Мұғалімдердің пікірлері


Slide 1

Жаратылыстану ғылымдары сабақтарында диалогті

пайдалану

Нэйл Мерсер Кембридж

университеті

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 2

Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?

Сабақ кезінде оқушыларды математикалық және ғылыми ойлауға белсенді тарту;

Оларға тереңірек түсінуге көмектесу;

Болашақта осы пәндерге қатысуын ынталандыру;

Барлық сыныптың және шағын топтардың талқылау сапасын арттыру

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 3

Сыныптың диалогтік мәдениетін дамыту

Диалогтік оқыту бұл…

- мұғалімнің тәрбиелік, “әмірлі” әңгімесі мен оқушылармен ашық диалогі арасында тепе-теңдікке жету;

оқушылардың ойын білу және олардың дәлелдемелерін күшейту үшін бүкіл сыныптың талқылауын пайдалану;

оларды құру және даулау арқылы оқушылардың идеяларын пайдалану;

- сыныпта ашық талқылау жүргізуге оқушыларды ынталандыру;

- топтық жұмысты оңтайлы пайдалану.

Диалогтік оқыту бұл . . .

- оқушылардың ауыз жаппай сөйлеуі;

- мұғалім тарапынан қажетті түсіндірулерді, нұсқаулар мен түзетулер жасамау емес.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 4

Бүкіл сыныптың пікірталасқа қатысуын дамыту

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 5

1-мысал: 7 жас: Қышқылдар: Бүкіл сыныптың пікірталасы

you remember the electric bell?

Мұғалім: Жақсы, біз бүгін pH-пен (сутек көрсеткішімен) жұмыс істейміз. Якоб, сен не жаздың?

Якоб (оқиды) : «Қышқыл құрамында сутек бар, оны суда еріткен кезде 7-ден кем рН бар ерітінді беретін қоспа болып табылады. Қышқылдар лакмус қағазының көк индикаторын қызыл қылады. Қышқыл ерітіндісінде әмбебап лакмус қағазы өз түсін сары, сарғыш немесе қызылға ауыстырады».

Мұғалім: Жақсы, жеткілікті. Әрі қарай Джейми?

Джейми: «Күкірт қышқылының құрамында күкірт қышқылы болады және (Мұғалім тақтаға жазады) кез келген субстанциядан лакмустың көмегімен суды алып тастауға болмайды: мысалы қышқыл қантты …»

Мұғалім: (сөзін бұзып) Мен мынаны оқиын ба? Иә, «сіз қышқылды қантқа қосқанда, бықсып жатқан көміртек шығады». Біз бұны сендерге 9 не 10 жасқа толғанда көрсетеміз. Джек, сен тыңдап отырсың ба?

Джейми: Иә

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 6

Мұғалім: Жақсы, мен мынаны атап өткім келеді. Қазір мен тақтада жазылғандарға қатысты бірнеше сұрақ беремін. Тэйлор - сен бұл қышқылдардың атауын естіп пе едің?

Тэйлор: Жоқ.

Мұғалім: Күкірт қышқылы, сірке қышқылы? (Тақтадан оқиды )

Тэйлор: Мм… азот қышқылы?

Мұғалім: Тап солай, сондай-ақ азот қышқылы. Иә, Тэйлор?

Тэйлор: Тұз қышқылы.

Мұғалім: Иә. Қышқыл лакмус қағазын қалай қызыл қылатынын кім еске салады? (Көп оқушы қолдарын көтереді) Иә, Джеймс?

Джеймс: Біз не қышқылды, не сілтіні тамызамыз. Біз көк те, қызыл да лакмус қағаздарын тестіледік.

Мұғалім: Бұл дұрыс. Демек біз көк те, қызыл да лакмус қағаздарын пайдаландық, солай ма?

Оқушылар (бірге) : Иә.

Қышқылдар (жалғасы)

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 7

Мұндай өзара әрекеттестіктің білім берудегі әсері қандай?

Slide 8

2-мысал: 7 жас: Күштер: Бүкіл сыныптың пікірталасы

Мұғалім: Ал қазір мен әр топтан кезекпен, сендердің жақсы идеяларың туралы сұрағым келеді. Сонымен сендердің идеяларыңнан бастайық, қане идеяларың қандай? Осы ермексазға қандай күштер қолданылды? Тамсин?

Тамсин: Мүмкін, бұл гравитация шығар?

Мұғалім: Жақсы, гравитация.

Элан: Менің сұрағым бар.

Мұғалім: Оны есіңе сақта, әуелі аяқтап алайық, иә, Эмбер?

Эмбер: гравитация және жоғарыға бағытталған тарту күші

Мұғалім: Жоғарыға бағытталған тарту күші, бұл жақсы сөз. Жоғарыға бағытталған тарту күші нені білдіреді? Жоғарыға бағытталған тарту күші.

Эмбер: Бұл бұлай, сіз айтқандай, мен орындықта отырғанда, ауыр немесе толық сияқты мені жоғары тартады.

Мұғалім: Бұл сені бір нәрсе артқа итергендей, дұрыс па?

Эмбер: Иә, белгілі бір дәрежеде.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 9

Мұғалім: Белгілі бір нүктеге дейін, жақсы. Тағы не?

Том: Мен, Джеард және Майкл ойларымызды біріктірдік және бұл ауаның кедергісі дейміз және гравитация және эээ жазықтықтың ауданы…

Мұғалім: Иә, жақсы. Қыздар, қыздар, тыңдаңдаршы, Жақсы, Камерон.

Камерон: Су қысымы.

Мұғалім: Су қысымы, су қысымы деген не, ол нені білдіреді?

Камерон: Бұл не, . . . Бейтараптандырады.

Мұғалім: Жақсы, су қысымы бейтараптандырады, нені бейтараптандырады?

Камерон: Бұл тең дәрежеде бейтараптандырғандай.

Күштер (жалғасы)

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 10

Осындай диалогтен оқушылар өздері үшін не алды?

Осы тақырып бойынша оқушылар нақты нені түсінді немесе түсінбеді?

Пән туралы қай тілде “сөйлеу” керек?

Дауыстап қалай негіздеу керек?

Қалған оқушылар не біледі (нені білмейді) ?

Осындай диалогтен мұғалім өзі үшін нені түсінді?

Осы тақырып бойынша оқушылар нақты нені түсінді немесе түсінбеді.

Оқушылар пән туралы «сөйлей» ала ма.

Келесі жолы оқушыларға аса пайдалы болатын нені үйретуге болады.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 11

Бүкіл сынып қатысатын әңгіменің екі түрі

Бұйрық мәнді:

Нұсқаулық;

Көрсету;

Дәріс.

Диалог:

Оқушылардың бастапқы идеяларына түрткі болу;

Топтың неге қол жеткізгенін есту;

Мәселелер мен түсінбеушіліктерді талқылау (Фил Скотт)

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 12

диалог жүргізуге үйрету

…бұйрық мәнді әңгімемен қатар, тиімді әсер етуге арналған диалогті пайдалана отырып

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 13

Жаңа тақырыпты бастауға арналған оңтайлы оқыту стратегиялары

Тақырып бойынша бірнеше ашық сұрақ қойыңыз.

Бір немесе бірнеше оқушыдан өз ойын барлық сыныпқа түсіндіруді сұраңыз.

«Неге» деген бірнеше сұрақ қойыңыз.

Оқушылардан не айтқандарын түсіндіруді сұраңыз.

Кейін оларды сипаттау үшін, талқылау кезінде туындаған бірнеше даулы сәттерді жазып алыңыз.

Оқушылар ол нәрсе туралы өздерінің не ойлайтынын түсінгенше және өз беттерімен жұмыс істеп болмайынша дұрыс түсініктеме бермеңіз.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 14

Бүкіл сынып қатысатын әңгімелерді қалай пайдаланасыз?

1-дайындық жұмысы: Мұғалімнің өзін-өзі бағалауы

Әңгімеңізді бағалау үшін өз сабағыңыздың аудиожазбасын жасаңыз.

Жазбаңызды тыңдаңыз және ойланыңыз :

Оқушылармен салыстырғанда сіз қанша уақыт сөйледіңіз?

Оқушыларға қандай сұрақтар қойдыңыз? Жауаптарын дәлелдеуді сұрадыңыз ба?

Оқушыларға толығырақ жауап беруге мүмкіндік бердіңіз бе?

Оқушылардың болжамды идеяларды бөлісуге ықыласы болды ма? Оқушылардың идеяларын есте сақтадыңыз ба және оларды талқылауда пайдаландыңыз ба?

Notes: Мәселе мында, бұл әрекетті орындай отырып балалар мұғалімге барлығы ол ойлайтындай емес екенін көрсетеді және өз оқуын қалай қарай дамытуға болатынын айқындауға пайдалы. Бұл сұрақтарды кейінгі отырыста талқылауға болады. Барлық сыныптың әңгімесінің шешуші мәнін атап өтуге болады.

Slide 15

Шағын топтағы жұмыс сапасын арттыру

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 16

Зерттеулер топтық жұмыстардың балалардың оқуына жақсы әсер ететінін көрсетті.

Парадокс

Бірақ сыныптағы көптеген топтық жұмыстар - босқа кеткен уақыт!

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 17

Топтық талқылауды қалай жақсартуға болады?

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 18

Қызметтік машина бағдарламасын пайдалана және 7 жастағы 3-4 оқушыдан тұратын топта жұмыс істей отырып, олардан берілген сандар топтамасын алу үшін қандай амалдар жасалғанын анықтау сұралды. 1-топ: Сильвия, Алан және Том Сильвия: Біз бұл санды есептеп шығара алмаймыз, себебі біз ондық бөлшектер жасай алмаймыз. Басынан бастайықшы. (Ол санды енгізеді) Алан: Жақсы, 30. Сенің кезегің. Сильвия: Жиырма сегіз. Менің қағидам - егер бөлсек 30 болады, одан 10-ды аламыз және оны 30-дан аламыз. Алан: Ал былай істесек ше? 14, сосын 2-ні қосамыз. Сильвия: Мен білуімше - енгізілген сандардың жартысы менікі. Алан: Менің кезегім. Сильвия: Жоқ - сен не істеу керектігін білмейсің - Мен білемін. Алан: Иә, бірақ қазір менің кезегім. Сильвия: Тоқтай тұр! Алан: Жоқ. Онда Сильвия екеумізде екі кезектен бар. Сильвия: Жоқ, бір минут күте тұршы. Менің кезегім келген жоқ әлі. Менің кезегім келген жоқ. 33 қосу 5 (Жауап үшін пернені басады. ) Алан: Менің кезегім. Сильвия: Таптым, таптым! Алан: Неге ылғи сенің кезегің. Сильвия: Иә, мен сенен шапшаңмын, ал сен ештеңе білмейсің.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 19

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 20

2-топ: Кайли, Ребекка, Мая және Тони

Кайли: 3! Менің ойымша, алу керек.

Ребекка: Сен қалай ойлайсың? Мен де 3-ті алу керек деп ойлаймын.

Мая: Бөлу.

Кайли: Санды бөлу. Мен санды бөлу керек деп ойлаймын

Мая: Мен де. Мүмкін.

Toни: Иә.

Мая: 4-ті көрейік

Кайли: 4?

Мая: Иә - 2 болу керек.

Ребекка: Мына жерді бас. Бас! (Маяға қайда басу керегін көрсетеді)

Кайли: Дауласпа . . . Біз 4-ке келіскен жоқпыз, солай емес пе?

Басқалар: Иә.

(4-ті енгізеді, нәтижесінде 2 шықты )

Кайли: (Тониге) Ал сен не ойлайсың?

Тони: Мен екіні тағы қосу керек деп ойлаймын.

Кайли: Жоқ, Мен Ребекка ойлағандай ойлаймын, бізде 6 болды, 3 шықты сондықтан бөлу деп ойлаймын. Қазір бізде 4 және 2 шықты. Сен алу керек деп ойлайсың ба, әлде бөлу ме? Тексергің келе ме? Ашқың келе ме?

Тони: Жоқ, мен Мая айтқандай деп ойлаймын.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 21

Зерттеушілік әңгіме, онда сөйлеушілер

Барлығы белсенді қатысады

Бір-біріне сұрақ қояды

“Сен не ойлайсың…?”

“Сен неге олай ойлайсың …?”

Тиісті ақпаратпен бөліседі

“Есіңізде ме. . ?”

Өз пікірін негіздейді

“…. . сондықтан мен солай ойлаймын”

сындарлы сын айтады

“Иә, бірақ……

Келісімге қол жеткізуге тырысады

“ …. біз келісеміз бе?”

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 22

Топтағы әңгімелесу сапасын қалай жақсарта аламыз?

Олармен әңгіме жүргізудің бірнеше ережесін белгілеп алыңыз

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 23

Сыныптың негізгі 7 ережесі Топпен жұмыс істеген кезде …

Барлығы өзекті ақпарат ұсынады;

Барлық идеяларға мақсатқа сәйкес деп қарайды - бірақ сыни бағалайды;

Бір-бірімізге сұрақ қоямыз;

Біз негіздеме беруді сұраймыз;

Біз келісімге жетуге тырысамыз.

Адамдар бір-біріне сенеді және команда болып әрекет етеді!

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 24

2A жұмыс кестесі: Пікірталас үшін бұл ережелер пайдалы ма?

Ережелер

Иә, жоқ немесе мүмкін

(дәлелдеңіз!)

1. Басқалардың айтқанына қарамастан, өз көзқарасыңызды ұстанасыз.

2. Кезекпен олардың пікірін сұраңыз.

3. Себебін сұраңыз.

4. Егер бір нәрсені түсінбесеңіз, тыныштық сақтаңыз

5. Идеяны айтқан адамға емес, идеяның өзіне сын көзбен қараңыз.

6. Егер адамдар сіздің идеяңызға қарсы пікір айтса, онда олар үшін сіз оны дәлелдеуге тиістісіз.

7. Аяқтап үлгеретіндей, жылдам таңдаңыз.

8. Шешім қабылдар алдында барлық баламаларды талқылаңыз.

9. Егер дұрыс шешім қабылданбаса, кім кінәлі екенін көрсетіңіз.

10. Егер сіз нық негіздеме естісеңіз, өз пікіріңізді өзгерте аласыз.

Notes: Слайдқа ескертулер

Slide 25

Шағын топтарда пікірталас ұйымдастыру

Оқушыларға лайықты тапсырмалар беру қажет;

Оқушыларға жеткілікті уақыт қажет;

Алдын ала араласпауға тырысыңыз, бірақ мүмкіндігінше қолдау көрсетіңіз;

Көмек алардың алдында оқушылардан бір шешім қабылдауды сұраңыз және топ мүшелеріне жеке емес, тұтас арнап сөйлеңіз;

Оқушыларға негізгі қағидаларды естеріне салып отырыңыз және олардың назарын тек дұрыс жауаптарға ғана емес, түсініктемелер мен мағынасына да аударып отырыңыз.

Оқушылар үшін тек тапсырманы ғана орындамай, оңтайлы пікірталас құрып, тұжырым жасатыңыз.

Оқушылардан талқылау барысында бағалауды және жауап алуды сұраңыз.

Notes: Зерттеуміз (біздің) нені ұсынады. Бұл осының алдындағы идеялармен байланысты деп үміттенеміз. Келесі слайд түсіндірулер беруге мүмкіндік береді.

Slide 26

Мұғалімдердің пікірлері

ЭпиСТЕМ модулімен өткізілген сабақтарды көріп, оқушылардың бұл пәнмен жұмыс істей алатыны мені қатты таңқалдырды. Бір жыл бұрын мен мұндай болуы мүмкін емес дер едім. (Математика мұғалімі, бірлесіп зерттеуші, 2009/10)


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қарым қатынас стилі
Жаңа форматтағы мұғалім
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ
Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:
Роза қолдану Қалалық сайыс
Озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу
Метатану аспектілерін санаттау білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі
Педагогикалық қолдаудың жалпы түсінігі мен шеберлігі
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz