Химия оқулықтарының тарихы
Презентация қосу
1. ҚР ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ХИМИЯ
ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН КЕШЕНДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫМЕН ТАНЫСУ, ТІЗІМІН
ЖАСАУ
2. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫН ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ КЕЛУІН ТАЛДАУ
Орындағандар:
Нурсагатова Ж
Көлібайқызы А
Үмбет Ж
Тұғырова А
Жоспар:
1. Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары
2. Орта мектепте химиялық білім берудің міндеттері
3. Химия оқулықтарының тарихы
4.Оқулықтар мазмұны
5. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға
қойылатын дидактикалық талаптар.
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары:
Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық
істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;
Химия зерттханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық
өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;
Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы
ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;
Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын
игерту;
Білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге
үйрету;
Оқушылардың білім мен білік алудағы инициативасын, дербестігін және табандылығын
тәрбиелеу;
Орта мектепте химиялық білім берудің міндеттері
☼Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті−жаратылыстану ғылымдарының арасындағы
химияның алатын орнын көрсету. Әр түрлі күрделену сатысындағы заттарды, олардан
түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді.
☼Химиядан орта білім берудің екінші міндеті−пәнаралық байланысты жүзеге
асыру.
☼Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті−табиғаттың тұтастығы, онда
жүзеге асатын құбылыстардың бір−бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде
ғылыми көзқарас қалыптастыру.
☼Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті−орта мектептегі химияның негізіне
кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу.Заттар туралы білім ұғымдардан
тұрады, олардың негізгілері−химиялық әлемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
☼Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті− химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр
жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
☼Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті−орта мектепте оқылатын
теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу.
☼Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті−орта мектептегі химия ғылымының
негізіне кіретін өндірістік материалды анықтауарқылы оқушылардың политехникалық
әзірлігін арттыру.
☼Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті−табиғатты аялай білуге баулу,
химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және
топырақтың ластануын болдырмау, минералды тыңайтқыштарды қорғайтын
заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу, соңғы кезге дейін
химияны кілең мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа,
организмдерге және адамның денсаулығына тигізетін әсері жөнінде екі жақты
ақиқат пікір тудыру.
Химия оқулықтарының тарихы
Қазақстанда Ж. Қараев бастаған топ оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оларды
әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар, А. Құсайынов пен Ұ. Асылов
оқулықтанудың өзекті мәселелері, А. Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары
қандай болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау, Қ. Аймағамбетова
бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, И. Нұғыманов
химия оқу-әдістемелік кешеніндегі химиялық тілдің маңызы, Ж. Шоқыбаев химиядан жоғары
мектепке арналған оқу құралдарының дидактикалық негіздері жөнінде зерттеу жасаған.
Оқулық мәселелерін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдауға
бағытталған осы еңбектердің маңызды міндеттерінің бірі ─ ғылыми-әдістемелік тәжірибені
жинақтап, зерттеу жұмыстарының құралдарын жетілдіру болса, мақсаты ─ оқулықтардың
сапасын арттыру, әрі педагогикалық практикада оларды пайдалануды жетілдіру.
Оқулықтар мазмұны
Оқулық оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналғанын ескере отырып,
оқу материалы жүйелілік пен бірізділікке сәйкес жазылады. Оның мазмұнына
осы кездегі ғылыми білімнің ерекшелігіне сәйкес іскерлік пен дағды енеді. Білімге
химия ғылымының негізгі элементтері жатады: құбылыс пен деректі
көрсететін ұғымдар жүйесі; олардың арасындағы заңдылық пен тәуелділікті
көрсететін заңдар мен формулалар; ұғымдардың тілдік құралы-терминдер,
номенклатуралар, нышандар. Оқу пәніндегі ғылыми білімді іріктеп алу
түсініктілік, жүйелілік пен бірізділік, қабілеттік ұстанымдары мен ғылыми
мәнділік, теорияның практикамен байланысы ұстаным тұрғысынан шешіледі.
Химия ғылымының құрылымына негізделген логикасы бар. Логика әрқашанда бір
орында қатып қалған және өзгермейтін нәрсе емес. Оқу пәнінің мазмұны
бағдарламамен анықталады.Оқу бағдарламасы мемлекеттік құжат болып
табылады.Ол да оқу пәнінің мазмұнынан құралған, ал сонымен қоса пән бойынша
білімнің, іскерлік пен дағдының көлемін қамтитын барлық сұрақтар,
жаттығулар, есептер, тақырыптардың тізімі бар.
Химияны жаңа типтік оқу жоспары бойынша төрт жылға бөлінген: 8-9 сыныптарда
бейорганикалық химия және органикалық химияның бір бөлігі, 10-11 сыныптарда органикалық
химия және жалпы химия оқылады. Барлық оқу процесінің 20-30%-і көрнекі тәжірибелер мен
практикалық жұмыстар атқаруға жұмсалатын болады. 8-9-сыныптарға арналған химия
оқулықтарының басты ереншелігі- дамыта оқыту принциптерінің қатаң сақталуы. Оны әрбір
тақырыптан соң берілетін сұрақтар, жаттығулар, есептерден айқын көруге болады.
Негізгі жалпы білім беру стандартында Негізгі орта білім беру стандарты бес
ұсынылған ең аз көлемдегі, бірақ функционалдық толық мазмұндық блокқа бөлінеді:
білім жүйесі алты мазмұндық блокқа құрылымдалған:
•Заттар мен химиялық құбылыстарды тану •Химиядан білім беру әдістемесі
әдістері •Химия ғылымының теориялық негіздері
•Зат •Бейорганикалық химия
•Химиялық реакция •Органикалық химия
•Бейорганикалық химияның элементарлық •Химия және өмір
негіздері
•Органикалық заттар туралы алғашқы
түсініктер
•Химия және өмір
Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын
дидактикалық талаптар.
Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау
арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі,
саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер
мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен
қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың
орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен
орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз
болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол
үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне
біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу
материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан
кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп
жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады. Оқушылар химиялық қосылыс және қоспа
ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі.
Саналылық және белсенділік негізі — оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара
салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы
белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін
жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты
саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның
негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың
мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете
білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз
етеді.
Көрнекілік принципі — дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі,
химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді
тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула
қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын
пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен
барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі
керек.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бүл -оқушылардың ғылым
негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен
ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін
қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың
ондіріске енгізілуін, ал химия онеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі
болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен откен ғасырда
азот тыңайтқыштарын молынан ондіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу
қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай
аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына
қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-
жақты зерттелді.Соз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар
химиядан алган теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана
білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі
кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.
Қорытынды
Оқулық ─ тек оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал ғана емес, бүкіл қоғамның айнасы ретінде
оның өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қайнар көзі. Онда әлемдік тәжірибе мен ұлттық
ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаев жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің
қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшіе білім беру саласына жүктелетін маңызды
міндеттердің бірі ─ жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің сапасын жақсартып, оны оқу үрдісінде
тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен. Осы орайда Білім және ғылым
министрлігінің республикалық “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
жаңа буын оқулықтарының сапасын арттыру мақсатында кешенді ғылыми-әдістемелік зерттеу
жұмыстары жүргізілуде. Зерттеулер мен сынақтар нәтижесінде кейбір пән оқулықтарының әлі
де сын көтермейтін жағдайда екендігі анықталып отыр.
Өткен кезеңдердегі химия оқулықтары мазмұнының заман талабына қарай өзгеру
заңдылықтарын зерделеп, саралап алмайынша қазіргі және болашақтағы химия курстарының
жүйелі мазмұны таңдалмайтындығы алғашқы химия оқулықтарын мазмұндық-әдістемелік
тұрғыдан жан-жақты қарастыруды қажет етті. Олардың ішіндегі маңыздылары: білімнің
сабақтастығы; алдын-ала оқыту және пысықтау курстарын жасау; жеке тақырыптар арасында
байланыс орнату; иллюстративті және мәтіндік материалдардың өлшемдік үйлестігі;
практикалық және зертханалық тәжірибелерді таңдап алу мен реттеп орналастыру; есептер
шығару әдістемесі және т.б.
Семинар бойынша сұрақтар:
1. Химия курсының мақсат-міндеттеріне сәйкес
келмейтін оқулық бар ма?
2. Сізге оқулық мазмұнын жазу мүмкіндігі берілсе, қай
тақырыпты алып немесе қосар едіңіз?
3. Сізге дидактикалық талаптарға сәйкес келмейтін
оқулықтар кездестіме?
4. Оқулықтар мазмұнына қойылатын талаптарға тағы
да не қосар едіңіз?
5. Ескі оқулық пен жаңа оқулықтардың
айырмашылығы мен кемшілігі?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Еспенбетова, Ш. О. Химияның білім мазмұны, оның оқулықтағы көрінісі / Ш. О. Еспенбетова,
Ж. М. Алмаханова. — Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 9-10.
2. 1. Жұмаділова Р. Жаңа буын оқулықтар кешені. ─ Химия мектепте; 2008 жыл, № 6, 21-30
беттер.
3. https://ulagat.com/2020/07/09/%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0-%D0%BC%D0%B5%D0%BA
%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96-%D1%85%D0%B8%D0%BC
%D0%B8%D1%8F-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-
%D0%BC%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D2%B1/?ysclid=l7y5o1qnh371068985
4. https://infourok.ru/orta-mektepte-zh%D3%99ne-zhoo-da-himiyaly%D2%9B-teoriyaly%D2%9B-b%D1
%96l%D1%96m-berud%D1%96%D2%A3-ma%D2%9Bsattary-men-m%D1%96ndetter%D1%96-60526
79.html?ysclid=l7y5nnczix514521756
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz