Қазақ халқының байырғы қара сабыныды қазіргі заманауи брендке шығару



«Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі
Нұрсултан қаласы 2020
«Астана Профи» қалалық
шаруашылық колледжінің
оқытушысы: Г. М. Балмагамбетова
Тақырыбы: Қазақ халқының байырғы қара сабыныды қазіргі заманауи брендке шығару

Зерттеу мақсаты: Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .
Міндеттері:
1. Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.
2. Сабын алудағы химиялық реакцияларды зерттеу.
3. Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.
Зерттеу нысаны: сабын жасау үрдісі (шикізат, шикізат сапасы, өнім, өнім сапасы)
Ғылыми болжамы: Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырады.
Өзектілігі:
Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді пайдалану.
Зерттеу кезеңдері:
І. Ізденіс. Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет - журналдардан, ғаламтордан іздедік.
ІІ. Мәлімет жинау. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.
ІІІ. Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.
ІV. Талдау жасау. Сабынның пайдасын зерттеу.
Зерттеу тәсілдері:ақпарат жинап, танысу, жоспарлау.
Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

Қара сабынның керемет қасиеттері
Қара сабынның керемет қасиеті: 1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған. 2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған) 3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген. 4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан. 5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған) . /8/

Сабын жасау технологиясы және химиялық реакциялар.
Сабын -кристалл қатты заттар, 220 - 270°С-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RСООNа+HОH®R-СООH+ +NаОH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, СH3, С2H5, С3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын - карбон қышқылдарының тұздары [3] . Оларды глицеринмен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады . Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, КОН, сода, NаОН, сақар, конифоль, нафтен, т. б. ) қолданылады [4. ] . Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады.

қышқылдарыныңтұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, , сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады
Сақар - сексеуілдің күлінен дайындалады. . Сақар- калий карбонаты, поташ. Химиялықформуласы: K2CO3. Cақар - ақ түсті, ұнтақ зат, ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі. Суда жақсы ериді. Сақарды KOH ерітіндісіне CO2 -мен әсер ету арқылы қосымша өнім ретінде алады. Сұйықсабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде, фотографияда, т. б. қолданылады. Сабындану рекциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүреді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы түзіледі (сабын) [5] :
май + NaOH > глицерин + сабын
CH2-O-OC-C17H 35 CH2-OH
CH-O-OC-C17H 35 + NaOH > CH-OH + 3 C17H35COONa
CH2-O-OC-C17H 35 CH2-OHнатрий стеараты
май натрий глицерин (қатты сабын)
гидроксиді

Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz