Компьютерлік модельдеу түсінігі




Презентация қосу
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті
немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде
бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе
құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың
моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба
ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық
уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип
пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін
әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және
прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің
көлеміне тәуелді болады.
.
Компьютерлік модельдеу түсінігі.
Компьютерлік модельдеудің мүмкіндіктерін
кеңейтіп, қолдану тәсілдерін жеңілдететін ішкі
бағдарламалар мен сандық математика
тәсілдерінің формаларымен толықтырылған
функциялардың кітапханалары бар.
«Компьютерлік модельдеу» түсінігі ХХ
ғасырдың 50-ші жылдары биологиядағы күрделі
жүйелерді автоматтандырылған экономикалық-
ұйымдастырылған басқару жүйесін құруда
жүйелік талдаумен жиі қоладанған.
Компьютерлік модельдеу – қазіргі заманғы ғылыми
танымның басқарушы принципі. Сондықтан, ғылыми-
практикалық зерттеулерде оның атқаратын міндеті аса
жоғары.
Қазіргі кезде ғылыми-практикалық зерттеулерде
компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының
бірі болып табылады. Ол инженер мамандардың білуге
тиісті жобалау,талдау, сараптау іс-әрекетінде маңызды
міндет атқаратын таным құралдарының ең қуаттыларның
қатарына жатады. Компьютерлік модельдеудің мән-
мағынасы, маманның нақты объектіні практикада толық
зерттеу мүмкін емес жағдайда, оны есептеу алгоритмдерінің
көмегімен компьютер арқылы іске асыратын, сол нақты
объектіні математикалық модельмен алмастыру болып
табылады.
Модельдің түрі және оның құрылуы субъектінің
біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне жеке
қызығушылығына байланысты. Модельдеу субъект
алдында тұрған модельдеуге қатысты мәселелерді
шешкенде ғана өз мақсатына жетеді. негізгі идеялары
барлық оқу орындарында күрделі объектілерді оқу,
зерттеудің тиімді тәсілі ретінде пайдаланады.
Заманауи компьютерлік модельдеу бағдарламаларын
игерген студенттердің кәсіби шығармашылық
қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда
болады. Электрондық сұлбаларды математикалық
модельдеу жұмысы электрондық аспаптар туралы
ақпараттарды (элементтер мен интегралдық
микросұлбалардың компоненттері туралы) және
оларды біріктіріп қосу әдістері электрондық
есептегіш машиналарға (ЭЕМ) енгізуден басталады
Модельдеу принциптері:
1)Эволюция
- күрделіні қарапайымдандыру мүкіндігі.
2)Редукционизм
- төменгі формалар күйін таңдау арқылы
жоғары формалар күйін болжау.
3)Радционалдық
- әлемнің нақты объектілерін логиканың,
математиканың көмегімен таңдау.
5) Компьютерлік модельдеудің тарихы.
Компьютерлік модель (computer model)
Компьютерлік модель түрлері.
Информатикадакомпьютермен құрылатын және
зерттелетін модельдер қарастырылады. Бұл
жағдайда олар компьютерлік жәнек омпьютерлік
емес болып бөлінеді.
Қазіргі таңда компьютерлік модельдің екі түрін
белгілейді: 1)құрылымдық 2)функционалды,
компъютер технологияларының көмегiмен
суреттелген объектiнiң шартты бейнесi болады. -
Имитациялық бағдарламаны таныстыратын немесе
әр түрлi шарттарда объектiнiң қызмет ету
процестерiн жаңғыртуға рұқсат беретiн
программалық кешен.Компьютерлік модельдеудің
мағынасын бағалау қиын.
Модельдер құру технологиясы.
Компьютерлік модельдеудің мақсаты –
экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық/техникалық сипатта шешім
дайындап, қабылдауға пайдаланылуы мүмкін
мәліметтер алу.
Компьютерлік математикалық модельдеу
информатика пәнімен технологиялық жағынан
байланысады. Компьютерлер мен ӛңдеудің сәйкес
технологияларын пайдалану экологтардың,
экономистердің, физиктердің және т.б. қызметтерінің
ажырамас бӛлігі.
Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы
адамның компьютерлік модельмен орындайтын
мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы
Модель құру қиындықтары.
Модельдерді құру барысында үш негізгі
шарттарды көңілден шығармау керек:
1) Mодель жүйенің функциясын қаншалықты
маңызды етіп көрсете алады;
2) Жүйе, оның сенімділігі мен деректер көлемі мен
оның толықтығы туралы қажетті ақпараттарды
алу мүмкіндігі;
3) Деректерді өңдеудің, сақтау мен жинаудың
қолданыстағы құралдары мен әдістерінің
өткізушілік қабылеті; Бірінші шарт қалаған
нәтижені алып береді, ал қалған екеуі
модельдердің мақсатқа сай екендігін көрсетеді.
Модельдеу нәтижелерін өңдеу.
Модель – ғылыми танымның маңызды құралы.
Құрал ретінде модель белгіленуі бойынша қолданылуы тиіс.
Кез-келген құралдың шектелген қолдану аясы бар.Модельдердің
сандық, сапалық сипаттамалары:
• Моделін оқып үйрену негізінде жасалған модельдеу объектісінің
күйі бағасын дәл болжауға;
• Модельдеу мақсатына сәйкес берілген модельдің қолданылу шегін
анықтауға қажет.
Құрылған модельдерді:
• Модельдің сыртқы түрін түпнұсқаға сай кӛрнекі құру;
•Модельденушіобъектіқұрылымынтолықтайбейнелеу;
•Модельденуші объект күйі туралы кӛбірек болжамдар жасауға
мүмкіндік алу арқылы жетілдіруге болады.
Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан
бағаланады.Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып,
бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сейкес детерминациялық
модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік білім
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Мектептегі информатика курсында
Модельдеу нәтижесін талдау
МЕНІҢ ЖОБАМ
Дәрілік форманы әзірлеу
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі туралы
ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ
Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты
Нақты электрлік құралды компьютерлік моделдеу және жобалау мәселелерін қалыптастыру
Пәндер