Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру




Презентация қосу
Семестрлік жұмыс 1
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ
(ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ)

Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру

Тобы: ПСк 20-7
Жасаған: Кызайбай А
Тексерген: Бисенова А.
ЖОСПАР

1. Бағдарламаның зерттеудегі рөлі
2. Бағдарламаның негізгі компоненттері
3. Үлгі: түрлері, рөлі
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ - Қоғамды біртұтас әлеуметтік - мәдени жүйе ретінде
қарастыратын және бастапкы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп,
талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі.
Әлеуметтанулық зерттеулер бір бірімен тығыз байланысты, бірін бірі алмастырып
отыратын, ұйымдастыру жағынан автономды болып табылатын кезеңдерден
тұрады: әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі; алғашқы
әлеуметтанулықмәліметтерді жинау; жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау
және оны өңдеу; өңдеуден өткен мәліметтерді талдау, зерттеу қорытындысы
бойынша есеп дайындалып, қорытындылар жасап, ұсыныстар жасау.
Әлеуметтік зерттеулер ҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының
бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік
және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен
құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік
зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен
бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда),
жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет
болады. Бұндай ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер
болып табылады. Елдегі әлеуметтік үрдістерді зерттеуге және талдауға
және қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі және қоғамдық сана
құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу
жобалары кешенді және көпжоспарлы сипатқа ие.
Зерттеудің түрлері мен бағыттары:
• Әлеуметтiк: қоғамдық пікірді, болжамдарды, сенiмдерді, нанымдарды, құндылықтар мен
қоғамдық өмірдің түрлі сұрақтары бойынша бағдарларды зерттеу.
• Тұрғындардың сапалы қызмет көрсетулерге, жағдайға, орын алып жатқан өзгерістер мен
үрдістерге қанағаттану деңгейіне баға беру.
• Тұрғындардың ұлттық жобаларды, бағдарламаларды, идеяларды бағалауы.
• Экономикалық және демографиялық зерттеулер.
• Тұрғындарды немесе тұрғындардың жеке топтарын мәдени зерттеу.
• Эксперттік сұраулар - болжамдарды құрастыруға және оларды нақтылауға, әлеуметтік
құбылыстар мен үрдістердің түсіндірулерін толықтыруға бағытталған. Эксперттерді іріктеу
олардың біліктілік деңгейлері бойынша жүзеге асады, себебі эксперттер тобының саны мен
ерекшеліктері статистикалық емес, сапалық ерекшеліктер бойынша бағаланады.
• Таңдаулы топ өкілдерін сұрау - қоғамдық пікір көшбасшыларының пікірін зерттеу
• Қоғамдық пікірді бақылау
• Ерекше мақсатты топтарды зерттеу
• Жобаларды әлеуметтік бағалау
• Әлеуметтік мәселелерді зерттеу
• Үй шаруашылықтарын әлеуметтік зерттеу
• Мемлекеттік және түрлі бағдарламалар шеңберінде бағалау және бақылау.
Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы: әлеуметтанулық білімінің
дамуын және бағалаудың, зерттеу жүргізудің нормалар жүйесі мен реттеу
принциптері мен ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы. Әлеуметтанулық
зерттеу әдісі: әлеуметтік фактілерді анықтайтын, өңдеу және талдау
ісінде қолданылатын операциялардың, тәсілдердің, процедуралардың
жиынтығы. Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізуге
қажетті қызмет әдістері, дағдылары, ептілік, шеберлік т.б. жиынтығы
зерттеу техникасы деп аталады.
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕКІ МӘСЕЛЕНІ
ШЕШЕДІ: БАСТАПҚЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БАПТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫНА АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЖОЛЫН ТАБУ. АЛЫНҒАН
ФАКТІЛЕРДІ ЭМПИРИСТІК МАТЕРИАЛДАР ДЕҢГЕЙІНЕН
ТЕОРИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРУ.

Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі.
Бұл зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі міндеттер
шешіледі. Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым бағдарламаға
негізделеді. Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің
құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар
адамдардың үлкен топтары. Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік
құбылыстар мен үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен
шектелмей, олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін,
объектіге жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға
бағытталған.
Әлеуметтік зерттеулер түрлері
• МӘЛІМЕТ ЖИНАУ
• БАҚЫЛАУ
• ЭКСПЕРИМЕНТ
• САУАЛНАМА
• ЖИНАҚТАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК МӘЛІМЕТТЕР

Мәліметтерді жинау әлеуметтанулық зерттеудің ең басты міндеті.
Қазіргі заманғы әлеуметтануда әртүрлі варианттарда қолданылатын
эмпиристік әдістердің көптеген түрлері қалыптасты. Олардың біразын
әлеуметтанушылар, этнографтардан, статистикадан,
психологтардан қабылдап, бүгінде олар әлеуметтану ғылымының
зерттеу арсеналына айналды. Қоғамдағы әлеуметтік үрдістер мен
құбылыстар туралы фактілер жинақтаудың кеңінен тараған
әдістерінінің қатарына: бақылау, сауалнама, сұхбат, құжат талдау,
эксперимент талдау.
Бақылау

Бақылау - зерттелетін әлеуметтік фактілерді әдейі,
мақсаттық түрде, жүйелі, жоспарлы, тікелей қабылдап жазып
отыру арқылы мәліметтер жинақтау әдісі. Ғылыми
бақылаулардың ішінен кеңірек тарағаны іштен бақылау.
Зерттеуші зерттелетін субъектінің ішінде өмір сүріп немесе
жұмыс істеп жүріп ғылыми зерттеу жүргізеді.
Эксперимент

Эксперимент - құбылыстар арасындағы себептік
байланыстарды ашуға бағыттылған әлеуметтік
мәліметтерді бақыланып, басқарылатын жағдайда
жинақтау әдісі. Көбіне тәжірибешінің оқиғалардың
табиғи барысына араласу арқылы жүзеге асады.
Оның түрлері: натуральды, ойша. Натуральды
тәжірибе аз топпен жүргізіледі, және оның екі түрі
бар: бақыланатын, бақыланбайтын.
Сауалнама

Сауалнама - арнайы құрастырылған сұрақтар арқылы,
ғылыми әдіспен таңдаланып алынған респонденттердің
пікірлерін анықтап, адамдар тәртібі, ұстанымдары
туралы жүйелі мәлімет жинау әдісі.
Сауалнама барысында зерттеуші белгілі бір адамдар
жиынтығымен зерттелетін мәселелер бойынша ауызша
немесе жазбаша сұрақтар арқылы сөйлесіп, алынған
мәліметтерді тізіп, статистикалық өңдеуден өткізіп
теориялық тұрғыда түсіндіреді.
Жинақталған әлеуметтік мәліметтер

Жинақталған әлеуметтік мәліметтер құбылыстар мен үрдістердің
тенденцияларын анықтап, гипотезаны тексеруге, зерттеу
бағдарламасына анықталған міндеттерді шешуге бірден мүмкіндік
бермейді. Зерттеу нәтижесінде алынған әлеуметтанулық
мәліметтерді өңдеп, белгілі бір түрге келтіріп, талдап, ғылыми
тұрғыда
түсіндіру қажет. Осы процедураларды орындалғаннан кейін
қорытындылар, ұсыныстар жасау мүмкіндігі туады. Бұл
әлеуметтанулық зерттеудің соңғы, аяқталу кезеңінде жүзеге
асатын
жұмыстар. Қорытындылау нәтижесін әлеуметтанулық ақпарат
немесе мәлімет деп атайды.
Әлеуметтік зерттеудің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің
жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне,
сондайақ оның түріне байланысты болады. Сөйтіп,
әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру зерттеудің мақсатына жету
– осы зерттеу мәніне қатысты жаңа білім алу үшін жүзеге
асырылатын негізделген ісшаралар кешенінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Косов Г. В. Основы социологии и политологии :
учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М.
Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. Кравченко А. И.
Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт
Иванович. - СПб. : Питер, 2007. - 431 с. 3. Кравченко А. И.
Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф.
Анурин. - СПб. : Питер, 2010. 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану
: оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2 -ші бас. ,
толықт. - Алматы : Қарасай, 2009 Қосымша: 1. Алимбекова
Г. Т. Проблема насилия в отношении женщин :
социологический анализ / Г. Т. Алимбекова. - Алматы :
ДОИВА, 2008. 196 с
НАЗАРЛАРЫҢҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Бақылау әдісі
Жүргізілген сандық зерттеулер анық нәтижелер бермеген нарық аспектілері жайлы нақты ұсыныстар алу
ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Сапалық зерттеудің негізгі әдістері
Әлеуметтік талдау негізінде болжам ұсынылатын әлеум
Социологиялық зерттеулерді жіктеу
Айнымалы шамаларды анықтау
Әлеуметтік болжам
Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде
Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы
Пәндер