Растрлық графика Векторлық графика


Slide 1

Компьютерлік

графика

Slide 2

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы

Slide 3

Компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми

графика

Іскерлік

графика

Көркемдік

графика

Конструк-торлық

графика

Иллюст-ративтік

графика

Жарна-малық

графика

Компьютерлік графиканың негізгі салалары:

Slide 4

Ғылыми графика

Бұл ең бірінші пайда болған бағыт.

Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми

және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде

және олардың нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма

және т. с. с. түрінде қолданылады.

Slide 5

Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Ғылыми графика

Slide 6

Іскерлік графика

Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі

мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар

көрсеткішін, есеп беру құжаттарын,

статистикалық мәліметтерді - осы объектілер

үшін іскерлік графиканың көмегімен

иллюстрациялық

материалдар /график, диаграмма/

жасалады.

Slide 7

Іскерлік графика

Қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады.

Slide 8

Көркемдік графика

Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.

Slide 9

Көркемдік графика деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады.

Көркемдік графика

Slide 10

Конструкторлық графика

Ол инженер - конструкторлардың,

жаңа техника зерттеушілердің жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі жобалаушы автоматтандыру жүйесінің міндетті элементі болып табылады.

Slide 11

Инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады.

Конструкторлық графика

Slide 12

Иллюстративтік графика

Иллюстративтік графиканың бағдарламалық құралдары адамға қарындаш, бояу, циркульдер, сызбалар және басқа аспаптардың көмегімен қағазда салғандай кез келген суретті салуға, сызуға компьютерді қолдануға мүмкіндік береді. Иллюстративтік графиканың қарапайым бағдарламалық құралдары графикалық

редакторлар деп аталады.

Slide 13

Иллюстративтік графика

Slide 14

Жарнамалық графика

Жарнамалық графиканың

басты ерекшелігі шыншыл

кескіндер мен “қозғалатын суреттерді” жасау мүмкіндігін айтады. Осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қойылады.

Slide 15

Жарнамалық графика

Жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.

Slide 16

Растрлық графика

ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА

Компьютерлік графика

А

Б

В

ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА

Векторлық графика

Фракталдық графика

Slide 17

Растрлық графика

Растрлық кескін дегеніміз - түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге

компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен

және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр

пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады .

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Slide 18

Растрлық графика

Slide 19

растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады;

нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға;

кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Растрлық кескіннің артықшылығы

Slide 20

растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны.

Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан) . Файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады) .

Растрлық кескіннің кемшілігі:

Slide 21

Векторлық графика

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер

және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер

жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді

векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Slide 22

Векторлық графика

Slide 23

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады.

Slide 24 Slide 25

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады.

Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Slide 26

Фракталдық графика

Фракталды графиканың жасалу әдісі

сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Slide 27

Фракталдық графика

Slide 28

Үшөлшемді графика

Үшөлшемді графика деп компьютердің

шығару құрылғыларында көлемді суреттерді

көруге мүмкіндік беретін технология аталады. Үшөлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар үшөлшемді модельдеу бағдарламалары деп аталады. Бұл

бағдарламалар фотосуреттерді ұқсас жоғары сапалы суреттерді құруға мүмкіндік береді.

Slide 29

Үшөлшемді графика

Slide 30 Slide 31 Slide 32

Бекіту тапсырмасы

Растрлық графика

Векторлық графика

Slide 33

1. Компьютерлік графика - бұл

А) ақпаратты өңдейтін ғылым

Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін

В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым

С) математикалық формулаларға негізделген ғылым

Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым

2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары

А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік

Б) ғылыми, инженерлік, web

В) ) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық

С көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік

Д) тұрмыстық, инженерлік, іскерлік

3. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі

А) растрлық және фракталдық

Б) үш өлшемдік және векторлық

В) растрлық, фракталдық және векторлық

С) растрлық және үш өлшемді

Д) растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Slide 34

4. Растрлық графиканың негізгі элементі

А) сызық

Б) нүкте

В) Сызық, доға, шеңбер

С) математикалық формула

Д) символ

5. Фракталдық графиканың базалық элементі

А) Математикалық формула

Б) Нүкте

В) Сызық

С) Кесінді

Д) Қисық

6. Векторлық кескіндер

А) сурет, иллюстрациялық кескіндер


Ұқсас жұмыстар
Растрлық графика
РАСТРЛЫҚ ФОРМАТТАР
Растрлық кескін
ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКА
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графикада
Векторлық, растрлық графиканы құру және өңдеу программалары
Компьютерлік графика
Векторлық программалар
Компьютерлік графика түрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz