Таблеткалардың беріктігі


Slide 1

«Клиникаға кіріспе» кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Дәрілік заттар және олардың түрлері.

Орындаған: Орынбасар П. Б

Тобы: ЖМҚБ 04-20

Қабылдаған: Жумадилова А. Р

Шымкент-2022

Slide 2

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Дәрілік заттар дегеніміз не?

Адам ағзасы ушін маңызы, қасиеттері.

Таблеткалық дәрілер

Таблеткалардың сапасын бағалау. ССРО МФ Х және ХІ басыламдары бойынша негізгі әдістемелері.

Таблеткалардың сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Сыртқы түрі

Таблеткалардың орташа салмағы. Дозалау дәлдігі.

Таблеткалардың ыдырағыштығына қойылатын талаптар

Таблеткалардың механикалық беріктігі және “Ерігіштік тесті’’.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Slide 3

Дәрілік заттар деп - химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.

Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттар.

Кіріспе

Slide 4

Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады. Дәрілік зат рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды.

Slide 5

Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы

Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы өте жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету ұзақтығы өте ұзақ және маңыздылығы жоғары. Дәрілік заттардың адам ағзасына, жынысына, жасына, генетикалық ақпаратына, тәуліктік ырғақтығына тікелей байланысты болады. Заттардың ағзаға әсер ету ұзақтығы егде адамдарда ұзақ, ал орта жастағы адамдарға әсер ету ұзақтығы өте тез және жеңіл жүреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың дозаларымен қоса қайталап қолдану және өзара әсерлесуіне де байланысты болады, яғни адам ағзасына дәрілік заттардың әсерлері әртүрлі болатыны анықталды.

Slide 6

Таблеткалар - ұнтақтарды немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын технологиялық өңдеу және престеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр. Таблеткалар технологиясындағы ең маңызды кезең престеу болып табылады, сондықтан да таблеткалар ең алғашында Medicamenta compressa деп аталған болатын.

Мемлекеттік Фармакопеяның Х - басылымына таблеткалардың 1 жалпы және 163 жеке мақалалары кірген.

Slide 7

Таблеткалардың сырт түрі.

Орташа салмағы және таблеткалардың салмағындағы ауытқулар.

Таблеткалардың дәл дозалануы

Дозалаудың біркелкілігі

Таблеткалар бетінің біркелкілігі.

Таблеткалардың беріктігі.

Таблеткалардың талқандалуға беріктігін анықтау.

Таблеткалардың ыдырағыштығы

Еру тесті

Таблеткалардың сапасын бағалау

Slide 8

Таблеткалардың сырт түрі

Таблеткаларды көзбен шолып бақылайды. Таблеткалар дөңгелек немесе басқа формалы, тегіс немесе дөңес бетті, шеттері бүтін болуы керек. Беттері жылтыр және біртекті, жеке мақалаларда басқа нұсқаулар болмаса, түсі біркелкі болуы тиіс.

Slide 9

Орташа салмағы және таблеткалардың салмағындағы ауытқулар.

20 таблетканы 0. 001г дәлдікпен өлшейді, алынған нәтижені 20 бөледі, сонда орташа салмағы анықталады. Сонан соң 20 таблетканы жеке жеке өлшеп, олардың әрбірінің салмағымен салыстырады. Жеке таблеткалар салмағындағы ауытқулар төмендегідей болуы керек:

салмағы 0. 1г және одан төмен  10%;

салмағы 0. 1г жоғары және 0. 3г төмен емес  7. 5%;

салмағы 0. 3г және жоғары 5%.

Дражделген қабықшалармен қапталған таблеткалар салмағында орташа салмағынан  15% ауытқулар болуы мүмкін.

Тек ғана екі таблетка салмағында көрсетілген мөлшерден жоғары ауытқулар болуы мүмкін, бірақ олар да 2 еседен аспауы керек.

Slide 10

Таблеткалардың дәл дозалануы

матрица көлемінің тұрақты болуына байланысты

матрица ұясының тез және үздіксіз толтырылып отыруына байланысты

таблеттелетін массаның біркелкі болуына байланысты

бөлшектердің құрылысына байланысты

Slide 11

0, 01гр - 0, 1гр дейін

0, 001гр - 0, 01гр дейін

0, 1гр және одан жоғары

 15%

 7, 5%

 10%

 5%

Дәрілік заттардың дәл дозалануы.

Дәрілік заттар мөлшеріндегі рұқсат етілетін ауытқулар:

0, 001 гр дейін

Slide 12

таблеттелетін массада қосымша заттардың мөлшері жеткілікті болуы керек;

түйіршіктер сусымалды қабілеті бойынша, түйіршіктердің біркелкілігі мен көлемі бойынша ең жоғарғы дәлдікпен дозалауды қамтамасыз етуі тиіс;

престеу қысымы, таблетка беріктігі жеткілікті болған жағдайда оның ыдырау жылдамдығы мөлшердегідей болатындай етіп, іріктеліп алынуға тиіс.

Дәл дозаланған, жеңіл ыдырайтын және беріктігі жеткілікті таблеткалар дайындау үшін:

Slide 13

Дозалаудың біркелкілігі

Қабықшамен қапталынбаған құрамында 0. 005г және одан төмен дәрілік заты бар және қабықшалармен қапталынған, құрамында 0. 01г және одан төмен дәрілік заты бар тексерілетін таблеткалардан 30 таблетка іріктеліп алынады. 10 таблетканың әрқайсысында дәрілік заттың сандық мөлшерін анықтайды.

Дәрілік заттардың мөлшерінде орташа мөлшерінен 15% ауытқу жіберіледі, бірақ, ол бірде-бір таблеткада 25%-тен аспауы керек. Егер 10 таблетканың екеуінде ауытқу 25% болса, онда қалған 20 таблетканың әрқайсысында дәрілік заттың мөлшерін анықтайды. Бірде - бір таблеткада ауытқу  15%-тен аспауы керек.

Slide 14

Таблеткалар бетінің біркелкілігі.

Таблеткалардың түсі таблеттелуге арналған дәрілік заттардың түсіне сәйкес болуы тиіс. Дражделген немесе арнайы боялған таблеткалардың түсі бояғыш заттардың түсіне сай болуы керек. Таблеткалар біркелкі дақсыз болуы тиіс, дегенмен, кейде бұл талап орындалмай қалады, өйткені таблеткалар бетінде дақ пайда болады, бояулары біркелкі болмайды, таблеткалар беті мозайка тәріздес болуы мүмкін.

Slide 15

Таблеткалардың беріктігі.

Таблеткалардың беріктігін оның шеттерінің үгітілуі бойынша анықтау.

І

Таблеткалардың беріктігін оның сынуы бойынша анықтау.

ІІ

Таблеткалардың беріктігін анықтауға арналған тәсілдерді екі топқа бөлуге болады:

Slide 16

Таблеткалар беріктігі

Таблеткалардың беріктігін зерттеу саласында Санкт-Петербургтың химиялық-фармацевтикалық институты үлкен жұмыс жасады, олар таблетка сапасын анықтау үшін барабанды және түтікті үгіткіштерді ұсынды.

Slide 17

Барабанды үгіткіш

Барабанды үгіткіш - диаметрі 80мм болатын барабан. 10 немесе 20 таблетканы 0, 01гр дәлдікпен өлшеп, фриабилятордың барабанына салады да, приборды іске қосады. Барабанның айналу жылдамдығы минутына 25 айналым болса, приборды 4 минутқа қосады, ал минутына 20 айналым болса, 5 минутқа қосады. Сонан соң приборды өшіріп, бүтін және аздап үгітілген таблеткаларды барабаннан шығарып алады, шаңнан тазартып, қайтадан өлшейді.

Slide 18

Түтікті үгіткіш

Slide 19

Таблеткалардың талқандалуға беріктігін анықтау.

Пружиналы динамометр

(ТВТ модельді прибор “Эрвека” фирмасы)

1 - қырымен қойылған таблетка;

2 - маховик;

3 - жылжымалы плунжер.

Slide 20

Таблетканың беріктігін анықтайтын ХНИХФИ құралы

Таблеткалардың талқандалуға беріктігін анықтау.

Slide 21

Таблеткалардың ыдырағыштығы байланысты:

байланыстырғыш заттардың мөлшеріне

престеу дәрежесіне

ыдыратқыш заттардың мөлшеріне

таблетка құрамына кіретін заттардың қасиеттеріне

Slide 22

Таблеткалардың ыдырағыштығы

Қазіргі кезде ыдырағыштық “тербелмелі кәрзеңке” деп аталатын приборда анықталады.

“Тербелмелі кәрзеңке” құрама кәрзеңкеден, термостат камерасынан, химиялық стаканнан және электроматордан тұрады. Электроматор кәрзеңкеге тік кеңістікте жиілігі минутына 28-32 әрі-бері қозғалыс береді. Құрама кәрзеңке диаметрі 90мм, қалыңдығы 24мм, 6 центрлес тесіктері бар 2 пластмасса дискіден құралған.

Slide 23

Тербелмелі кәрзеңке

Дискілердің тесіктеріне ұзындығы 77, 5мм және ішкі диаметрі 21, 5мм, қабырғасының қалыңдығы 2мм 6 шыны түтікшелер салынған. Төменгі дискінің төменгі бетінде тесіктерінің диаметрі 2мм тат баспайтын болаттан жасалынған сым тор ілінген.

Slide 24

Тербелмелі кәрзеңке

Анықтау алдында термостат камерасына органикалық шыныдан жасалған сақина салынады, ол химиялық стаканды ұстап тұрады және камераның 2/3 бөлігін тазартылған сумен толтырады. Жанастырушы термометрді термостат камерасының ішіне салып, қыздыру жүйесін іске қосады да, дәрінің осы түріне сәйкес мақалада көрсетілген уақыт аралығында анықтау жүргізіледі.

Slide 25

Таблеткалардың ыдырағыштығы

Барлық үлгілер толық ыдырап кетуі керек, оны дискінің торында бөлшектер қалмауы бойынша анықтайды. Егер 1 немесе 2 үлгі ыдырамаған болса, онда қайтадан 12 таблетканы тексереді. Бақылауға алынған 18 үлгінің кем дегенде 16-сы ыдырауы керек.

Slide 26

Таблеткалардың ыдырағыштығын анықтайтын аппарат

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды өндіру
Таблеткалардың жағымды қасиеттері
Дәрі - дәрмектер, олардың таблетка материалындағы маңызы
Таблеткаға анықтама
Таблеткалардын өндірістік технологиясы
Дәрілік препараттарды синтездеу әзірлеу
Шойын
Бағалы аң терісінің жартылай өнімдерінің тауарлық қасиеттері
Тері шикізаты, сұрыптау түрлері
Термо - механикалық өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz