Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы



Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
2. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануының мәселелері
3. Озон қабатының жыртылуы. Қышқыл жаңбырлары.
4. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау бойынша шаралар.
Қорытынды

Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық әрекеттерінің қарқынды жүруі ауаның қауіпті масштабта ластана бастауына және күтілмеген салдары дамуына әкеп соқты.
Табиғи (шаңды құйындар, вулкандардың атқылауы, өрттер, борандар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы және т. б. ) көздеріне қарағанда, жасанды ластаушы көздерінің айырықша қауіптілігі тек ластану көлемінің үдемелі өсуіне ғана емес, сонымен бірге, ластануының сипатына да байланысты. Қазіргі уақытта, адамға әсер ететін химиялық ластаушылардың жалпы саны 5 дейін жетіп қалды. Бірақ, табиғи текті заттарға ұқсас ластаушылардан басқа, жасанды көздерден атмосфераға бұрын табиғатта болмаған, синтетикалық жолмен алынған, жаңа қосылыстар да түсіп жатады. Қазір бұндай қосылыстардың 65 мыңға жуығы бар, оның ішінде, 2000 асатын қосылыстар канцерогенді және мутагенді әсер береді. Атмосфералық ластаушылардың мемлекеттердің шекарасынан кедергісіз өтуі, олардың жаһандық таралуына жағдай жасайды және тіпті өндірістері жоқ аумақтардың да ауасының сапасын нашарлатады. Ауаға түскен химиялық заттар басқа заттармен әсерлеспей қалмайды, олар әр түрлі реакцияларға түсіп, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келітретін әсеріне өз үлесін қосатын өнімдер түзеді.

Атмосфераны негізгі ластаушы көздеріне өндіріс орындары, автокөлік, жылуэнергетика өндірісі, ауыл шаруашылығы жатады. Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың 90% газ және бу түрінде болады, ал 10% жуығы қатты және сұйық агрегатты күйде болады. Ауаның ең кең таралған және қауіпті ластаушылардың санатына көміртегі, азот, күкірт тотықтары, қорғасын, кадмий, мышьяк, никель, сынап, галоген қосылыстары, бензол, көпциклді ароматты көмірсутектер (КАК), белсенді газдар және аэрозольдер, күл, күйе, шаңдар және т. б. жатады. Ірі қалаларда ауаны негізінен ластайтын көзі автокөлік болып табылады. Газтәрізді ластаушылардың жалпы көлемінің 60-90% дейінгі бөлігі осы автокөліктерден шығады. Ауаның ластануындағы негізгі жауапкершілік қазіргі кездегі әлемдік автокөлік паркінің 83-85 % құрайтын жеңіл автокөліктерге тиесілі.


Автокөлік тек ауаны ғана ластап қоймай, сонымен қатар, жанармайдың жану үрдісіне де оттегінің көп мөлшерін жұмсайды. Бір автокөлік жылына 4 т жуық оттегіні тұтынады.
Атмосфераның ластануына көліктердің басқа да түрлері өз үлесін қосады. Әсіресе, соның ішінде, ұшақтардың алатын орны ерекше, себебі, олар ұшуы кезінде де және көтерілуі мен қонуы кезінде де ауаны ластайды. Ластаушылардың ауаға түсуінің шыңы ұшақтардың көтерілуі және қонуы кезінде әуежайда байқалады. Мысалы, бір «Боинг» ұшағы көтерілген кезде бөлінетін заттардың мөлшері, 6850 «Фольксваген» жеңіл автокөлігінен бір уақытта шығатын шығарындылардың мөлшеріне тең. Реактивті лайнерлердің әуеге ұшуы кезінде азот тотықтары бөлінеді, олар озонмен өзара әрекеттесіп, атмосфераның озонды қабатының бұзылуына әкеп соғады. Ұшақтарда жанармайдың жануына оттегінің өте көп мөлшері жұмсалады, бұл автокөлік қозғалтқышының жұмысы кезіндегі шығыннан бірнеше есе жоғары.
Қазіргі уақытта жер маңындағы ғарыш кеңістігін игерудің атмосфера үшін күннен-күнге өсіп отырған қауіптілігі барған сайын көбірек қорқыныш тудырады. Ғарыштық эраның 60 жылдан ғана астам азғана уақытында ондаған мың ғарыш ракеталары мен кемелері ұшырылды, соның нәтижесінде атмосфераға жүздеген мың тонна қатты және газ күйіндегі әр түрлі заттар: азот тотықтары, алюминий, хлорлы сутек, хлор және т. б. шығарылды. Бір ғана «Шаттлды» ұшыруы 10 млн тоннадан кем емес озонды жояды.
Ракеталардың және ракета тасымалдаушылардың металдан жасалған құрылымдарының жануы нәтижесінде атмосфераның жоғарғы қабатының титанмен, тантал, ниобий, никель, темір, алюминий, бор және басқа да металдармен ластануы жүреді, бұл, қазірдің өзінде ақ табиғидан 3-4 есе жоғары.

Атмосфералық ауаның қарқынды ластануы тұрғындардың денсаулығына тікелей де және оның тіршілік ортасына басқа орта арқылы да қолайсыз әсер етеді.
Ластаушылардың адам ағзасына атмосфера арқылы түсуі негізгі түсетін жолы болып табылады, себебі тыныс алу - үзіліссіз үрдіс, осыған байланысты тәулік ішінде өкпе арқылы ауаның өте үлкен, 10-12 м3 дейінгі, көлемі өтіп отырады. Альвеолалар бетінің үлкен ауданы ауаның ғана емес, сонымен бірге, оның құрамындағы ластаушылардың да еш кедіргісіз қанга тез өтуіне жағдай жасайды. Осы жолмен түскен ластаушылардың қолайсыз әсерлері, басқа жолдармен түсуіне қарағанда, тез және айқын білінеді, себебі зиянды заттар улануды жоятын табиғи тосқауыл - бауыр арқылы өтпей, қанмен бүкіл ағзаға тарайды.
Атмосфераны ластаушылар адам ағзасына жедел және созылмалы әсер етуі мүмкін. Жедел әсері ластаушылардың бір рет өте жоғары концентрациясында әсер етуі кезінде байқалады, ал созылмалы әсері - ұзақ уақыт, бірақ аз концентрацияларында, әсер еткенде білінеді. Ауа массаларының табиғи қозғалу және араласу үрдістері әдетте ластаушылардың көп жиналуына кедергі жасайды, сондықтан олардың жедел әсер ететін үлкен концентрациялары тек белгілі бір жағдайларда орын алады: өздігінен тазаруына қолайсыз ауа райы кезінде, нашар желдетілетін жерлерде, ластаушы шығарындылар атмосфераға өте көп мөлшерде түскенде, авария жағдайларында және т. б.

Қазіргі кездегі ғылыми техникалық прогресстің дамуы, ауылшаруашылық салаларының өркендеуі және жер бетіндегі халық санының артуы айналадағы табиғатқа орасан зор әсер етеді. Бұл бүкіл адамзатты төлғандырылған келелі де күрделі мәселе болып отыр.
Табиғат біртіндеп өзгеруде. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттын өзара әрекеттесуін кең көлемінде жүретіндігі соншалық, мұның өзі бүкіл дүние жүзілік көлемінде экологиялық мәселе тудырады. Бұл мәселе қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаны ластануына, энергетика мен шикі зат қорына азаюына, табиғи экологиялық байланыстың бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтары мен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты. [10] . Бұл өзгерісті судан, ауадан, жерден, яғни барлық жер қабығынан байқауға болады. Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленісуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі-Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғаш жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450 ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте көп мөлшерде радиоактивті материалдар шығаруда.

Қазақстанның экологиялық проблемаларының ішінде мүлде жаңа, бірақ атауға болатын едауір қауіпті проблема бар. Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының қарқынды дамуының нәтижесінде пайда болған қауіпті және улы заттармен орасан үлкен аумақтын ластану проблемасы. Каспий теңізінің тірі табиғатына өте үлкен қауіп төнуде. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің түбінен мұнай -газ алынып бекіре тұқымдас балықтар қырылып жойылуы мүмкін. Барлық бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының үлкен бөлігі Каспий теңізінің үлесіне тиеді. Мұнай және газ тауып алудың орасан үлкен қарқыны іліспе улы газдардың, ең алдымен тұзды ерітінділердің миллиондаған тоннасы шығарылуына айналдырылады. Батыс қазақстан тұрғындарына, өсімдіктермен жануарларына түзетуге келмейтін зиян келтіреді және күкүрт, азот және көмір су акситтерінің көп мөлшерде сыртқа шығарады және ауаны ластайды. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан 2030-Стратегиялық жоспарда (1997 ) экология және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне айрықша назар аударған. [4] Қоршаған ортаны қорғау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттер алға тартылады.

Қазақстан өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің бірі өзінің көптеген табиғи байлығы да бар. Ірі өнеркәсіп дамыған қалалары Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Павлодар. Кейбір қалалардағы ластаушы көздері мен олардан шығатын ластаушы заттектер туралы мына кестені ұсынамын:
Қалалар
Негізгі ластаушы көздер
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер
Алматы
Энергетика автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауырмашина жасау зауыты
Бензин, бензопирен, формальдегид, шаң, көмір қышқыл газы, күйелер, азот оксидтері, ауыр металдар, аммиак.
Тараз
Фосфор зауыты, энергетика автокөлік
Бензопирен, аммиак, фторлы сутек, шаң, күкүрт ангидриды, азот және көмір тек оксидтері, күйі.
Өскемен
Қорғасын -мырыш, титан-магний комбинаттары, энергетика, автокөлік, цемент зауыты
Бензопирен, формальдегид қорғасын, күкүрт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар, көмір сутектері
Шымкент
Қорғасын, фосфор, цемент зауыттары, автокөлік, ЖЭС
қорғасын және басқа ауыр металдар шаң, бензопирен, күкүрт, азот тағы да баска оксидтері.
Түркістан
Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темірбетон зауыты, автокөлік, теміржолы объектері
Көміртек оксидтері, бензопирен, ауыр металдар, пестицидтер, тұздар, күл, шаң, күйе.
Балхаш
Тау-кен металургия комбинаты, жылу электр орталығы
Кұкүрт, көміртек, азот оксидтері, мышьяк, қорғасын және де т. б. ауыр металдар, шаң-тозаң.
Ақтау
Атом электростанциясы, автокөлік,
Радиоактивті заттектер, мұнай, көміртек, азот оксидтері, көмір су тектер
Атырау
Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірісі, автокөлік
Күкүртті сутек, көмір сутектер, шаң-тозаң,
Теміртау
Қара металлургия (булат пен шойын өндірісі), автоклік, синтетикалық каучук зауыты
Финол, шаң, көмаіртек, азот оксидтері, бензопирен, сынап,
Ақтөбе
Хром феросплав химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік
Фром қосылыстары, азот оксидтері, фторлы газдар, сульфаттар, күкүртті

Озон қабаты стратосферада жер бетінен 12-50 км биіктікте орналасқан. Озон қабаты біркелкі таралмаған, полюстерде ол төменде, 7-8 км қашықтықта орналасқан, ал экваторда ол әлдеқайда жоғары - жер бетінен 17-18 км қашықтықта орналасқан. Озон қабатының атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болуы күн сәулесінен ультракүлгін сәулеленудің күшті әсерінен болады. Атмосферадағы озонның көп мөлшері оң фактор болып табылады, өйткені бұл газ ультракүлгін сәулелерді қарқынды сіңіреді, планетаны шамадан тыс радиациядан қорғайды [1] . Озон қабатының бұзылуының басты себептері:Біріншіден, ғарыш зымырандарының ұшырылуы. Зымыран отыны жанып, озон қабатында үлкен тесіктерді күйдіреді; Екіншіден, 12-15 км биіктерде ұшатын ұшақтар. Олардан шығарылатын бу мен басқа заттар озонды бұзады; Үшіншіден, ауыл шаруашылығында азот тыңайтқыштарын қолдану. Олар ыдырағанда азот тотықтарын бөледі, олар стратосфераға көтеріліп, озон молекулаларын бұзады; Төртіншіден, хлор және оның оттегімен қосылыстары. Есептеулерге сәйкес, бір хлор молекуласы стратосферадағы 1 миллионға дейін озон молекуласын жоюға қабілетті [2] . Озон қабаты сыртқы әсерлерден біртіндеп жұқара бастайды, кейбір жағдайларда оның белгілі бір аудандарда мүлдем жойылуы - озон тесіктерінің пайда болуына әкеледі.

1. Жерде климаттық жағдайлардың өзгеруінен көрінетін ғаламдық жылыну немесе парниктік эффект құбылысы, ол мұздықтардың еруіне және климаттың бұзылуына әкеледі.
2. Озон тесіктерінен ультракүлгін сәулесі суға еніп, тірі организмдердің жойылуына әкеледі, нәтижесінде балықтар мен сүтқоректілерге азық жетіспей, олардың жойылу қаупі туындайды.
3. Ультракүлгін сәулеленудің зиянды әсеріне аса сезімтал өсімдіктерде хлорофилл түзілуі бұзылады, бұл өсімдіктердің кейбір түрлерінің жойылуына әкелуі мүмкін.
4. Ультракүлгін сәулеленудің әсерінен адам терінің қатерлі ісігі, тез қартаю және иммунитет төмендеуі сияқты ауруларға бейім болады.
5. Озон тесігі озон қабатының толық жойылуына әкелуі мүмкін, бұл Жер планетасының биологиялық өліміне әкеледі . Озон қабатының бұзылуын болдырмау жолдары: - Жасанды озон қабатын алу жолдарын қарастыру; - Экологиялық таза отынмен жұмыс істейтін автомобильдерге көшу, баламалы энергия көздерін, мысалы, күн батареяларын пайдалану. Экологиялық таза өмір салтына көшу озон қабатын бұзу мәселесін шешудің қарапайым және жылдам әдісі болып табылады, өйткені атмосфераның шамадан тыс ластануының себебі адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарауы болып табылады.
Озон тесіктерінің теріс әсері:

Жақында қышқыл жаңбырдың басталғанын жиі естисіз. Ол табиғат, ауа мен судың әртүрлі ластанулармен әрекеттесуі кезінде пайда болады. Мұндай жауын-шашын бірқатар жағымсыз салдарды тудырады:
адамдардағы аурулар;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өлімі;
су объектілерінің ластануы;
орман алқаптарын қысқарту.
Қышқыл жаңбыр химиялық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің және басқа отындардың жануының өнеркәсіптік шығарындылары есебінен пайда болады. Бұл заттар атмосфераны ластайды. Сонда аммиак, күкірт, азот және басқа заттар ылғалмен әсерлесіп, жаңбырдың қышқыл болуына әкеледі.
Адамзат тарихында алғаш рет қышқыл жаңбыр 1872 жылы тіркелді, ал ХХ ғасырға қарай бұл құбылыс өте жиі болды. Қышқыл жаңбыр АҚШ пен Еуропа елдеріне ең көп зиян тигізеді. Сонымен қатар, экологтар қауіпті қышқылдық жауын-шашынға көп ұшырайтын аймақтарды көрсететін арнайы карта әзірледі.

Қышқыл жаңбырдың себептері
Улы жауын-шашынның себептері техногендік және табиғи болып табылады. Өнеркәсіп пен технологияның дамуы нәтижесінде фабрикалар, фабрикалар мен түрлі кәсіпорындар азот пен күкірт оксидтерін ауаға көп шығара бастады. Сонымен, күкірт атмосфераға түскен кезде су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылын түзеді. Дәл осындай жағдай азот диоксидінде болады, азот қышқылы түзіліп, атмосфералық жауын-шашынмен бірге түседі.
Атмосфераның ластануының тағы бір көзі - автокөлік құралдарының пайдаланылған газдары. Ауаға түскен кезде зиянды заттар тотығып, қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі. Азот пен күкірттің атмосфераға түсуі жылу электр станцияларындағы шымтезек пен көмірдің жануы нәтижесінде пайда болады. Металл өңдеу кезінде ауаға күкірт оксиді көп мөлшерде тарайды. Азот қосылыстары құрылыс материалдарын өндіру кезінде бөлінеді.

Қышқыл жаңбырдың әсері
Қышқыл жаңбырдың көптеген салдары бар. Мұндай жаңбырдың астында қалған адамдар олардың денсаулығын бұзуы мүмкін. Бұл атмосфералық құбылыс аллергия, астма және онкологиялық ауруларды тудырады. Жаңбыр өзен-көлдерді ластайды, су жарамсыз болып қалады. Акваториялардың барлық тұрғындарына қауіп төніп тұр, олардың үлкен популяциясы қырылуы мүмкін.
Жерге түскен қышқыл жаңбырлар топырақты ластайды. Бұл жердің құнарлығын таусады, егін саны азаяды. Атмосфералық жауын-шашын үлкен аумақтарда болатындықтан, бұл ағаштарға теріс әсер етеді, бұл олардың кебуіне ықпал етеді. Химиялық элементтердің әсерінен ағаштардағы зат алмасу процестері өзгеріп, тамырлардың дамуы тежеледі. Өсімдіктер температураның өзгеруіне сезімтал болады. Ағаштар кез-келген қышқыл жаңбырдан кейін жапырақтарын кенеттен төгуі мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz