Егер аурухана
педогогикалық дәріс беру орны мақсатында және ғылыми-зерттеу
жұмысын жүргізетін орын ретінде пайдаланылса, онда оған
“клиникалық аурухана” деген мәртебе беріледі.
Дәрігерлер даярлау мақсатына сәйкес клиникалар және
клиникалық ауруханалар науқас адамдарды сырқат түріне
қарай іріктеп, соған сәйкес емдеу жүргізеді. Клиникалық
кафедра (бөлім, лаборатория) басшылары ғылыми-
зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып, ұжымдағы
аспиранттар, клиникалық ординаторлар және ғылыми
қызметкерлердің қатысуымен бөлімдер мен
лабораториялардың емдеу-диагностикалық қызметінің
деңгейі мен сапасына жауап береді. Қазақстанда алғашқы
Клиника 1925 ж. Қызылорда қ-нда Өлкелік
санитариялық-бактериологиялық институт (қазіргі
Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы)
жанынан ашылды. Кейін республикада медициналық
жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары
мен емдеу мекемелері көбейе түсті, осыған орай клиника
саны да артты
Клиникадағы күн тәртібі:
7.00 Ұйқыдан тұру
7.00-7.30 Дене температурасын өлшеу
7.30-8.00 Жуыну ,тазалану
8.00-8.30 Дәрі –дәрмек тарату
8.30-9.30 Таңғы ас
9.30-12.00 Дәрігерлердің науқастарды аралауы
12.00-14.00 Дәрігерлік тағайындауларды орындау
14.00-14.30 Түскі ас
14.30-16.30 “Демалыс уақыты”
16.30-17.00 Дене температурасын өлшеу
17.00-17.30 Түстен кейінгі шай
17.30-19.00 Туыстарының келіп кетуі
19.00-19.30 Дәрі дәрмектерді тарату
19.30-20.00 Кешкі ас
20.00-21.30 Бос уақыт
21.30-22.00 Жуыну ,тазалану
22.00-7.00 Ұйқы
ДӘРІГЕРЛІК ДЕОНТОЛОГИЯ
Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында өзінше түсінік
қалыптаскан.
Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа
дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен
ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтік-
саяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және
адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері дәрігерлікпен
шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді.
Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті
адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір жиынтығы
калыптасқан.
Қазіргі кезде медициналық этиканың принциптері биомедициналық
этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке
тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі:
1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер
пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған
дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда
пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің
пациентпен контактісі болып табылады.
3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров).
Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын
және мәртебесін сыйлау».
Медициналық деонтология
бойынша тұлғаралық қарым- қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және
шешеді:
• медициналық қызметкер – емделуші,
• медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
• медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Қарым-қатынас негіздері
Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы, сонда!-ақ
қызметтік міндеттерден туындайтын іскерлік контакттарды ұстануы тиіс) Іскерлік
тәуелділіктің бірнеше түрі болады)
Іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі,бірдей құқық пен
міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады (екі мейірбике, екі дәрігер және с.с.)
Іскерлік бағыныштылық қатынас; Медицинада: субординация принципі өзара түсіністікке, өзара
құрметтеуге, өзара көмекке,өзара жәрдемге,психологиялық түсіністікке негізделген қызмет
бойынша төменнен жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы мейірбике дәрігер,кіші
медицина қызметкерлері мен дәрігерлер арасындағы атқарылатын жұмыстар мен олардағы
орнатылатын қатынас белгілі бір арнайы сенімге және тәртіпке қараай орнатылады.
ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС
Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-
қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды
тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің
жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс
тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі
орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор
ықпалын тигізеді.
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-
этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын
талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен,
олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды.
Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын
мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу
мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады.
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-
қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы
тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы
дәрігерге жедел хабар берілуі тис;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған
жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-
жайды талқылауы қажет.
«Медбике – емделушінің туысқандары (және
жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:
Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы
қажет;
Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс
орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы
жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс
күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
Ятрогения
Ятрогения – дәрігердің немесе мейірбикенің тікелей немесе
жанама әсерінен болған патологиялық жағдай немесе ауру.
Түрлері :
1. Ятрофармакогения: медикаментозды препараттардың
әсерінен болады;
2. Манипуляционды ятрогения: тексеру кезінде туындайтын
жағымсыз әсерден болады;
3. Комбинирленген ятрогения: бірнеше фактордың әсерінен
болады;
4. Мылқау ятрогения: медициналық қызметкердің әрекетсіз
болуынан.
Дегенмен, «ятрогения» термині, 1925 жылы немістің психиатры Бумке (О.
Bumke) «Дәрігер жан күйзелістерінің себебі ретінде» атты еңбегін
жариялағаннан кейін, кеңінен тарап кетті. Осы уақыттан бастап, ятрогения
концепциясын клиниканың түрлі саласындағы мамандар зерттей бастады.
Айта кетерлік бір жайт, шет елдерде ятрогенияға, деонтологиялық қателер
негізінде пайда болған патологияны ғана жатқызып қоймайды, сонымен қатар
дәрігердің кез-келген әрекетінен туындаған ауруларды да (дұрыс
жүргізілмеген манипуляцияның салдарынан болған кабынулар немесе
процедуралардан дәрілік ауруларға дейін), яғни медициналық көмектің кез-
келген жағымсыз салдарын жатқызады. Осы оқулықта бұл әрекеттерді біз
клиникалық қателіктер деп қарастырам
Ятрогендік аурулар дегеніміз не?
Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер + gennao шығару, құрастыру;
ятрогенияның синонимы) - медициналық қызметкерлердің деонтологиялық
қателіктерінің - қате, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын
психогендік бұзылыстар. Дәрігердің сөзі немесе ісінің әсерінен пайда
болатын пациенттің денсаулығының бұзылыстары дәрігерлерге ертеден
белгілі.
Клиникалық қате дегеніміз не?
Клиникалық қате «жоспарланған әрекетті орындамау немесе нәтижеге
жетудің қате жоспарын қолдану» деп анықталады (Kohn et al, 1999). Басқа
сөзбен айтқанда, кателер әрекетті жоспарлағанда немесе оны іске асырғанда
жіберіледі. Мысал ретінде Kohn және оның әріптестері дәрілермен емдеудің
жағымсыз нәтижелерін, қанды дұрыс құймау, қанға салатын инъекцияларды
дұрыс жасамау, хирургиялық жарақаттар немесе операцияны керек жеріне
емес, басқа жерге жасау, құлау, күю, пациенттерді шатастырып алу сияқты
жағдайларды келтіреді. Авторлардың пікірінше, зардабы ауыр қателердің
көбісі, караганды тера- пия мен операция жасайтын және жедел көмек
көрсету бөлімшелерінде жиі кездеседі.
Клиникалық қателердің қандай типтері
бар?
Медициналық тәжірибеде клиникалық қателердің келесі түрлерін жіктейді:
Диагностикалық: -қате немесе кеш қойылған диагноз: -лабораториялық
зерттеулердің нұсқауларын орындарау; -керек емес лабораториялық зерттеулер
жасау; -лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне сай іс - шаралар қолданбау;
Емдік: -процедураны орындау барысында жіберілген қателер; -емдеу барысындағы
қателер; -дәрінің дозасын анықтаудағы қателер; -емдеуді бастауды соза беру;
Превентивтік:-профилактикалық емдеудің болмауы; -немқұрайлы бақылау;
Басқа:-коммуникацияның болмауы; -құрал - жабдықтардың сынып қалуы; жүйенің
бұзылуы.
Дәрігерлік қателіктердің негізгі этикалық
мәселелері
• кінә мен жауапкершілікті анықтау;
• жәбірленуші мен оның туыстарына қатысты әс
қимылдар (дәрігер қателігі туралы ақпаратты ашу);
• жіберілген зиянды өтеуге қатысты мораль
аспектілері;
• дәрігерлік қателіктермен байланысты ұжымдағы
моральдық конфликттер орын алуы.
Алпысбай Жұлдыз
Дәрігерлік қателік туралы ақпаратты
ашу
Медициналық қателіктерді пациенттен жасыру зиян болып табылады, себебі:
1. Пациент пен қоғамның жалпы дәрігерлерге деген сенімі жойылады.
2. Науқасқа алдын алуға және болдырмауға болатын зиян келуі - науқас өз
ауруы туралы толық ақпараттандырылмағандықтан (басқа медициналық
мекемеге қаралар еді)
3. Әрі қарайғы емдеу үшін науқас толыққанды ақпараттандырылмағандықтан
келісім бере алмауы
4. Медициналық мекемеде моральға сәйкес келмаейтін жағдай қалыпатасады.
5. Пациент өзінің жағдайы туралы «басқа» медициналық мекемеден білген соң,
моральдық жарақат алып, өзін алданған сезінеді.
Әлемге әйгілі 5 дәрігерлік қателіктер
2. Асқазанға тамақ жіберетін 3. Құралдарды
1. Дәкені іште ұмытып
трубканы өкпеге енгізіп жіберді. дезифекциялайтын
кеткен. Сан-Франциско қаласының ерітіндіні иньекциялады.
2007 жылы үнді тұрғыны тұрғыны Юджин Ригс өңеш Вашингтон штаты, Сиэтл
Сабнам Правин кесар тілігі дивертикулдық ауруымен ауыратын. қаласының тұрғыны 69
операциясы арқылы ұл Осыған байланысты әскери жастағы Мэри
босанды. Бірнеше апта әйел ауруханаға емделуге түсті. Дұрыс МакКлинтонға сырқы
тамақтана алмайтынындықтан упаковкасына мән бермей
өзін жақсы сезініп жүрген,
дәрігерлер асқазанға арнайы трубка дәрілік ерітіндінің орнына
сосын іш аймағында жіберіп тамақтандыруды шешті. Вирджиния Мейсон деген
айырсынулар мазалады. Уақыт Нәтижесінде, тамақты асқазанға емес мейірбике медициналық
өте келе дәрігерге қаралып, өкпеге жіберген, бірақ дәрігерлер құралдарды
Чаттисгарх ғылыми қателіктерін уақытылы байқады. дезифекциялайтын
институтында операциялық Юджин Ригстің әйелі АҚШ сотына ерітіндіні енгізіп жіберген.
үстелге түсті екінші рет түсті. шағымданды, бірақ мемлекеттің
Науқас компенсация алды ма, заңы бойынша әскери дәрігерлер
сотқа шағымданды ма ол жағы мен ауруханаларға шағым жасауға
болмайды.
белгісіз.
Әлемге әйгілі 5 дәрігерлік қателіктер
4. Америка тұрғыны 52 жастағы 5. Америкалық пациент Джером
Вилли Кингтің сол аяғына Паркстың денсаулығы дәрігерлік
ампутация жасаудың орнына штат қателіктің нәтижесінде ауыр
Флорида, Тампа қаласыныңдағы жағдайға әкеліп соқты. Науқаста
хирургі оң аяғын ампутациялаған. тілдің ісігі бар еді, бірақ науқасқа
Кейін дәрігер оң аяғы да сау басқа ағзаны, яғни сау ми мен
еместігін дәлелдегісі келді, бірақ мойын бағанасын сәулелендірген.
нәтижесінде науқас сотқа Дәрігерлер компьютерлік жүйе
шағымданды да, емдеу мекемесінен қателескендіктен, мед. картасындағы
900 мың доллар, ал хирургтан 250 ақпаратты қайта қарамаған.
мың доллар өтемақы алды және 6 Нәтижесінде сәулемен емдеу 3 күн
айға лицензиясынан айырылды. жалғасқан, қорытындысы науқастың
есту мен көруі жүйесі бұзылған.
Қорытынды
Дәрігерлік этика мен деонтология түсінігі әрқилы. Ол
пациент пен дәрігер арасындағы кері байланыс. Сонымен
қатар науқас пен қоғамның, туыстарының арасындағы
контрапункт. Дәрігердің этикасы мен деонтологиясы
туралы сөз болғанда, ең қажетті қасиеттері «атақ және
адалдық» . Өзінің алдындағы, кәсібінің алдындағы және
науқастың алдындағы адалдығы – әрқашан өзін алдыға
итермелейтін, сенімді қылатын қасиет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Ішкі аурулар» – Калимурзина Б.С. Алматы 2010
Клиникалық фармакология және тиімді фармакотерапия негіздері:
Жет. тәжірибелік дәрігерлерге арналған / под общ. ред. Ю. Б.
Белоусова, М. В. Леоновой. М.: Бионика, 2002.- 368 б.
Клиникалық фармакокинетикасы. Дәріні мөлшерлеу практикасы:
арнайы. "рационалды фармакотерапия" сериясын шығару / Ю. Б.
Белоусов, К. Г. Гуревич . -М.: Литтерра, 2005
Коровина М.А., Захарова И.Н. Антимикробная терапия инфекций
мочевой системы у детей
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz