Ғалым жазған Қазақ тілі грамматикасының арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел


Slide 1

Ғалым Қ. Жұбановтың ФОНЕТКА бойынша зерттеулері

Орындаған:Қуанышбай Мерей

Жетекшісі:Ахаева А. С

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ

ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРАЗ 2022-2023

Slide 2

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (19 желтоқсан 1899 жыл, Темір ауданы, Ақтөбе облысы - 25 ақпан 1938 жыл) - тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог.

Алғашқыда Оспан иманның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы «Хусайния» медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді.

Slide 3

Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов туралы тілші-ғалым Ә. Жүнісбеков:

Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов туралы тілші-ғалым Ә. Жүнісбеков:

«Қазақ тілінің дыбыс жүйесін түгел қамтып, оның жан-жақты ғылыми сипаттамасын берген ғалым қазақ тілінің фонетикасын пән ретінде қалыптастырған санаулы қайраткерлердің бірі болды», - (28, 193) деп жазуы тұңғыш профессордың қазақ фонетикасындағы орнын айқындап тұр. Ғалым жазған «Қазақ тілі грамматикасының» арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел. Бұл еңбекте дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауыстыдауыссыздар, олардың артикуляциясы мен акустикасы, дыбыстау 61 аппараты, буын, сингармонизм, екпін түгел сөз болады. Сөйтіп, еңбектің фонетика бөлімі бас-аяғы бүтін жүйелі тарауға айналған.

Slide 4

Қазақ фонетикасын зерттеуші А. Байтұрсынұлы, Ж. Досмұхамедов, Қ. Жұбанов ана тілінің дыбыс жүйесін көкірек көзімен түйсіну әдісін қолдана отырып, қазақы фонетика ғылымының негізін салды. Бұл жолда үшеуі де аянбай күресті. Мысалы, Қ. Жұбановша: «Үндестік заңы . . . дыбыстардың . . . ымыраласуы». Ол қазақ тілінің іргелі үндесім заңдылығын сақтауға атсалысты: «. . . объявляние войны против сингармонизма, как часто поступают ученые мужи из ВЦКНА (Всесозный Центральный комитет нового (латинизированного) алфавита - Б. Хасанұлы), равносильно объявлению войны против агглютинативного строя так называемых уралоалтайских языков», - деді.

Slide 5

Қазақ тілі дыбыстарының буын ішінде үндесіп барып сөз құрайтынын аңғарған Қ. Жұбанов «қазақ тілі - буыншыл тіл» деп соны жаңалық айтқан болатын. Ғалымның «Ауыл мұғалімі» журналының 1934 жылғы 2-нөмірінде жарық көрген «Буын жігін қалай табуға болады?» деген мақаласында буын жайындағы айтқан пікірлерінің маңызы артып, бүгінгі күні тілшілер ұстанатын қағидаға айналды деуге болады: «Қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емленіде білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұға алмайсың, буынды білмейінше, сөз екпіні (ударение), сөз сазы (интонация) секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқусияқты сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың; буын жайына қанық болмасаң, өлең құрылысының негізімендұрыс таныс бола алмайсың. . . Буын жүйесі қай тілде де белгілі орын ұстамақ. Әсіресе, қазақ тілінде оның маңызы өзгеше, артықша».

Slide 6

Қ. Жұбанов тұтас дәуірдің болашағын қазақ тілінің өркендеуімен, ғылым тілінің дамуымен, қазақ интеллегенциясының қазақылануымен байланыстырады. Болашақтың сұранысы мен қажеттілігін көрегендікпен болжай білген ғалым Қазақстандағы озат оқытушылар съезінде былай дейді: «Қазақ тілін танып-білу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тілінің тарихын зерттеуге үлкен мән берілуі керек… Болашақта қазақ тілі мен қазақтың әдеби тілінің бой көтеріп өркендеуі үшін біз орфография мен терминологияны дұрыс жолға қоюымыз керек». Осыдан-ақ терминологияны зерттеу нысаны етіп алғаны анық байқалады.

Slide 7

Проф. Қ. Жұбанов буынды тілдің көп қырлы, күрделі құрылымдық жүйесі деп таниды да оған мынадай сипаттама береді: 1) буын мен емленің байланысы; 2) буын мен сөз тудыру; 3) буын мен сөз түрлендіру; 4) буын мен сөз екпіні; 5) буын мен сөз сазы (интонация) ; 6) буын және сөз мәнері («ажарлап» сөйлеу, «әсерлеп» оқу) ; 7) буын және өлең құрылысы.

Slide 8

Профессор Қ. Жұбанов қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін де алғаш қолға алып, пән ретінде қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасады. Ғалым өзі өмір сүрген кезінде фонетиканың ғылымдағы орны дәл анықталып болмағанына қарамастан ғылыми фонетиканың объектісін дұрыс тани білді.

Қазақ тіл білімінің алғашқы кезеңінде- ақ ғалым тілтанудың іргелі мәселелерін дұрыс шешіп, теориялық терең тұжырымдар жасауы нәтижесінде оның ұсынған ғылыми қағидалары уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өзінің өміршеңдігі мен заман талабына сай екендігін дәлелдеп, кейінгі зерттеулер бұлақ- бастауына айналды.

Slide 9

1929 жылы осы институттың академигі Самойлович басқаратын «түркітану семинарийіне» оқуға түсті.

1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болды. Н. Я. Марр, И. И. Мещанинов, А. В. Богородицкий, т. б. белгілі тілші ғалымдардан дәріс алды.

1932 - 37 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) профессор, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.

1924 - 29 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу-ағарту бөлімінде басшы қызметтер атқарды, сонымен бір мезгілде Ақтөбе педагогикалық техникумында сабақ берді. Қызметтен қолы бос уақытта өз бетімен білімін толықтырған.

1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітірді.

1920 - 22 жылдары ауылда мұғалім

- 1922 - 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы.

Slide 10

1. 2 Фонетика салаларына қатысты зерттеулері.

20ғ басында-ақ қазақ тіл білімінің негізін қалауға айрықша үлес қосқан аса көрнекті тілші ғалым, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың зерттеулері жатқызылады. Аз ғұмыр, қысқа уақыт ішінде қазақ филологиясында мол үлес қосып, қомақты мұра қалдырған талантты ғалымның еңбектері 1937 жылдан кейін жарық көрмей, 20жыл бойы жұртшылық назарынан сырт қалып келген еді. Тек 1957 жылы Қ. Жұбановтың азаматтық құқығы қалпына келтіріліп, ғалымның қазақ тілі жөніндегі зерттеулерін оқырман қауымына ұсынуға мүмкіндік туды.

Ғалым өзінің зерделі зеттеулері нәтижесінде қазақ тіл білімінің басқа салалармен қатар фонетиканың да обьектісі анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстың саны мен сапасы, буын, сингорманизм, екпін, альфавить, орфография, терминология т. б мәселелерге байланысты тұжырымды пікір айтып, тұңғыш рет қазақ фонетикасының ғылыми қурсын жасады.

Slide 11

Жұбановтың ғылыми фонетиканың орны мен обьектісі туралы көзқарастары.

Бұрынғы тілші ғалымдар фонетиканы дыбыс жайындағы ғылым деп түсінді

Қ. Жұбанов: «Фонетика- дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым»

Slide 12

Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасында бұл бағытта да алғашқы болып зерттеу жүргізіп, «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы толымды пікір айтты. Бұл оқулыққа дейінгі еңбектерде сөйлеу органдарының артикуляциясы талданбаған болатын. Бұл мәселе қазақ фонетикасына осы оқулықтан бастап енді. Қ. Жұбанов дыбыстау аппараттары өкпе, ауыз, мұрын және кедергі мүшелері деп, «өкпе, сырнайдың көрігінше, ісініп - басылып, ауаны біресе сыртқа теуіп, біресе ішке тартып тұратынын», ал ауыз, мұрын қуыстары дыбысты зорайтып тұрса, ауа ағыны бірде еріннен, бірде тіс түбі, не таңдай, не көмекейден бөгеліп, кедергіленеді де, дыбыс та кедергісіне байланысты әртүрлі шығатынын айтады.

Slide 13

Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне, ал дауыссыздарды шығарған кезде ауыз ішіндегі кедергі мүшелерге күш түсетінін дұрыс көрсетіп, олардың қызметін де дәл тани білген. Қ. Жұбанов дауыстыларда үн басым, дауыссыздарда салдыр басым, бірақ екеуіне де үн мен салдырдың қатысты екендігін айтып қана қоймай, осы ерекшеліктеріне қарай екі топқа жіктесе, бұлардан басқа, «үні мен салдыры тең» дыбыстарды сонорлар деп, олардың «дауыстылардай өнделмейтінін, дауыссыздардай егізделмейтінін» айтып, топтастыруында осы басты ерекшеліктерін көрсетеді. Қ. Жұбанов «дыбыстау түріне қарай» дауыстыларды толық дауыстылар а, э, е, о, ө, келте дауыстылар ы, і, у, у және қосынды дауыстылар ұу/үу, ый/ій деп үш топқа бөлген. Қазақ тіліндегі дауыстылар жуан-жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатынын дұрыс аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен белгіленетінін айтып, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп есептеп, ұу/үу - бір ғана у, ый/ій қосындылары й әріптерімен таңбалануын ұсынған. Жасалу түріне қарай ерін дауыстылары о, ө, ұ, ү және езу дауыстылары а, ә, е, ы, і деп топтастырған

Slide 14

Ашық-қысаң

Жуан-жіңішке

Еріндік езулік

Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстарды алғаш жоғарыдағыдай топтастырған Радлов болды. Бірақ ол и мен у жарты дауысты дыбыс деп атаған. Сондықтан Жұбанов Дыбысталу түріне қарай дауыстыларды толық дауыстылар /а, ә, е, о, ө/, келте дауыстылар /ы, і, ұ, ү/ және қосынды дауыстылар /ұу/үу/ый/ій/ деп үш топқа бөлген. Қазақ тіліндегі дауыстылар жуан жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатындығын дұрыс аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен белгіленетінін айтып, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп есептеп, ұу/үу -бір ғана у, ый, ій қосындылары й әріптерімен таңбалануын ұсынған. Жасалу түріне қарай ерін дауыстылары /о, ө, ұ, ү/ және езу дауыстыларды /а, ә, е, ы, і/ деп топтастырған.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Досмұхамедов және қазақ терминологиясы
Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері
Дыбыс пен фонема
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы
Қазақ грамматикасын зерттеуші ғалымдар
Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар
Қазақ тілі білімі қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ
ГРАММАТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП, ТІЛ БІЛІМІ ТАРИХЫНДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz