Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері


Slide 1

Тас дәуіріндегі Қазақстан

Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері

Ақтөбе 2022

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Тас дәуірінің кезеңделуі

Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар.

Палеолит

Мезолит

Неолит

Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең - тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:

Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші - оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.

Slide 4

ТАС ДӘУІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕЛУІ

Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі болып табылады. Тас дәуірі - археологиялық кезеңделу бойынша алғашқы тас құралдардың пайда болуынан бастап, қоладан жасалған құралдардың шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі б. з. б. 2, 5 млн. жыл бұрын басталып, б. з. б. ІІІ мыңжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды.

Slide 5

Тас дәуірі мынадай кезеңдерге бөлінеді:

Ежелгі тас дәуірі - палеолит (гректің palaios - ежелгі және lithos - тас) өз ішінен былай бөлінеді:

Slide 6

Ең ежелгі адамның қалдықтары Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» - «епті адам» деп атады. Археологиялық ескерткіштердің табылған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталды. Олдувай мәдениеті уақыты жағынан б. з. б. 2, 5 млн. жыл - 700 мың жыл кезеңді қамтиды. Одан кейінгі шель және ашель мәдениеттері б. з. б. 700 мың жыл - 140 мың жыл кезеңді қамтиды. Бұл аталған мәдениеттер ерте палеолит кезеңіне жатады. Ал б. з. б. 140 мың - 40 мың жыл аралығындағы кезеңді қамтитын соңғы ашель және мустье мәдениеттері орта палеолит кезеңіне жатады. Кейінгі палеолит ориньяк, солютре, мадлен деп аталатын кезеңдерге жіктеледі.

Ерте палеолит кезеңінде алғашқы адамдардың питекантроп, синантроп сияқты түрлері өмір сүрді. Орта палеолит кезеңінде неандерталь адамы тіршілік етті. Кейінгі палеолит кезеңінде физиологиялық жағынан қазіргі адамға ұқсас кроманьон адамы немесе «homo sapiens» - «саналы адам» түрі қалыптасты.

Slide 7

ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР.

Тас дәуірінде алғашқы адамдар тастан жасалған, формасы, көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі еңбек құралдарын пайдаланды. Алғашқы еңбек құралдарына тас шапқы, үшкір таяқша, чоппер, чоппинг, қол қашау, кескіш, бифас, үшкір тас, қырғыш және т. б. жатады. Тас құралдармен бірге сүйектен жасалған еңбек құралдары - біз, ине, гарпун, найза, сүңгі қолданылды. Палеолит дәуірінде алғашқы адамдар бірігіп аң аулады және жабайы жемістерді жинап, терімшілікпен айналысты. Алғашқы адамдардың баспанасы ретінде үңгірлер мен жертөлелер пайдаланылды. Палеолит дәуіріндегі адамдар бірігіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау үшін алғашқы тобырға бірлесті. Алғашқы тобырға қоғамдық қатынастар жетілмеуі, реттелмеген неке байланыстары тән болды.

Slide 8

Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары - шапқы, кескіш, қырғыш, т. б. - ерте палеолитке, шамамен 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Қазақстанды мекендеген ең ежелгі адамдар питекантроп пен синантроптың замандастары болған деп есептеледі. Өзінің даму барысында адамның бұл түрі «homo erectus» - «тік жүретін адам» деңгейінде тұрды және ол отты пайдалана білді, аң аулаумен және терімшілікпен айналысты.

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың көне еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, Арыстанды өзенінің бойынан табылған. Археолог Х. Алпысбаев 1958 жылы ерте палеолит кезеңінің тұрақтарын Жамбыл облысы, Қаратау қаласының солтүстік-шығысынан тапты. Бұл тұрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Ерте палеолит кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағынан, Жезқазған маңындағы Жаманайбат, Қарағанды облысындағы Обалысай және т. б. тұрақтардан табылды.

Slide 9

Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар Жер шарының барлық климаттық белдеулерінде қоныстанып, нәсілдік топтардың қалыптасу процесі жүрді. Қоғамдық ұйым ретінде аналық рулық қауым - матриархат құрылды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі, ұрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиетіне байланысты қауымдағы басшылық орынды әйел иеленді. «Саналы адамның» рухани түсінігі күрделеніп, дін мен өнердің алғашқы нысандары кең тарады.

Алғашқы қауымдық өнердің басты тақырыбы - жануарларды бейнелеу, сүйектен, тастан, балшықтар жасалған әйел мүсіндері болды.

Slide 10

МЕЗОЛИТ

Мезолит кезеңінде климаттық өзгерістер болып, мұздықтар еріді. Бұл кезеңде мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтар жойылып, қазіргі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасты. Ірі жануарлардың жойылуы аң аулаудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілікті қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен құралдарын іздестіру қажеттігін туғызды.

Мезолит дәуірінде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ жебесінің ұшы ретінде микролиттер - ұзындығы 1-2 см, шақпақ тастан жасалған құралдар қолданылды. Садақ пен жебенің шығуы адамзат санасындағы үлкен жетістік болып табылады. Аң аулау қаруы ретінде садақ ұсақ әрі жүйрік аңдарды, құстарды аулауға мүмкіндік берді. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмады. Нәтижесінде кезбе аңшылықтың маңызы күшейді.

Мезолит кезеңінің тұрақтары негізінен өзен, көлдердің жағалауында орналасқан. Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық өзендерінің аңғарларындағы, Маңғыстаудағы мезолит тұрақтары белгілі болып отыр. Қазірде Қазақстан аумағында мезолит кезеңі ескерткіштерінің 50 шақты орны табылған.

Slide 11

НЕОЛИТ

Неолит дәуірінде тасты өңдеу техникасы ерекше дамып, жетілдіріле түсті. Тастан еңбек құралдарын жасауда тегістеу, қырнап өңдеу, бұрғылау, аралап кесу тәрізді күрделі тәсілдер қолданылды. Тас балта, кетпен, дән үккіш келілер жасалды.

Неолит дәуірінің маңызды белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін иемденетін тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа ауысу болып табылады. Яғни, терімшілік пен аң аулаудың негізінде егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптасты. Қарапайым кен өндіру, жіп иіру, мата тоқу, қыш ыдыстар жасау сияқты кәсіп түрлері пайда болды.

Неолит дәуіріндегі қоғамдық ұйымдасудың негізгі түрі ретінде рулық қауым сақталып қалды. Рулық қауымда ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіштер бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп бөлінеді. Неолит дәуірінің ескерткіштеріне Ақмола облысындағы Атбасар мәдениеті, Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениеті, Оңтүстік Қазақстандағы Қараүңгір тұрағы, Батыс Қазақстандағы Құлсары тұрағы, Шығыс Қазақстандағы Қызылсу тұрағы, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки тұрақтары және т. б. жатады.

Slide 12

ЭНЕОЛИТ

Тас дәуірі мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең болып мысты тас дәуірі - энеолит (латынша aeneus - мыс және грекше lithos - тас) есептеледі. Энеолит дәуірінде адамдар тас құралдармен қатар мыстан жасалған еңбек құралдарын да пайдалана бастады. Мыс құралдардың шығуы оңтүстік аймақтарда егіншілер мен малшылардың өнімді еңбекті дамытуына елеулі ықпал етті. Энеолит кезеңінің неғұрлым белгілі ескерткіші - Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысы. Ботай мәдениеті б. з. б. ІІІ - ІІ мыңжылдықтарға сәйкес келеді. ХХ ғ. 70-80 ші жылдарынан бастап археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Slide 13

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ПАЛЕОЛИТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Соңғы палеолит құралдары
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Тас дәуірі
Қазақстан тарихының кезеңдері
Саналы адам, қазіргі адамдар
Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар
Палеолит дәуірінің мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz