А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің 6-сыныптар арасында өткен Білім арбасы топтық байқауы: мақсаттары, өткізу тәртібі және бағалау критерийлері


Slide 1

А. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі

"Білім арбасы" топтық байқау

(кіріктірілген сабақ)

(сыныптан тыс іс-шара)

Қатысушы сыныптар 6 «А, Б, В»

Slide 2

Орындағандар:

Музыка пән мұғалімі:А. А. Даурбаева

көркем еңбек және графикалық жобалау пән мұғалімі: Р. Б. Жексенбекова

көркем еңбек пән мұғалімі: А. Қ. Төлемісов.

Slide 3

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі "Білім арбасы" топтық жұмыс байқауына қош келдіңіздер!

Әнұран орындалады.

Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ дегендей

Білім арбасы топтық жұмыс байқауының ережесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Slide 4

«Білім арбасы» топтық жұмысының өтілу ережесі.

Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық пәндері бойынша білім деңгейін шыңдау, шығармашылық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Slide 5

Байқау жеңімпаздарын анықтау бағыттары:

Топқа ат қоюды, төс белгісінің тақырыпқа сәйкестігі, эстетикалық талғамы.

Тест, сөзжұмбақ, логикалық ойлауға арналған бейне шығармашылық тапсырмалар, жұмысты орындау шеберліктері.

Slide 6

Байқауға қатысушылар 6 «А, Б, В» оқушыларынан құралған топ

Жетекшілері музыка пәнінен: Даурбаева Айман Ахметқызы,

Көркем еңбек және графикалық жобалау пәнінен :Жексенбекова Раушан Бегимкуловна,

Көркем еңбек пәнінен: Төлемісов Асхат Қарабайұлы.

Slide 7

Байқау II кезеңде өтіледі.

I кезең "Үй тапсырмасы"

Топқа ат қою, төс белгіні дайындау, қорғап шығу, топты таныстыру.

II кезең "Топтық жұмыс"

Тест, сөзжұмбақ, логикалық ойлауға арналған тапсырма.

Бейнебаян арқылы берілген шығармашылық тапсырма орындау.

Жол сілтеген биікке ұстаздарын,

Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.

Әділдікті әрқашан мақсат еткен,

Таныстырам әділқазы алқаларын.

Slide 8

Әділқазылар алқасы:

1. Мектеп директоры: Р. М. Ибраева

2. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:Э. А. Сералиева

3. Директордың оқу жөніндегі орынбасары: Э. М. Халықова

Slide 9

Болашақ шәкірттермен жалғасады, Жоқ, ешкімнің осыған таласары. Дарынды үміт еткен шәкірттерім, Арманың биік еткен аласаны.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Сайыскерлерді халайық,

Қол соғып, қарсы алайық.

Slide 10

Олай болса, бүгінгі байқауға қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

Топ басшылары I кезең бойынша үй тапсырмасы бойынша дайындаған төс белгілеріңізді әділқазылар алқасына өткізіп қорғап шығуларыңызды сұраймыз.

Бастарыңа қонсын деймін бақ құстары,

Күш қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр, қуаныш, нұр сыйласын,

Өмірдің тыншымайтын ағыстары дей отырып, сайыскерлерімізге әділқазылар алдынан жреби арқылы өз бағыттарын анықтауларын сұраймыз.

Slide 11

I кезең. Үй тапсырмасына 3 минут уақыт беріледі.

Әр топтың сайыскерлері өздері анықтаған бағыт бойынша тиісті пәннің тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Берілген тапсырмаларға тиісті бағаларын әділқазы береді.

Топ басшылары төс белгілерін әділқазы алқасына тапсырады.

Slide 12

II кезең бойынша

Сөзжұмбақ, тест шешуге (5 минут) ,

Логикалық ойлауға арналған бейнебаяннан шығармашылық тапсырма орындауға (5 минут) .

Сайыскерлер тапсырмаларды орындауға кіріседі.

Slide 13

Ал, Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тапсырмаларды орындағанша кезекті әнге берейік.

Ән: «Казахстан-это яркий мир» орындайтын: Сабекова Милана, ученица 3 «Е» класса

Ендігі кезекте жеңімпаздарды құттықтап, марапаттау үшін сөзді әілқазылар алқасына берейік.

Осымен бүгінгі «Білім арбасы» топтық байқауына белсене қатысқан оқушыларға көп рахмет айтамыз. Әрдайым жұлдыздарын жарқырай берсін!

Slide 14

Жас ұландар әні Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева

1. Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

2. Нық ұстайық байрағын!

Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

Қайырмасы:

Slide 15

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі іс-шарамызға келіп қатысқандарыңызға алғысымыз шексіз.

Сау саламатта болыңыздар!

Slide 16

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 2 А сыныбына арналған етістікті қайталау сабақ жоспары
А.Өтепбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6-сыныпқа арналған Туризм негіздері үйірмесінің портфолиосы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектептің 5-сыныптар арасындағы Кім жылдам? математикалық сайысы - 2013-2014 оқу жылы
Ұлт болашағы - білім: 2-4 сыныптар арасында танымдық сайыс
№1 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық топтарының әдістемелік бірлестігінің портфолиосы
Жалпы білім беретін орта мектепте педагогикалық үдерісті инновациялық ұйымдастыру
№119 Маятас жалпы орта білім беретін мектептің 4 А сыныбына арналған сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
№22 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні: II бөлім бойынша білімді қайталау сабағы
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ: Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептегі пәндік-интеллектуалды сайыс бағдарламасы
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі: мақсаты, форматы және өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz