Постреанимациялық ауру кезеңдері


Slide 1

Презентация

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

№1 Тақырып: Постреанимациялық ауру

Орындаған: студент Омар С. Б.

Тобы: ЖМҚА 01-20

Қабылдаған: м. ғ. к, доцент м. а. Бисимбаева С. Б.

2022ж

1 - кредит

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Реанимацияның патофизиологиялық негіздері.

Постреанимациялық ауру, түсінігі, кезеңдері, емдеудің ұстанымдары, жас ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланылган адебиеттер

Slide 3

Организмді тірілту (реанимация) - (лат. re - қайта, итал. - animatio жандандыру) - адамның немесе жануарлардың организмін арнайы шаралар қолданып клиникалық өлім жағдайынан шығару.

Кіріспе

Slide 4

Реанимацияның патофизиологиялық негіздері

Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организмнің тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір сатылар мен кезеңдер бар. Одан соң ғана клиникалық өлім кезеңі басталады. Бұл кезде тыныс алуға жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай:

1. жүрек-өкпелік,

2. жүрек, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді.

Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте басталса және қолдан тыныс алдырумен жүрекке массаж дұрыс жасалса нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептермен ( мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғада, т. б. ) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда организмді тірілту жиі қолданылады.

Slide 5

103

Slide 6

Постреанимациялық ауру түсінігі

Жалпы қанайналымы мен газдардың алмасуын қалпына келтіру адамды тірілтудің алғашқы және аса күрделі емес сатысы. Жүрек пен тыныс ағзаларының қызметі қалпына келгеннен кейін де организмнің барлық ағзалары мен жүйелерінде көптеген өзгерістердің тізбегі сақталады. Осыдан жаңа күрделі мәселе - «тірілтілген организмнің ауруын» емдеу мәселесі пайда болады.

Slide 7

Бұл аурудың негізінде ең алдымен тіндерде оттегінің тапшылығымен байланысты зат алмасуының бұзылыстары қышқыл өнімдердің жиналып қалуы, қышқылдық сілтілік үйлесімдіктің өзгерістері жатады. Қанайналымның қалпына келуінен гипоксиядан кейінгі оттегімен тез қамтамасыз етілуден реоксигенациядан оттегілік парадокс әсері жасушалардың мембраналарында майлардың асқын тотығуын тым арттырып жіберетіні белгілі болды. Майлардың асқын тотық радикалдары барлық биологиялық мембраналардың бүлінуін туындатады. Бұл кезде жасушалардың сыртқы мембраналары бүлініп қана қоймай, жасуша ішілік құрылымдардың да мембраналары бұзылады.

Slide 8

Митохондрия мембраналарының бұзылысы

Тіндерде тотығу тотықсыздану нашарлап, энергиялық тапшылық дамиды.

Лизосома мембраналарының бүлінісі

Протеолиздік ферменттердің белсенділігі көтеріліп, айналасындағы тіндердің ыдырауы күшейеді.

Ядроның мембранасы бүлінуі

Майлардың бос радикалдар жасушаның гендік құралдарын бұзып, нәруыздар түзілуін бұзады. Осыдан келіп барлық ағзалардың құрылымдары мен қызметтері бұзылады.

Slide 9

Жүрек тамыр жүйесінде жүректен шығатын қан мөлшері, айналымдағы қан көлемі азаяды, яғни гиповолемия дамиды, артериялық веналық қан қысымы төмендейді. Көптеген ағзаларда майда қанайналым микроциркуляция бұзылады. Мидың және өкпенің ісінуі байқалады. Бұл кезде эндокриндік бездердің, бауыр мен бүйректің, ас қорыту ағзаларының, өкпенің бұзылыстары байқалады.

Slide 10

Постреанимациялық ауру кезеңдері

5 кезеңнен тұрады:

I кезең (реанимациядан кейінгі кезең 6-8 сағат)

II кезең (реанимациядан кейінгі кезеңнің 10-12 сағат)

III кезең (кезеңнің 1-2 тәулігінің соңы)

IV кезең (кезеңнің 3-4 тәуліктері)

V кезең (реанимациядан кейінгі кезеңнің 5-7-ші тәуліктері және одан да көп)

Slide 11

I кезең (реанимациядан кейінгі кезең 6-8 сағат)

Циркуляциялық гипоксия және лактоацидоз құбылыстры байқалады;

Қан қысымының тұрақтануына қарамастан, тіндердің перфузиясы 4-5 есе төмендейді;

Фибриноген деградациясы өнімдерінің және фибрин-мономерлердің еритін кешендерінің құрамы артады.

Slide 12

II кезең (реанимациядан кейінгі кезеңнің 10-12 сағат)

Тіндердің перфузиясының айқын бұзылуы;

Лактоацидоз;

Гиперкоагуляция белгілері байқалады -плазмалық фибринолитикалық белсенділік бәсеңдейді;

Slide 13

III кезең (кезеңнің 1-2 тәулігінің соңы)

Гипоксемия, тахипноэ, тахикардия, артериальды гипертензия ;

Аралас гипоксияның пайда болуымен газ алмасудың бұзылуын тереңдетілуі;

Жас және орта жастағы адамдарда -жедел өкпе зақымдануы синдромының немесе дистресс синдромының белгілері;

Slide 14

IV кезең (кезеңнің 3-4 тәуліктері)

Организм функцияларының тұрақтануы және одан әрі жақсару кезеңі;

Немесе керісінше жүйелі қабыну реакциясы синдромының өршуіне байланысты полиоргандық жеткіліксіздіктің артуымен науқастар жағдайының одан әрі нашарлау кезеңі;

Slide 15

V кезең (реанимациядан кейінгі кезеңнің 5-7-ші тәуліктері және одан да көп)

Бұл постреанимационды аурудың қолайсыз ағымы кезінде ғана дамиды;

Инфекцияның генерализациясы -антибиотикалық терапияның ерте жүргізілуіне қарамастан, септикалық синдромның дамуы байқалады.

Slide 16

Постреанимационалдық кейінгі кезеңде байқалатын көріністер:

Жүйелік және перифериялық гемодинамиканың, бұзылған гемостаздың, метаболизмнің барлық түрлерінің өрескел бұзылуы;

Тыныс алу жүйесінің газ алмасу функциясының бұзылуы;

Бауыр және бүйрек жетіспеушілігі;

Ми жұмысының бұзылуы (энцефалопатия) ;

6 ай ішінде постреанимациялық жағдайларының 80% -ы өліммен аяқталады.

Slide 17

Eмдеудің ұстанымдары

Реанимациядан кейінгі терапия келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

ЭКСТРАКРАНИАЛДЫ

ИНТРАКРАНИАЛЬДЫ

Slide 18

Экстракраниальды іс шаралар

Ми қан ағымының деңгейі орташа қан қысымының деңгейіне тәуелді болғандықтан, сәтті реанимациядан кейінгі алғашқы 15-30 минутта гипертензияны қамтамасыз ету ұсынылады, кейіннен нормотензияны сақтай отыру қажет.

О2 қалыпты деңгейін ұстап тұру.

Дененің нормотермиясын сақтау.

Гемотокрит деңгейін 30-35% шегінде ұстау. Ишемия салдарынан микроциркуляторлы арнада едәуір жоғарылайтын қанның тұтқырлығын төмендетуді қамтамасыз ететін жұмсақ гемодилюция жүргізу.

Бензодиапезиндерді енгізумен құрысу белсенділігін бақылау.

Slide 19

ИНТРАЦЕРЕБРАЛЬДЫ ІС ШАРАЛАР

Фармакологиялық әдістер. Қазіргі уақытта дәлелді медицина тұрғысынан постреанимациялық кезеңде миға фармакологиялық әсер етудің тиімді және қауіпсіз әдістері жоқ. Перфторанды қолданған жөн. мидың ісінуін, постреанимациялық энцофалопатияның ауырлығын азайтады және коматозды жағдайдан тез шығуға ықпал ете отырып ми қыртысы мен субкортикалық құрылымдарының белсенділігін арттырады.

Физикалық әдістер. Гипотермия мидың нейропротекторлық қорғанысының ең перспективалы әдісі.

Slide 20

Жас ерекшеліктері

10 жастан аз жаста 10жастан асқан адамдарға қарағанда өмір сүру деңгейі жоғары;


Ұқсас жұмыстар
Реанимацияның патофизиологиялық негіздері
Постреанимациялық ауру
Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері
Балалардың жұқпалы аурулары
Жүйкелік анорексия
Эпидемиологиялық зерттеулердің кезеңдері
Вирус вирионның клеткамен әрекеттесуі
Сорғыш құрттар
Адыраспан - дәрілік өсімдік жайлы
Куресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz