Бухгалтерлік шоттар: мазмұны, құрылымы және шоттар корреспонденциясы


Slide 1

Бухгалтерлік шоттар - бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.

Slide 2

Шот - бұл сонымен қатар есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы.

Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық қүралдары мен олардың құрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы: "Касса", "Есеп айырысу шоты", "Жарғылың капитал" және т. б.

Slide 3

Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетуге болады

сол жағын " Дебет" (Дт),

ал оң жағын " Кредит" (Кт ) деп атайды.

Бұл үғымдар тарихи түрде Италияда дүниеге келген (латын тілінен debet - ол бересі, credit - ол сенеді деген мағыналар береді), бірақ есептің дамуымен олар өздерінің бастапқы мағыналарын жоғалтқандықтан, олардың қолданылуы шартты болып табылады.

Slide 4

"Дебет«, "Кредит" ұғымдары шаруашылық әрекеттерін жүргізу барысында әр түрлі бухгалтерлік есепшоттарының өзара байланыстылығын көрсету үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік есепшоттарында қалдықтарды белгілеу үшін " Сальдо (қалдық ) " (шот қалдығы) ұғымы қолданылады.

Slide 5

Активті шоттар

Пассивті шоттар

Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары

Активтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрамы, орналастырылуы жөне құралдардың пайдаланылуы (құралдар мен шығындар) көрсетілетін шоттар.

Пассивтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрылу көздері мен қаражаттардың мақсатты бағытталуы көрсетілетін шоттар (құрылу көздері мен табыстар) .

Slide 6

Екі жақты жазу дегеніміз - әрбір шаруашылық әрекетін есепке алу нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында екі рет: бірдей сомаға бір шоттың дебетінде сонымен бірге өзара байланысты екінші шоттың кредитінде жазу.

Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты ұғымдар тығыз бай­ланысты.

Шоттар корреспонденциясы - бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыстылық, мысалы: "Кассадағы ақшалар" жөне "Есеп айырысу шотындағы ақша" немесе "Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу" және "Кассадағы ақша" немесе "Шикізат пен материалдар" мен "Жабдықтаушылар" және т. б.

Бухгалтерлік жазба - бұл тіркеуге жататын шаруашылық әрекетінің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспонденцияларын ресімдеу.

Slide 7

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде шоттар корреспон-денциясының мынадай екі түрі болады:

Қарапайым;

Күрделі.

Қарапайым шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекет бірдей сомаға бір пюттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне ғана жазылады.

Күрделі шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекеттер бірдей сомаға бірнеше шоттың дебеті мен бір шоттың кредитіне немесе бір шоттың дебеті мен бірнеше шоттың кредитіне жазылады. Осыған орай тиісінше кредиттелетін шоттардың сомасы дебеттелетін шоттың сомасына тең немесе дебеттелетін шоттардың сомасы кредиттелетін шоттың сомасына тең болып келеді.

Slide 8

Жинақтау және талдау шоттары

Бухгалтерлік есепте әр түрлі дәрежедегі көрсеткіштердің мән-жайын алу үшін үш түрлі шот: жинақтау, талдау және субшоттар қолданылады.

Жинақтау шоттары ақшалай өлшем бірлігімен көр-сетілген экономикалық үқсас топтары бойынша шаруа-шылық қүралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттері туралы жинақталған мәліметтерді береді. "Жинақтау" атауы "синтез- жинақтау" сөзінен шыққан, біріктіру, бөліктерді бір бүтінге қосу деген мағынаны білдіреді.

Талдау шоттары жинақтау шоттарының мазмұнын шаруашылық құралдарының және әрекеттерінің жеке түрлері бойынша нақтылайды, заттай, ақшалай және еңбек өлшегіштерімен көрсетіледі. "Талдау" атауы "ана­лиз" сөзінен шыққан, жалпы бүтінді құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлу деген мағынаны білдіреді.

Slide 9

Талдау шоттарының бірінші топтары (жинақтау шоттарына дейінгі) субшоттар деп аталады. Субшот жинақтау және талдау шоттары арасындағы аралық буын болып саналады. Олардың әрқайсысы бірнеше талдау шоттарын біріктіреді, бірақ олар, өз кезегінде, бір жинақтау шотымен біріктіріледі. Кейде субшоттарды екінші кезектегі шоттар деп атайды, ол кезде жинақтау шоттары бірінші кезектегі шоттар деп аталса, онда талдау шоттарын үшінші кезектегі шоттар деп атауымызға болады.


Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс: анықтамасы, құрылымы және шоттар жүйесі
Бухгалтерлік есеп шоттары: құрылымы, екіжақты жазу және жинақтамалық пен талдамалық шоттар
Бухгалтерлік шоттар: түрлері, дебет-кредит жүйесі және корреспонденция принциптері
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жүйесі
Бухгалтерлік шоттар және қосарлы жазудың теориялық негіздері
Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу: жинақтау және талдау шоттарының құрылымы мен өзара байланысы
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі және банктік шоттар бойынша операциялар
Тәжірибелік сабақ №12: Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар мен шегерімдерді есептеу және шоттар корреспонденциясы
Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік шоттар жоспары мен аналитикалық және синтетикалық есеп жүйесі
Баланс және қосарлы жазу жүйесі: активтер, пассивтер және бухгалтерлік шоттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz