ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ


Slide 1

Даму психологиясының мақсаты мен міндеттері

Slide 2

Жоспары:

Даму психологиясының пəні мен міндеттері

Даму ұғымы

Даму психологиясының əдістері.

Slide 3

Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы - жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму: 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды; 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі. Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.

Slide 4

Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады: мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы; бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы; жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы; жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері; ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері; қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.

Slide 5

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

МАҚСАТЫ

Әр түрлі кезеңдердегі

психикалық даму

мен кылыптасуды, тұлға

дамуының ерекшеліктерін

зерттеу

МІНДЕТТЕРІ

➢Тұтастық тұғырды жас ерекшеліктер психологиясына пайдалану

➢ Жас ерекшелік психологиясының

негізгі әдістерін меңгеру

➢Әлеуметтік-психологиялық даму жағдайлары мен жас айырмашылықтарын ескере отырып

жұмыс жасай білу

Slide 6

ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

БОЛЖАУШЫ

СИПАТТАУШЫ

ТҮСІНІК БЕРУШІ

Slide 7

Өсу - жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері, мөлшерлерінің ұлғаюы.

Даму - құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу үдерісі. Даму əрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сəйкес даму объектісі - оқшауланған элемент емес, жүйе болып табылады.

Жетілу - генетикалық жоспарға сəйкес органикалық өсу мен дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық жəне сапалы өзгерістерді қамтиды.

Slide 8

Даму психологиясының əдістері

Салыстырмалы əдіс - сыналушылардың немесе таңдаулардың əртүрлі топтарының салыстырылуы. Жас ерекшелік психологиясындағы бұл əдіс əртүрлі объектілердің 18 нақты белгілері бойынша салыстырылуына мүмкіндік береді. «Көлденең қималар» əдістері деп аталатын салыстыру əдісі кез келген функцияның жас ұлғайған сайын қандай өзгерістерге ұшырайтынын анықтауға ықпал етеді (мəселен, нақты бір жас немесе бесінші жəне тоғызыншы сыныптағы оқушылардың дене күшінің, интеллектісінің, эмоцияларының көрсеткіштерін салыстыру) . Салыстыру əдісінің кемшілігі - «көлденең қималардың» даму үдерісін бейнелеуінде.

Даму психологиясында салыстыру əдісімен қатар лонгитюдті əдіс немесе «бойлай қима» əдісі де қолданылады. Ол бір адамның уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуін болжайды.

Құрылымдық əдіс тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-тарды жүзеге асырады

Slide 9

Генетикалық əдіс зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, сатыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамаларында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады. Əдістердің екінші ең ауқымды тобын ғылыми мəліметтерді алудың эмпирикалық əдістері құрайды. Əдістердің бұл тобына бақылау жəне өзіндік бақылау; эксперимент жəне психодинамикалық əдістері (тестер, анкеталар, сұрақнамалар, социометрия, сұхбаттасу жəне əңгімелесу) іс-əрекеттің үдерістері мен нəтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық əдістер (адамның өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың талдамасы) . Үшінші топтымəліметтерді өңдеу əдісі құрайды. Бұл əдістерге сандық (статистикалық) жəне сапалы талдау (мəліметтердің топтарға жіктелуі жəне т. с. с. ) əдістері жатады. Төртінші топқа интерпретациялық əдістер - генетикалық жəне құрылымдық əдістер жатады.

Slide 10

Даму психологиясының пəні адамның онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның ісəрекетінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Даму психологиясы - онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы - адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай.

Slide 11

Онтогенез (грек. on - табыс септігінің жалғауы, ontos - нағыз, нақты және генез) - организмнің жеке дара дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқа жасуша - зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Онтогенез - ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі . Онтогенез дербес ұғым болып саналады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық) . Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos - жекелей, genes - шығу тегі) дейді.

Slide 15

Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.

Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі.

Slide 16

Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.

Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.

Slide 17

Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады.

Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері
Балалар психологиясы
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ САТЫБАЛДЫ АЙБЕК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК
Жас ерекшелік психологиясы
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Жас ерекшелік психологиясы бөлімдері Жастардың психологиясы
Жас ерекшелік дамуының кезеңдері мен күйзелістері
Заң психологиясына кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz