Сөзжасам жүйесі
Презентация қосу
Сөзжасам жүйесі
ОРЫНДАҒАН:АМАНГЕЛДИЕВА ШОЛПАН
ҚАБЫЛДАҒАН:АКМАРАЛ ДАУТКУЛОВА
Сөзжасам
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің
жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы
мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін
зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым
тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде
атау ретінде танылады. Қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар,
мағынаның дамуын, ұғым-мағына атаудың кешенді
бірлігін қарастырады.
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам
жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы
бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері
қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни
сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне
замандардан бері қарай қолданылып әбден
орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері
мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл
туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі
тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер
болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде
туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік
бірлік қызмет атқарады:
1) лексикалық мағыналы сөз
2) сөзжасамдық жұрнақ
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл
тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік
қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік
туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да
туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана
қатысады.
Мысалы, қаламгер, жақсылық, өнерлі, кекшіл сияқты
туынды сөздердің жаңа мағынасы қалам, жақсы,өнер,
кекшіл сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар
негіз сөздер деп аталады.
Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының
туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр.
Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық
бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар
тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі
болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына
ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды
сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де,
туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган
сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік,
айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір
сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз,
сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім,
сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен
одан жасалған туынды сөздің мағынасы
байланысты болатындықтан, туынды түбірдің қай
сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге
болады.
Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык
мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың
аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы
анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.
Сөзжасам
Негізгі сөз Туынды түбір
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық
мағынасына арқау болатын сөз.
Мысалы:кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды
мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз
сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан
олардың мағынасы байланысты. Жалпы
туынды түбір атаулының бәрінде осы
зандылық сақталады.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға,
екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып
саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді
тек жұрнақ жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер
туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен
сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады.
Мысалы,айла+кер=айлакер, көрер+мен = көрермен,
дәрі+хана = дәріхана, қол+да =қолда, айып+кер =
айыпкер, жыр+шы= жыршы т.б.
Сонымен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші
морфемадан түрады.
Мысалы: көр(негізгі морфема)+ме (көмекші морфема). Осы
сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші
морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан
тұрады.
Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты.
Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде
кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай
біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.
Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік
қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық
мағына жасау. Сондықтан көпшілік сөзжасамдық
жұрнақтар лексикалық жаңа мағына жасайды.
Мысалы, көп туынды түбірін жасаған –шік
жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына,
яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда
мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан көпшік
туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.
Қорытындылай келе сөзжасамдык
тәсілдер арқылы жасалған туынды
сөздердің бәрі сөзжасам процесінің
нәтижесіне жатады. Сондықтан
туынды сөздер сөзжасам ілімінің
зерттеу нысаны болып табылады
да, сөзжасам жүйесінде негізгі
орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы,
2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің
сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы,
2003.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz