Этика және Дентология ұғымы




Презентация қосу
Этика және Дентология
ұғымы

Орындаған:Артыкова А,
Омарова С,
Кенесова А,
Кенжебаева Н.
Педагогикалық этика
Педагогикалық этика – педагогикалық деонтологияның
теориялық негізі, өйткені педагогикалық этика ұстаздың
кәсіби адамгершілік нормаларын зерттейді, ал педагогикалық
деонтология олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар педагогикалық деонтология және
педагогикалық этика педагогикалық үдерістің ортақ ізгілік
мәселесін шешеді, мысалы, педагогикалық деонтологияның
зерттеу пәні педагогтың кәсіби мінез-құлқы, оның бойында
кәсіби-педагогикалық адамгершіліктің ұйымдастырушылығы
болып табылса, педагогикалық этиканың зерттеу пәні –
педагогтың санасын, мінез-құлқын, қарым-қатынасы мен
қызметіндегі моральдік бейнесін реттейтін заңдылықтар,
нұсқаулар, ережелер.
Мораль
Қоғамның даму үдерісінде белгілі бір әлеуметтік топтар
тұтастығын сақтап қалу үшін адамдардың қарым-
қатынастарын реттеуде, олардың іс-әрекеттерін келісімге
келтіруде нақты қажеттілік пайда болады. Адамдармен
тіршілік әрекетінің түрлі саласында қарым-қатынасқа түскен
кезде, әр адам белгілі бір ұстанымдар мен ережелерді
басшылыққа алады. Адамның қоғаммен қарым-қатынасын
және оның мінез-құлқын реттеу үшін мораль қажет.
И.Т.Фроловтың басшылығымен шыққан «Философиялық
сөздікте» берілген анықтама бойынша: «мораль – бұл парыз
бен рухани құндылықтар құрметіне ие болған жеке-дара,
адами және риясыз уәжділік негізіндегі адамның мінез-құлқы
мен қоғаммен қарым-қатынасын реттеудің құндылықты-
бұйрықты түрі»
Идеологтар моральдың мәнін білімділік
деңгейінің мәнінен әлде қайда төмен екендігін
және қазіргі заманда бұл құбылыстың әрі қарай
дамуы күшеюде деп түсінеді. Сонымен қатар,
олар білімділік пен адамгершілік арасын жіктеп,
сәйкессіз санаттарға жатқызған. Әрине, жеке
білім моральды дамыта алмайды, ал мораль
білімнің орнына жүре алмайды. Қоғам дамуының
теориясы бойынша білім, ғылым мен мораль
сананың және іс-әрекеттің әр түрлі аясына
жатады және әртүрлі әлеуметтік қажетсінуден
пайда болған.
Ғылым қоршаған ортаны танып-білудің,
оны адам қажетіне сәйкес өзгертудің
амалы болса:
Мораль – қарым-қатынасты Мораль – адамның өзін-өзі,
реттеуші, жеке адамның өзінің табиғатын білуі, дейді
қылықтарын басқалардың философтар. Мораль – күнбе-
қылықтарымен, белгілі бір күндік көпшіліктің
қоғамның немесе таптың дүниетанымының формасы.
мүдделерімен Қоғамдық сана формасына
сәйкестендіретін әлеуметтік жататын мораль – адамдардың
күш. Сонымен қатар, әрбір бір-біріне деген қатынасын
кәсіп адамның жан дүниесіне белгілеп, тарихи өзгеріп
әсер етіп, адамгершілік отыратын нормалар,
қасиеттерін қалыптастырып, ұстанымдар және ережелердің
қабілеттерінің дамуына шарт белгілі жиынтығы. Мораль
түзеді. Сондықтан әрбір адамдардың қатынасын белгілі
мамандықтың кәсіптік моралі, мөлшерде қалыптастырады,
деонтологиялық сипаты бар яғни олардың өз ортасына
деуге болады. және басқа орталарға,
мемлекетке, Отанға, өз
халқына және басқа халықтарғ
а
, адамның адамға қатынасын
бейнелейді.
педагогикалық деонтология – ұстаздың
кәсіптік парызына негізделген мінез-құлқы
туралы ғылым.
Педагогикалық деонтология мен педагогикалық
этиканың сабақтастығын қарастыру кезінде, басты
назарды осы ғылымдардың алдында тұрған
мақсат-міндеттерге аудару керек, мысалы:

педагогикалық этика ұстаздың адамгершілік
бейнесіне қоғамның қоятын түрлі талаптарын
түзеді, ал педагогикалық деонтология осы
нормалардың іс-әрекетке ену механизмдерін
зерттейді;

педагогикалық этика іс-әрекеттің моральдық
құндылығын зерттейді, ал педагогикалық
деонтология ұстаздың осы құндылықтарды жете
түсінуі мен өзінің іс-әрекетін тиісті тәртіпке
салуына мүмкіндік туғызады;

педагогикалық этика педагогикалық қызметтің
этикалық нормаларын қалыптастырса, онда
педагогикалық деонтология білім беру
сферасында жұмыс істейтін қызметкерлердің іс-
әрекеттері мен амал-қимылдарындағы осы
нормалар мен ережелерге сәйкестендіру
амалдарын зерттейді.


Ұқсас жұмыстар
Эмпириялық этика
Қазіргі замандағы этиканың дамуы
Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде
Этиканың құрылымдары
Этиканың құрылымы
Этика туралы түсінік
Этика құрылымы мазмұны
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Ежелгі грек этикасы
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Пәндер