Ислам түсінігі: Араб түбегінің діни жағдайы, мәні және уахи


Slide 1

ИСЛАМ ТҮСІНІГІ

Дайындағандар: «ФҚӘ-111 тобы»

Серикбаева. Д. Айтмағамбет. Н.

Мамыт. Ә. Борантай. А.

Slide 2

ЖОСПАР:

Исламға дейінгі АРАБ түбегіндегі діни жағдай

Исламның мән-мазмұны

Хз. Мұхаммедтің (ғ. с. ) пайғамбарлыққа дейінгі тұлғасы

Уәхи түсінігі

Slide 3

Исламға дейінгі АРАБ түбегіндегі діни жағдай

Slide 4

Исламға дейінгі АРАБ түбегіндегі діни жағдай

Slide 5

Исламның мән-мазмұны

Slide 6

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1) Ислам - ең соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамдарға жеткізіп, уағыздаған хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) соңғы пайғамбар. Одан кейін пайғамбар келмейді.

2) Ислам - әлемдік дін. Бұрынғы пайғамбарлар жеткізіп, насихаттаған діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген.

3) Ислам дінінің үкімдері барлық адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей жан-жақты әрі толық. Сондықтан басқа сенімдерге қажеттілік туындамайды.

4) Ислам діні бұрынғы Алла тарапынан келген пайғамбарларды және киелі кітаптарды толықтырады, мойындайды.

5) Ислам діні бұрынғы пайғамбарлар насихаттаған дін үкімдерінің күшін жойған. Өйткені, олар белгілі бір халыққа әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық адамзатқа жіберілген әрі қи-ямет күніне дейін өзгермей жалғасатын дін.

Slide 7

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туылғанда дүниені дүр сілкіндірген таңғажайып оқиғалар, бұған қоса, балалық шағындағы тосын жайттарға туыстарының куә болуы, сұңғыла жандардың оның өзгеше екенін ерте байқауы - бәрі де айналып келгенде болашақта оған жүктелетін міндеттің ерекше белгілері еді.

Пайғамбарлық келмей тұрып та ол әділетсіздік пен қатыгездікті жақтамайтын. Әділдік іздеп шырыл-дағандарға ара түсетін «Хылфұл-Фудул» ұйымына мүше болғаны да сондықтан еді.

Қырық жасқа дейін шалқып өмір сүрмеді. Өте қарапайым ғұмыр кешті. Жастайынан жетімдік тартып, атасы мен көкесінің қолында өсті. Жеке басы, байлығы, жақтастары тұрғысынан да аса ықпалды не күшті емес еді.

Хазіреті Мұхаммедтің (ғ. с. ) пайғамбарлыққа дейінгі тұлғасы

Slide 8

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрім Хазіреті Мұхаммедке (ﷺ) уахи арқылы түсті. Уахи сөзі - жасырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді. Алла Тағала елшілеріне кез‑келген қалаған құбылысты не оқиғаны уахи арқылы білдіреді. Уахидің қандай болатындығы мен қалай әсер ететіндігі бізге беймәлім, ол Алла пен пайғамбар арасындағы сырлы сөйлесу халі. Хазіреті Пайғамбарымызға уахи мынадай жолдармен келген:

Шынайы түс. Уахидің ең көне келу түрі шынайы түс арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Хазіреті Ибраһим түсінде ұлы Исмайылды сойып жатқанын көреді. Соңынан Алланың әмірімен ұлы Исмайылды құрбандыққа шалмақ болғаны баршамызға мәлім (қараңыз: 37. «Саффат» сүресі, 104-105-аят) . Сондай-ақ Юсуф (а. с. ) пайғамбардың түсінде күн мен айдың және 11 жұлдыздың өзіне сәжде еткенін көруі де, (қараңыз: Юсуф сүресі) уахидің осы түріне жатады. Сол секілді Хазіреті Пайғамбарымыздың да көрген түстері айна-қатесіз дәл келіп отыратын. Бұл жөнінде Айша анамыз: «Пайғамбарымыздың көрген түстері дәл келетін. Бұл түстер таң нұры секілді анық еді» (Бухари, Бәдиул уахи 3) дейді. Сол себептен сахабалар Пайғамбарымыз ұйықтап жатқанда, өзі оянбайынша тұрғызып, мазаламайтын еді

УӘХИ түсінігі

Slide 9

ҚОРЫТЫНДЫ:

Қорыта келгенде Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран Кәрім» өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам қоғамның пайда болуының алис-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де, маңызы кемімейтін қасиеті де осында

Діннаным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салат-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын барынша ашып көрсетті.

Атам қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп, жарық дүниеге келген күннен имандылықта бойына сіңіру, мектепте де, жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін айтқымыз келеді.

Slide 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

https://vikidalka. ru/1-82382. html

http://fatua. kz/kz/post/view?id=35http://www. ihsan. kz/kk/articles/view/13267

http://www. ihsan. kz/kk/articles/view/1326


Ұқсас жұмыстар
Сабақ: Ислам діні - пайда болуы, сенім негіздері мен дәстүрлері
Ислам діні мен мұсылмандық тәрбие принциптері
Ислам діні: негіздері, мәтіндері мен тарихы және Қазақстандағы ықпалы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы: мұсылман елдерінің мәдениеті мен діні
Ислам діні: сенім негіздері, бес парыз және шариғат ұғымдары
Қазақстандағы ежелгі мәдениет пен өркениеттер: қала мәдениеті, сақ өнері және араб-ислам ықпалы
Қазақстандағы діни сенім: конфессияаралық ынтымақтастық және ислам дінінің тарихи рөлі
Ислам діні: тарихи-теологиялық негіздер, бес парыз және тәрбиелік-моральдық қағидалар
Қазіргі Қазақстандағы ислам діні: тарихи қалыптасуы, рухани рөлі және заманауи сын-қатерлер
Қазақстан территориясындағы діни сенімдердің таралуы: Тәңірлік, ислам және Ұлы Жібек жолы арқылы енген діндер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz