Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі



Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз.

Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың(гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерісті реттейді.
Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдік реттелу дейді.

Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі
Эндокриндік мүшелер жүйесі(грек «endon»- ішкі, «crino» - бөлемін) - бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйықтық бірден қанға өтеді.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: Гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, айырша без, эпифиз, бүйрекүсті безі және т. б.

Гормондар
Гормондар (грекше «hormae» - қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар.

Гормондар -органикалық заттар, химиялық табиғаты жағынан әр түрлі болып келеді:
Аминқышқылдардың туындысы
адреналин,
норадреналин,
тироксин,
трииодтиронин
Жыныс бездерінің
және бүйрекүсті
безінің гормондары
стероидтік

№
Бездің аты
Бөлетін гормон
Ерекшелігі.
Бездердің қызметі бұзылуынан болатын аурулар
Егер гормондар аз бөлінсе
Егер гормондар көп бөлінсе
1
Гипофиз (өсу гормоны)
Тиреотропин
Соматотропин
Пішіні үрмебұршақ тәрізді. Ересек адамдарда салмағы 0, 5-0, 6г. Гипофиз - безді және жүйке ұлаларынан тұрады.
Ергежейлілік
акромегалия
2
Гипоталамус
Нейрогормондар
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық.
Бездердің белсенділігі төмендейді

Ергежейлілік
Алыптылық

Акромегалия - аяқ-қол сүйектерінің үлкен болуы

Гипофиз
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады.

Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды


Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) - белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді

Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.

Адренокортикотропин (АКТГ) бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының горомондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.

Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.

Меланотропин (МТГ) адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады

Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында - қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді) .

Назарларыңызға рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz