Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

М. Дулатов, С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин ғалымдардың әдебиет тарихын дәуірлеудегі алғашқы ғылыми тәжірибелерін талқылау

Орындаған: Абделдаева Айдана

Тексерген: Мәтбек Нұрсұлу

2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі

Негізгі бөлім

М. Дулатов, С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин ғалымдардың әдебиет тарихын дәуірлеудегі алғашқы ғылыми тәжірибелерін талқылау

Қорытынды

Slide 3

Қазақ әдебиетінің тарихын жасау да ұзақ та, күрделі ауыр жолдардан өтті. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің алғашқы кезеңдерінде ұлттық әдебиеттің бар екендігін де дәлелдеуге тура келген. Әдебиеттің тарихы ұлттық әдебиеттің өткен даму жолдарын, нақтылай айтқанда, сөз өнерінің қайнар бастауларынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи дамуын, дамудың жетекші заңдылықтарын, ондағы жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылықтарын зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы дейтін болсақ, оның алғашқы сілемдері Х1Х ғасырда Ш. Уәлихановтың еңбектерінде («Қазақ халық поэзиясының түрлері» атты мақаласы, Жанақ, Орынбай, Шөже туралы айтқандары, т. б. ) көрінсе, ХХ ғасырдың алғашқы жарымында біртіндеп қалыптаса бастады.

Slide 4

1927 жылы М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» шықты. Кітап осылай аталғанымен онда негізінен қазақ халқының ауыз әдңбиеті қарастырылған. Бұл кітапта ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, бірнеше түрге жіктелген.

Сыршылдық салт өлеңдері

Әңгімелі өлеңдер

Айтыс-тақпақ

Ертегі

Мақал-мәтел

Жұмбақ

Slide 5

Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі дәуірін сол кездің саяси әлеуметтік-жағдайына орай, үлкен екі кезеңге бөледі:

Билер дәуірі

Орыс патшасына бағынған дәуір

Slide 6

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы - неғайбыл. «Тарихын жоғалтқан жұрт - жоғалған жұрт» (М. Дулатов. «Қазақ», 1915, №155) . Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары басқа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуақасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұстамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. «Қазақ», «Айқап», «Сана», «Лениншіл жас» секілді басылымдарда жарияланған материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты алғы шарттар жасалынды.

Slide 7

Қазақтың да бұрыннан келе жатқан ұлт, дамыған ұлттық әдебиеті, мәдениеті бар халық екендігін дәлелдеп, жазылған мақаланың бірі С. Сәдуақасовтың «Қырғыз әдебиеті» («Трудовая Сибирь», 1919, №1) тақырыбындағы тарихи-сыни очеркі болды. Орыс тілінде жазылған мақаланың негізгі мақсаты қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті төмен деп түсінетін орыс оқырмандарына өткен дәуірлерде ұлттық әдебиеттің, әсіресе ауыз әдебиетінің дамыған, бай түрі болғандығын, оның өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін таныстыру болған. Смағұл қазақтың жазба әдебиетінің тарихын Мәшһүр Жүсіптен, Абайдан бастаған. Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері ретінде М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашевтің, Ш. Құдайбердиевтің, С. Торайғыровтың, А. Мәметовтің, С. Сейфуллиннің, т. б. шығармаларын талдап, сипаттамалар берген.

Slide 8

Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С. Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдардың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) өмірге келді. Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге жеткені соның екеуі ғана.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Өмірбаян қандай құжат
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Сәуірдің сегізі Мағжан Жұмабаев. Қарағым 1893-1938гг
Шығарма шылық
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Мамандық таңдау - ең жауапты іс
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы
Тіл мәдениеті
Киік қандай жануар
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz