Тироксин - зат алмасу реакциясын реттейтін гормон түрі


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Қалқанша безінің иодтирониндері.

Орындаған: Омар С. Б.

Тобы: ЖМҚА 01-20

Қабылдаған: Жиенбаева А. А.

«Биология және биохимия» кафедрасы

Slide 2

ЖОСПАР:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Қалқанша безі туралы жалпы түсініктеме.

Қалқанша безінің иодтирониндері.

Құрылысы, синтезі және зат алмасуы.

Клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері, гипо, гиперфункциялары.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин - тироглобулин болатын қоймалжың зат - коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Slide 6

Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Slide 7 Slide 8

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

Slide 9 Slide 10

Зат алмасуға Әсері

Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы іске асады. Олар хроматинде ядро ішіндегі белоктармен байланысадыжәне РНҚ транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады. Бұл жағдай белок синтезінің жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады. Бұл гормондар іс жүзінде ағзаның барлық органдары мен ұлпаларында биохимиялық реакцияларды тездетеді.

Slide 11

Тироксин - зат алмасу реакциясын реттейтін гормон түрі. Ол қалқанша безінде пайда болады да, тиреоглобулин ретінде жинақталады. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болған кезде, гипофизден бөлінетін гормонның мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі. Алғаш рет бұл гормонды 1915 жылы Кендалл ғалымы бөліп алған болатын, кейін 1926-1927 жылдары Харрингтон оның құрылысы мен синтезін зерттеді. Тироксиннің ағзада жетіспеуі ақыл-ойдың нашарлауына әкеліп соқтырады.

Slide 12 Slide 13

T3 - адам денесінің энергия метаболизмін бақылайды гормон, ол ыдырауы энергиясын ықпал етеді және ол қажет, онда оны кері жібереді. оның жұмысы мен өткізгіштігінің арқасында адамдардың күшейтілді. Сондай-ақ, сүйек және жүрек жүйесі үшін осы гормон маңызды оларға метаболиттік процестердің оңалтады.

Slide 14

Тиретропты гормондардың қалыпты жағдайдан ауытқуы екі жолмен, яғни гормон көп бөлінгенде (гиперфункция) және гормон аз бөлінгенде (гипофункция) жүреді.

Slide 15

Қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде гормондардың бөлініп шығуы бәсеңдейді (гипофункция), немесе олар көптеп бөліне бастайды (гиперфункция) .

Гипофункция кезінде зат алмасу төмендейді. Гормон шығуы азайған кезде адамдарда енжарлық, селқостық пайда болады, ұйқы басады, ойлау қабілеті төмендейді, ақылынан алжасады, ол жағдай жас кезде кездессе, ағзаның өсуі тоқтайды, дене бітімі өзгереді. Мұны кретинизм деп атайды.

Гиперфункция кезінде гормонның жасалып шығуы артады. Бұл кезде зат алмасу күшееді.

Slide 16

Қалқанша бездің гипофункциясы ағзаның жас кезінде кретинизм дамуымен сипатталады. Мұнда бойдың, дене мүшелерінің, ойдың өсуі тежеледі. Иек астында құс-жем сауына ұқсас шор пайда болады. Эндемиялық ауру, яғни белгілі бір жерлерде кездеседі.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жыныс бездері
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Эндокриндік жүйе
Гормондар туралы ақпарат
Қалқанша маңы безі
Қалқанша маңы бездері
Аралас бездер
Ұйқы безі бездері
ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ЖАСҚА САЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Эндокринді жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz