Геронтологиядағы дәрілік терапия




Презентация қосу
«Семей қаласының Дүйсенбі Калматаев атындағы
мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ
КМК

Т ақырыбы:Егде жастағы адамдарда остеопороз
проблемасы.
Геронтологиядағы дәрілік терапия.
Орындаған:Т
Тексерген:К
К.Б.
Топ:4лд2.

2022жыл.
Жоспар:
1. Кіріспе:
а) Остеопороз дегеніміз
не ?
2. Негізгі бөлім:
а)Егде жастағы
адамдардағы остеопороз
Геронтологиядағы
дәрілік терапия
Алдын алу
3. Қорытынды:
Остеопороз — қаңқаның
барлық сүйектерін
зақымдайтын едәуір
таралған ауру. Ол
организмнің қартаюы мен
тозуының салдарынан
пайда болады және ер
адамдарға қарағанда,
әсіресе климакстан
кейінгі кезеңде
әйелдерде жиі кездеседі.
Остеопороз («кеуекті сүйек») – сүйек
салмағының азаюымен және сүйек тінінің
микроархитектоникасының бұзылысымен
сипатталып, сүйектің морттығына әкеледі де
сыну қаупін жоғарлатады. Сүйектің жиі
кездесетін сынықтарына білектің дистальді
бөлігінің, сан сүйегінің проксимальді бөлімінің
(мойнының, ұршық үсті аймағының) және
омыртқаның (омыртқа-ның денесі) жатады.
Остеопароз әлеуметтік жағынан тек жүрек
қантамыр, ісік аурулары және қантты диабеттен
кейін орын алады және әрбір екінші әйелге және
50-ден асқан әрбір үшінші ер адамға қауіп
төндіреді. Бұл ауру 61-70 жас арасында 40-66%
және 71-89 жас арасында – әйел адамдарда 70-
90% диагностика-ланады. Бұл жастағы ер
адамдарда осы аурудың көрсеткіштері төмен
болады. Остеопорозбен және сүйек
сынықтарымен асқынған оның науқастардың емі
мен қайта қалпына келуі едәуір материалды
шығындармен байланысты.
Егде және қарт жаста бірінші ретті остеопороз
(етеккір тоқтағаннан кейін және сенсильді) басым
болады, әртүрлі: эндокринді, ревматикалық, асқазан-
ішек, зәр шығару жолдарының және қан жасау
жүйесінің созылмалы ауруларына байланысты
дамитын екінші ретті түрі сирек кездеседі.
Етеккір тоқтағаннан кейінгі (климакс) остеопороз 50-
70 жастағы әйелдерде кездеседі. Оның негізгі себебі
– «жіберу механизмі» – организмде әйел жыныс
гармоны эстрогендердің жеткіліксіз мөлшерде
түзілуі. Олардың жеткіліксіз болуы калий фосфор
алмасуын реттейтін гармонды жүйенің бұзылуын
туғызады. Осыдан сүйек тінінің түзілу үрдісі бұзылып,
Д дәруменінің жеткіліксіздігі дамып, ас қорыту ішек
жолдарында кальцийдің сіңірілуі төмендейді.
Соңынан сүйек салмағы және тығыздығы азайып,
олардың сынғыштығы күшейеді.
Сенильді остеопороз еркектерге қарағанды
әйелдерді 70 жастан асқанда жиі анықталады
Егде және қарт жастағы науқастарға
дәрілік терапиясын бастағанда әр дәрігер
дәріге көрсеткіштердің дұрыс
анықталғандығына, дәрілердің мөлшері
науқастың жеке ерекшеліктеріне сәйкес
болуына, дәрігер тағайындауы науқастың
дұрыс түсінгендігін және оның дұрыс
қабылданып жатқанына сенімді болу керек.
Егде және қарт жастағы науқастарға
дәрілік терапиясын бастағанда дәрігер
қартаю үрдісінің фармакотерапия
эффективтілігіне әсері, гериатрияда дәрілік
заттардың мөлшерлеу қағидасы, қартайған
адамдардағы дәрілік заттардың жанама
әсері және дәрілік затардың өзара
әсерлесуі және дәрілік заттардың
жағымсыз әсеріне қартайған ағзаның
тұрақтылығын жоғарылату жолдары
туралы нақты білімі болуы керек.
Егде және қарт жастағы дәрілік
терапияның мәселелері:
Бірнеше аурудың болуына байланысты
бірнеше дәрілік затты қолданудың
қажеттілігі туады.
Көптеген аурулардың созылмалы
ағымына байланысты дәрілік заттарды
ұзақ уақыт қолдану қажеттілігі.
Патологияның болуы, ағзаларда және
жүйелерде жастық өзгерістер фонында
дәрілік заттардың
фармакодинамикасының және
фармакокинетиканың бұзылыстары.
Комплеанстың бұзылыстары – дәрілік
терапияның тағайындалған режимін
толық емес немесе дұрыс емес
орындалуы.
Егде жастағы науқастарға дәрілік заттарды көбінесе
ішке қабылдауға тағайындайды. Қартаю кезінде
асқазан-ішек жолында сіңірілудің баяулауы сіңірілу
аймағының азаюымен, моториканың әлсіреуімен,
эвакуация баяулауымен, секреторлы белсенділігінің
төмендеуімен, мезентериальды тамырларда қан
айналымның төмендеуімен байланысты. Жас
ұлғаюмен ішке тағайындалатын дәрілік заттардың
сіңірілуі төмендейді. Егде және қарт жаста қышқыл
түзілудің төмендеуі дәрілік заттардың сіңірілуіне
тура әсер көрсетпейді, өйткені абсорбция үрдісі
негізінен жіңішке ішекте жүреді. Сонымен бірге
көптеген ферменттердің өндірілуі және белсенділігі
тұз қышқылына тәуелді. Асқазан ішілік pH өзгеруі
дәрілік заттардың асқазанда еруін және
ионизациясын және pH-тәуелді абсорбциясын
бұзады, ол толық сіңірілуіге әсер етеді. Ахлоргидрия
қышқылға тұрақсыз дәрілік заттардың
(пенициллиндер) жоғары абсорбциясын шақырады.
Темір сіңірілуі төмендеуі асқазан-ішек жолдарында
сіңірілуідің төмендеуіне ғана емес, сонымен бірге
кейбір ағзалардың, бірінші орында бауырдың
деполық қызметінің өзгерістеріне де байланысты.
Егде жаста остеопорозды кальцийге бай
емдәм ұстанумен немесе құрамында кальций
бар тағамдық қоспаларды қабылдау арқылы
алдын алуға болады.
Орташа дене жүктемесі де остеопороздың
алдын алудағы маңызды фактор.
Остеопороздың және басқа созылмалы
аурулардың алдын алу үшін ұсынылатын
дене белсенділігі мен тамақтану туралы білу
үшін салауатты өмір салты мен дұрыс
тамақтану бойынша ұсыныстарды оқуды
ұсынамыз.
Дамыған елдерде 40 жастан асқан әйелдерге
сүйек салмағының жоғалтылуының алдын
алу үшін эстроген мен прогестерон
препараттарын қабылдау ұсынылады. Мұндай
тәсіл етеккір тоқтау шағындағы әйелдерге
аса жарамды.
50 жастан кейін денситометрия өтіп отыру
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ісікке қарсы дәрілік заттар
КОЛИТТІ ЕМДЕУ ТЕРАПИЯСЫ
Анафилактикалық шоктың жиі болу себебі
Тұқым қуалаушы энзимопатиялар
ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
Шылым шегуді тоқтатудағы никотин алмастырушы терапияның тиімділіг
Тұқым қуалайтын аурулары
Мәселелі дәрілер туралы түсінік. Дәлелдімедицинаның қазіргі уақыттағы фармакотерапияның дамуындағы атқаратын рөлі
Анестезиологиялық көмек және қарқынды терапия меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан мынадай денсаулық сақтау ұйымдарында
Қауіп тудыратын дәрілік заттар. Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі
Пәндер