Фармацевтикалық көмек жүйесі
Презентация қосу
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Такырыбы: Қазіргі кезеңдегі фармациялық
көмек көрсету жүйесіннің заманауи мәселелері
Орындаған: Кулдибаева М
Тобы: ФКБ01-21
Қабылдаған: Жанбырбаева А.Д
Шымкент-2021
ЖОСПАР
Кіріспе
Фармацевтикалық көмек қалыптасу тарихы
Негізгі бөлім
Фармацевтикалық көмек жүйесі
Заманауи фармация мәселелері
Заманауи фармацияның негізгі қағидалар
Фармацевтикалық көмектің мазмұны
Қорытынды
Пайдаланаған әдебиеттер
КІРІСПЕ
«Фармацевтикалық көмек» түсінігін (ағылш.-pharmaceutical care)
алғаш рет шет елдерде ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында
ауруханалар мен клиникалардағы фармацевтердің қызметінің
мазмұнын сипаттау үшін қолдана бастады.
Ол кездері фармацевтикалық көмек деп пациенттің өмір сүру
сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін фармакотерапияны
қамтамасыз ету жүйесі енгізілді, өйткені клиникадағы немесе
ауруханадағы әрбір фармацевт дәрігермен бірге адамның денсаулығы
үшін жауапкершіліктің бір үлесін өздеріне алды. Фармацевтикалық
көмекке тек фармакотерапия ғана емес, сонымен бірге қандай да бір
дәрілік препараттың жекелеген курстарын тағайындаумен
байланысты мәселелерді шешу де кірді.
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЛЫПТАСУ
ТАРИХЫ
Алғаш рет біздің практикада фармацевтикалық көмек
концепциясын 90-жылдардың басында профессор
П.В.Лопатин ұсынды.
Фармацевтикалық көмек – біріншіден, тұрғындарды және
нақты әрбір адамды дәріхана ассортиментіндегі барлық
тауарлармен қамтамасыз ету
екіншіден, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды және дәріхана
ассортиментіндегі басқа да бұйымдарды таңдау,
оларды сақтау, қолдану тәсілдері,
сатып алу тәртібі және т.б. мәселелері бойынша медициналық
персоналға және тұрғындарға ғылыми-кеңестік қызмет көрсету
болып табылатын қызмет.
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІ
Фармацевтикалық көмек концепциясы дәріханалық
ұйымдарға да таралды және дәстүрлі дәрілік
қамтамасыз етудің альтернативасы ретінде
қарастырыла бастады. Фармацевтикалық көмек
жүйесінің айырмашылық белгілеріне келесілер
жатады:
Фармацевтикалық көмек жүйесінің заманауи белгілеріне
келесілер жатты:
дәрігер – фармацевтикалық қызметкер – пациент тізбегіндегі қарым-
қатынастың жаңа типі «терапевтикалық өзара қарым-қатынас»;
жоғары фармацевтикалық білімі бар маманның емдік процесті басқаруына
қатысуы, атап айтқанда: қажетті дәрілік препаратты таңдауды негіздеу,
пациенттерге кеңес беру және үйрету, дәрілік терапия нәтижелеріне мониторинг
жасау және бағалау;
оптимальды экономикалық шығын жұмсай отырып клиникалық нәтижелерге
қол жеткізу;
дәрілік препараттарды бөлу жүйесін жетілдіру (сапаны толық басқару,
әлеуметтік фармация және т.б.);
дәрілік препараттар туралы халыққа арналған ақпаратты оптимизациялау
(тұтынушыларға арналған ақпараттағы, этикеткадағы олардың формасын және
мазмұнын жетілдіру).
ЗАМАНАУИ ФАРМАЦИЯ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Фармацевтикалық көмектің бұл моделінің басты
айырмашылық белгісі оның тек дәрімен қамтамасыз етуге
ғана емес, дәрілік заттардың айналым сферасына
толығымен альтернативті болуы. Онан басқа, концепция
тұтынушылардың әртүрлі типтерін тек дәрілік
препараттармен ғана емес, сонымен бірге фармацевтикалық
ұйымдардан сатылатын басқа да тауарлармен, және де
фармацевтикалық қызмет көрсетудің логикалық жалғасы
болып табылатын қызмет түрлерімен сапалы қамтамасыз
етуді қарастырады. Жүйелерді декомпозициялау тәсілін
қолданып автор, фармацевтикалық көмектің кедлесідей
жүйешелерін бөлді:
ЗАМАНАУИ ФАРМАЦИЯНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
фармацевтикалық қызметті бақылау және қадағалау;
мемлекеттік стандарттау, тіркеу және сертификаттау;
дәріхана ассортиментіндегі тауарларды жасау және қайта шығару;
өнеркәсіптік өндіріс және дәріханалық дайындау;
тауарларды өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу;
ақпарат және кеңес беру;
үздіксіз фармацевтикалық білім;
тұтынушылардың құқын қорғау.
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ
МАЗМҰНЫ
Фармацевтикалық көмектің мазмұны көп жағдайда
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық
және сыртқы ортаның басқа да шарттарымен
анықталады. Фармацевтикалық көмектің сапасын
бағалау үшін қолданылатын негізгі критерилерге
дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолданудан
болатын тиімділік (тиімділік, қауіпсіздік, өмір сүру
көрсеткіштерін жақсарту және т.б.); фармацевтикалық
сала мамандарының біліктілік деңгейі; өз уақытында
болуы; тауарлар ассортиментінің болуы және бағасы
бойынша жетімділігі жатады.
Дәріхана ұйымдары өз қызметтерін фармацевтикалық
қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте берілген
лицензияның негізінде жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын негізгі
талаптар салалық стандартта, санитарлық ережелер мен
нормаларда (25.03.02 ж.), ҚР ДСМ-нің 10.05.99 ж. № 238,
22.05.08ж. № 289 бұйрықтарында берілген, олар
төмендегілерге талаптар қояды:
әртүрлі ұйымдастыру типіндегі дәріханалық
кәсіпорындардың бөлмелерінің құрамына және мөлшеріне;
жұмыс орындарының құралдарына және жабдықталуына;
дәрілік препараттарды қабылдауды ұйымдастыруға және
оларды сақтауға;
дәрілік препараттарды босатуға (сатуға);
есепке алу және есеп беру тәртібіне;
персоналға;
қызмет сапасын қамтамасыз етуге.
Фармацевтикалық нарықтың бөлшек сауда
буынындағы функциялары спектрі ең көбі
халыққа қызмет көрсететін дәріхана, ол жеке
бөлек тұрған ғимаратта және де ғимраттың
құрылымында орналасуы мүмкін. Дәріхана
ұйымының маңдайшасында ұйымның түрі
-«Дәріхана»; ұйымдастыру-құқықтық формасы
және меншік формасы; ұйымның фирмалық
аты; орналасқан жері; жұмыс режимі, мекен-
жайы және телефоны көрсетілген тақтайша ілінуі
керек
Сауда залының танысуға ыңғайлы жерінде фармацевтикалық
қызметке және қызметтің басқа түрлеріне берілген
лицензияның көшірмесі, ұсыныстар кітабы, сонымен бірге
төмендегілер туралы ақпараттар орналасуы керек:
денсаулық сақтауды және фармацевтикалық қызметті
басқару органдарының телефондары және мекен-жайы;
ҚР қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тегін, кезектен тыс
және жеңілдікпен қызмет алуға құқы бар тұрғындардың
топтары;
жұмыс орындарының құралдары және жабдықталуы;
ҰОС мүгедектерін және оларға жеңілдіктері бойынша
теңестірілген тұрғындар категорияларын дәрілік қамтамасыз
етуге жауапты тұлға (дәрілерді жеңілдікпен босататын
дәріханалар үшін);
ақпараттық фармацевтикалық қызмет жұмысының режимі
және телефон нөмірлері;
дәріханада (дәріханалық пунктте) дайындалған
дәрілік препараттардың сақталу мерзімі;
тұрғындарға тікелей қызмет көрсететін
қызметкерлер (кестелер, бейдждер және т.б. аты-
жөніне және қызметін көрсете отырып);
сатылатын тауарлардың бағалары;
дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік
заттардың тізімі.
Дәріхана ұйымындағы процестің сапасын
қамтамасыз ету үшін дәріханада сапаны басқару
жүйесі қалыптасу керек, оған ішкі еңбек тәртібінің
ережесін, ішкі тексерулерді жүйелі жүргізу,
қызметкерлердің кәсіби біліктілігін үнемі
жоғарылату бойынша ережелерді жасау және т.б.
кіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарына
сапалы фармацевтикалық көмекті көрсету үшін
дәрілік заттар айналымындағы субъектілерді
ұйымдастыру, бақылау, есебін жүргізу және
маркетингі саласында білім алу, практикалық
дағдылар мен машықтарды қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Асимова Т.А. Биоэтика: учебник/.-
Алматы : АҚНҰР,2017.-240с.
Лопатин П.В. Биоэтика: учебник. -4-еизд.,
перераб. И доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2010.
Сергеев В.В. Биоэтика: учебное пособие/
М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013.-240стр.
Биоэтика. Учебник для вузов по
специальности «Фармация» / Под ред.
П.В. Лопатина, О.В. Карташовой. – М.:
ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 240 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz