Малдардың улануы: улы заттардың әсері, клиникалық белгілері және залалсыздандыру


Slide 1

Презентация

Тақырыбы:Улы заттардың организмге әсері

Қабылдаған:Тұтқышбай И.

Орындаған: Пазылбекова П.

Тобы: АП-17-8дк3

Slide 2

Малдың улануы шаруашылықтарға тигізетін зияны аз емес, улану негізінен 1-2 бас ғана емес, малдардың топтап улануы, ауыр жағдайда жедел көмек көрсетіліп үлгерменде, уланған малдың кенеттен өлім -жітімге ұшырауы, жұмыс малдарының уланғаннан кейін жұмысқа жарамсыздығы, емдеуге қаражат шығындары, адамдар еңбегі және тағы да басқа келтіретін зияндары бар

Улану деп жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын потологиялық өзгерістерді айтады.

1. Жіті улану - кенеттен болып, көбінесе өліммен аяқталады.

2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтумен, өнімділігі төмендеумен сипатталады.

Соңғы жолдары ауыл шаруашылық пестицидтерімен көп қолданылуына байланысты жануар текті азықпен адам ағзасына удың енуі маңызды мәселе болып отыр.

Медициналық токсикология - бұл проблемаға ертеден улкен көңіл бөлуде. Бұл мәселеге ветеринариялық токсикологияның да қызығушылығы жоғалға жоқ.

Slide 3

Улану қауырт өткенде бронхылардың түйілуі немесе тыныс алу орталығын паралич соғуы салдарынан мал тұншығып өледі. Улану жіті өткенде сілекейдің шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсызданатыны, жүріс тұрысының бұзылатыны, көз шарысының кішірейетіні, жүректің жиырылу ырғағы сирейтіні, жас ағатыны, малдың тіс қайрайтыны ішек қарынның өңештің жедел жырылып созылатыны, дамылсыз нәжіс тастайтыны, бұлшық еттердің дірілдейтіні тырысып-қырысу түрінде ауық ауыққатты дірілдейтіні, танау және ауыз қабықтарының көгілдендірленіп кететіндігі, малдың тыныс алғанда қиналатындығы, рефлекторлық сезімнің күшейетіндігі байқалады.

Slide 4

Улануға клиникалық балау қойғанда екі белгі дұрыс бағыты беруі мүмкін.

1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер- пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту, га жиналу (тимпания)

2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма, қозу және қысылу, жоғары сезімталдық ( гиперестазия) т. б.

Құрамында миметикалық заттары бар Фос. заттарын уланғанда парасимпатикалық жүйке жүйесінің зақымдалып, көз қарашығы тарылады, саливация (сілекей ағу) тыныс алудың және жүрек ритімінің бәсеңдеуі секілді белгілер байқалады.

Парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін - атропин алколоидты бар өсімдіктерден және препараттардан уланғанда, жүйке жүйесінің функциясының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі және тамыр соғуының жиілеуі.

Цианогенді гликозидтерден, нитрат нитриттерден уланғанда, тыныс алу жүйесі зақымданып, тыныс алудың жиілеуі және қиындауы, зооцидтерден уланған малдарда жүрек қан тамыр жүйесі зақымданып, нүктелуі қан толулар секілді белгілері байқалады.

- Нитраттармен уланғанда- полиурия, гематурия.

- Сынап қосылыстарымен - уланғанда олигаурия, секілді белгілер байқалады.

- Хлораттар, нитраттар, люпин, еркек у самырдан және басқа өсімдіктерден уланғанда несеп түсінің өзгеруі байқалады.

Slide 5

Удың ағзаға ену жолдары : Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда өте маңызды болып саналады. Малдәрігерлік токсикологияда удың ағзаға ауыз арқылы енуі негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар арқылы қарын сөлімен, ондағы микрофлорамен араласады. Заттың уыттылығы оның физикалық-химиялық құрылымына байланысты. Мысалы: құрамында алколоидтары бар өсімдіктер қарынға түскенде суық есебінен уыттылығын жоғалтады. Улы заттар ішектер арқылы қанға, бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады. Тыныс алу( ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртек тотығы, күкірт сутегі, аммиак т. б. ) т аэрозольдар, шаң -тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы созылып, онда күшті тітіркенген өкпе арқылы қанға сіңіп ағзаға резорбивті әсер етеді. Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар көз коньюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ бұлардың мал дәрігерлік токсикологияда маңызы шамалы. Улар тері арқылы да енуі мүмкін.

Slide 6

Удың ағзаға таралуы және оның талғамы, әсері.

Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткене улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде қан арқылы бүкіл ағзаға таралады да, жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды, клиникалық белгілері пайда болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколоидтар жатады.

Slide 7

Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары:


Ұқсас жұмыстар
Малдардың дәрілік заттардан улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және емдік шаралары
Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер: классификациясы, токсикологиясы және малдардың улануы
Малдардың тағамдық улануы мен токсикологиясы: ветеринариялық-санитарлық сараптама мен бағалау
Гликозидтер құрамындағы өсімдіктерден малдардың улануы: клиника, патогенез, емдеу және алдын алу
Малдардың тыныс алу жүйесінің аурулары: жіктелуі, клиникалық белгілері және емдеу
Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы: ара, жылан, буынаяқтылар және балық уыларының патогенезі, клиникасы мен емі
Саңырауқұлақ улануы: улы түрлерді анықтау, клиникасы, алғашқы жәрдем және алдын алу
Улы заттардың жіктелуі мен әсері, өндірістік апаттардағы радиациялық, химиялық және биологиялық ластанудан қорғаныс шаралары
Жануарлар уымен улану: ара, өрмекшілер, шаяндар, улы бақа және жылан уының клиникалық белгілері мен емдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz