ДНҚ бірізділіктері: қайталанатын (тандемді, сателлиттік, дисперсияланған) және қайталанбайтын түрлері


Slide 1

Қазастан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Мекемесі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Тақырыбы: ДНҚ бірізділіктері: қайталанатын және қайталанбайтын (ДНҚ- қайталанулар) . Тандемды қайталанулар, сателитті ДНҚ, типтік (қысқа, β, α, γ- қайталанулар) және типтік емес. Гендердің тандемды кластері.

Орындаған:

Тобы: Қабылдаған:

Презентация

Slide 2

Жоспар

Ι. Кіріспе

ΙΙ. Негізгі бөлім.

1. ДНҚ бірізділіктері

2. Типтік және типтік емес қайталанулар.

ΙΙΙ. Қорытынды

Slide 3

Геном- жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.

Slide 4

ХХ- ғасырдың 60-жылдары Р. Бриттен және Э. Дэвидсон эукариоттар геномының молекулалық құрылысының ерекшеліктерін, яғни геномның әртүрлі учаскелерінің түрліше рет қайталанатынын ашты. ДНҚ молекуласының қайталанбайтын, орташа қайталанатын, өте жиі қайталанатын учаскелері белгілі.

Slide 5

Кайталанбайтын учаске ДНҚ молекуласының бойында бір дана күйінде кездеседі және бұл жерлерде барлық структуралық гендер орналасқан. Оның үлесіне ДНҚ молекуласының 75 көлемі тиесілі. Геномның қалған 25% - қайталанатын нуклеотидтер бірізділігі болып табылады. Олар жүзден мыңдаған ретке дейін қайталануы мүмкін. Оларды дисперсияланған (біркелкі таралған) және сателиттік ДНҚ бірізділіктері деп бөледі.

Slide 6

Дисперсияланған (біркелкі таралған) ДНҚ бірізділіктері (геномның 15% көлемін құрайды) ДНҚ молекуласының бойына біркелкі бытырыңқы таралып орналасқан. Оларға SINE (қысқы элементтер), LINE (ұзын элементтер) және басқа да бірізділіктер кіреді.

Slide 7

Сателиттік қайталанулар хромосомалардың әр түрлі учаскелерінде бумаланып жинақталған және көптеген рет қайталанып тандемді бірізділіктерден тұрады. Сателиттік ДНҚ геномының шамамен 10% қамтиды жіне α- сателиттік, минисателиттік және микросателиттік ДНҚ- лар деп бөлінеді.

Slide 8

α- Сателиттік ДНҚ, әдетте, барлық хромосолардың центромераларының айналасында орналасқан. Олардың негізгі 171 нуклеотидтер жұптарынан тұрады және жұптасып (тандемді) мыңдаған рет қайталанады.

β- Сателлиттік ДНҚ - 68 н. ж. тұратын және қарапайым жұптасып қайталанатын бірізділіктер.

γ- Сателлитік ДНҚ- 220 н. ж. тұратын сателлиттік қайталанулар.

Slide 9

Минисателиттік ДНҚ- 20-70 н. ж. тұратын және ондаған рет жұптасып (тандемді) қайталанатын бірізділіктер.

Микросателиттік ДНҚ- 2-4 н. ж. тұратын, жалпы ұзындығы жүздеген нуклеотидтер жұптарынан аспайтын, жұптасып байланысқан қайталанулар типі болып табылады.

Slide 10

Жеке нуклеотидтер полиморфизмі дегеніміз- ДНҚ молекуласының бір бөлімінде бір нуклеотидтің екінші бір нуклеотидпен алмастырылуы. Бұл фермент белсенділігінің өзгеруіне алып келеді. ЖНП-ДНҚ- ның әрбір килобазасында (1 кб -1000 нуклеотидке тең) кездеседі.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Молекулалық биология және генетика» авторы Сәтбай Әбилаев.

2. http://humbio. ru сайтынан.

3. ru. wikipedia. org сайтынан.

4. Бегімқұл Б. К. Медициналық генетика негіздері.


Ұқсас жұмыстар
ДНҚ бірізділіктері: қайталанбайтын және қайталанатын элементтер (SINE, LINE) және мобильді генетикалық элементтер
ДНҚ бірізділіктері және қозғалғыш генетикалық элементтер: SINE, LINE және палиндромдар
ДНҚ бірізділіктері мен қозғалғыш генетикалық элементтер: SINE, LINE және транспозондардың адам геномындағы рөлі
Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері: адам геномы құрылымы және ДНҚ диагностикасы
ДНҚ репарациясы: механизмдері, түрлері және биологиялық маңызы
ДНҚ зерттеу әдістері: молекулалық және цитогенетикалық тәсілдер, тура және көлденең ДНҚ-диагностика, ДНҚ-фингерпринт
Тұқымқуалайтын өзгергіштік және ДНҚ репарациясының түрлері мен механизмдері
Тұқым қуалайтын өзгергіштік және ДНҚ репарациясының түрлері мен механизмдері
Эукариоттық ДНҚ-полимеразалар және ДНҚ репликациясының молекулалық механизмі
Қайталанатын алгоритмдер және алгоритмдік тілде әзір мен үшін циклдарының қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz