Қоздырғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Slide 1

Презентация

Орындаған. Бекбота Д

Тобы. ЖМҚБ-08-21

Қабылдаған. Сатыбалдиева Н

Тақырыбы: Физиологияның негізгі түсініктері

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Физиология негізгі түсініктер

Негізгі бөлім

Қозғыш тіндер

(хронаксия, лабильділік, қозу, қозғыштық)

Қорытынды

Қолданылған әдебиттер

Slide 3

Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология - тірліктану ғылымы. Ол тіршілік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Физиология

Slide 4

Физиологияның негізгі бөлімдері

Slide 5

Саластырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады

Эволюциялық физиология - адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.

Slide 6

Жеке физиология - кейбір ұлпалардың (ет, жүйке, т. б. ), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек, т. с. с. ) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту, т. с. с. ) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Slide 7

Қолданбалы физиология

Әлеуметтік физиология Авиация физиологиясы Әскери физиология Ғарыштық физиология Жас физиологиясы Еңбек физиологиясы Спорт физиологиясы Тамақтану физиологиясы Суасты жүзу физиологиясы Психофизиология Экологиялық физиология Ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы болып бөлінеді.

Slide 8

Қозғыш тіндер

Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті - тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті. Қозғыш тіндерге организмнің жүйке, бұлшықет тіндері және сөл бөлетін бездер жатады. Егер оларға тітіркендіргішпен әсер етсе, оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады, яғни тіндер тыныштық қалпынан әрекеттік жағдайға көшіп, белсенділігі жоғарылайды. Тітіркендіргіштер деп қозғыш құрылымдарға әсер ететін сыртқы және ішкі ортаның факторлырын айтады. Олар екі топқа бөлінеді: табиғи (әртүрлі қабылдағыштар мен жүйке жасушаларында пайда болатын жүйкелік серпіндер) ; жасанды: физикалық (механикалық - соғу, түйреу; температуралық - ыстық, суық; электр тоғы - айнымалы немесе тұрақты), химиялық (қышқылдар, негіздер, эфирлер, т. б. ), физико-жимиялық (осмостық - натрий хлоридінің кристалдары) . Физиологиялық тәжірибеде электр тоғымен тітіркендіруді жиі пайдаланады. Себебі оның күшін, әсер ету ұзақтығын, жиілігін және өрістеу деңгейлерін өзгертуге болады. Электр тіркендіргіші тіндерде із қалдырмай, зақым келтірмей, қысқа уақытта әсер етеді. Клиникада диагностикалық және емдеу мақсатында электрлік аспаптар кеңінен колданылады (мысалы, жоғары жиілікті токпен тіндерді тереңдетіп қыздыру)

Slide 9 Slide 10

Қозғыштықтың өлшемдері

1. Қозу табалдырығы - қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.

2. Реобаза - қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт) .

3. Пайдалы уақыт - ең аз уақыт, яғни осы уақыт аралығындағы табалдырық күшінің тітіркендіргіш стимул әсерінің бір реобазасы.

4. Хронаксия - тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.

5. Аккомодация - қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі.

6. Лабилдік - тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.

- жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек;

- абсолюттік рефрактерлік кезеңі - 1-2 мсек.

- бұлшықет: - 250-330 имп/сек;

- абсолюттік рефрактерлік кезеңі - 4-5 мсек

- синапс: - 100-125 имп/сек;

- абсолюттік рефрактерлік кезеңі - 8-10 мсек.

Slide 11

Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Оның мөлшері хронаксиметр аспабымен өлшеніп, мс-пен (сигма) белгіленеді. Хронаксиметрді медициналық зерттеуде пайдаланып, әртүрлі тіндердің (жүйке жүйесі, бұлшықет, талдағыштар) қозу дәрежесін өлшеуге болады.

Лабилдік деп әсер етуші тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабилдігі сонша жоғары болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында - 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде - 100-125 Гц болады.

Аккомодация кезінде тіндердің қозу қабілеті төмендейді де, тітіркендіру табалдырығы жоғарылайды. Қазіргі көзқарастарға сәйкес, аккомодация құбылысы мембранадағы натрий каналдары инактивациясының жедел дамуымен байланысты деп саналады.

Slide 12

. Қоздырғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.


Ұқсас жұмыстар
Қозғыш тіндер
Қозғыштық кезеңдері
Синапстарда қозудың берілуі
Қозу үрдісі
Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау
Инфекциялық ауру
Бұлшық ет және жүйке физиологиясы
Жүйке талшықтарының физиологиясы
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Микроорганизмнің кедерлік құрылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz