Кәсіпкер құқығының азаматтық құқықтық тәртібі




Презентация қосу
Кәсіпкер құқығының
азаматтық құқықтық тәртібі
Кәсіпкерлік құқығы пәні,
з.ғ.м., аға оқытушы Какимжанова Н.Т.
Жоспар:
Кәсіпкердің міндеті және субъективті құқығы.
Кәсіпкердің заттай құқығы шеңбері.
Кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда
немесе жеке табыс табуғабағытталған ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның
тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке
кәсіпкерлік заңды тұлға құрылуымен, сондай-ақ заңды
тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңның 9-10 баптарына
сәйкес, егер азамат өз мүлкін айналымға салатын болса,
онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің меншігі екі
жағдайда болуы мүмкін:
а) кәсіпті тіркеуді талап етуді;
ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру
Заң азамат – кәсіпкердің тіркеуге байланысты
қызметін нақты айқындайды. Жалдамалы
қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын
кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін
жылдық жиынтық табысы Қазақстан
Республикасы заң актілерінде көрсетілген салық
салынбайтын жылдық жиынтық табыс
мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетті
түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы
аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның
қызметіне тыйым салынады.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы азаматтар мемлекеттік тіркеуден өзі барып
өтуі тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол тұрғылықты
жері бойынша аумақтық салық органында есепке
тұруы қажет. Азаматтық кодекстің 19 бабы бойынша
олардың мемлекеттік тіркеуден өтпей өз бетімен
қызмет жасауына рұқсат етілмейді. Мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды
тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу
тәсілі болып табылады. Егер жеке кәсіпкер
лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның
осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін
лицензиясының болуы міндетті
“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңның 9 бабы 3
тармағына сәйкес азамат өзінің кәсібін мемлекеттік
тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік
қызметпен айналысуы үшін субъект құқығын алу
талап етілмейді. Зайда көрсетілгендей, мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің болмауы, кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Кез
келген жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын
жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқылы. Өз
қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырушы жеке
кәсіпкердің өзі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің
кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Заң жеке кәсіпкердің өз атынан кәсіпкерлік
қызметпен айналысатындығын, құқықтар мен
міндеттерді алып, оларды жүзеге
асыратындығын бекітеді. Азамат өзінің
кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелер
жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайының
өзінен анық туындамаса, өзінің жеке кәсіпкер
ретінде әрекет жасамайтындығын көрсетуі
тиіс. Мұндай көрсетудің болмауы жеке
кәсіпкерді тәуекел етуден және жеке
кәсіпкердің өз міндеттемелері бойынша
жауаптылығынан босатпайды
Заттай құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге
жақтардың заң актілері арқылы танылатын және
қорғалатын белгілі бір жаққа немесе тиесілі әртүрлі
заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік ету
құқығы болып табылады.
Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен
айқындалған, яғни тлғалардың өз беттерімен заттық
құқықтың жаңа түрлерін жасауға хақысы жоқ.
Заттық құқық шексіз құқық түрінде сипатталады.
Шексіз құқыққа мазмұны жағынан қарама қарсы
тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша
міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей
үстемдік етуї болып табылады.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі
мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы
иеленушісі ретінде сақталып қалатындығы друге
болады.
Заттық құқықтың түрлері екі үлкен топқа бөлінеді:
меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын
тұлғаның заттық құқығы.
Шаруашылық жүргізуге құқылы бар мемлекеттік
кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше
көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің
немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның
келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін
жасауға:
өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және
кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге
адамдарға сатура және беруге,айырбастауға, ұзақ
мерзімді (3 жылдын астам) жалға беруге, уақытша те
гін пайдалануға беруге;
филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен
өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша
капиталын салуға;
үшінші тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдеме
немесе кепілдік беруге құқығы жоқ.
Әдебиеттер
Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік
құқықтың негізгі аспектілері. Нурпеисова
А.К. 2012.
Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік
құқықтың негізгі аспектілері Нурпеисова
А. К., Жандыкеева, Г. Е., Тлеубекова, А. Д.
Алматы Lem, 2012.
Асылбекова, Ғ.Ә. Азаматтық құқықтағы
кешенді кәсіпкерлік қатынастарының
басымдылықтары мен кемшіліктері.
Асылбекова, Ғ. Ә. Заң 2010.

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Азаматтық істерді сотта қарау
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Еңбек құқығының функциясы
Экономика және Құқық факультеті
Азаматтық құқық субьектілері
Жер құқығығының негіздері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Пәндер