Мәдениет тілі




Презентация қосу
Мәдениеттану және психология
Кредит саны: 4 кредит

“Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Жетпісова Айшуақ Болатқызы
Тақырып/
апта

1. Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі Дәріс 1.1. Мәдениет морфологиясы.
Дәріс 1.2. Мәдениет тілі

2. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет Дәріс 2.1. Мәдениет семиотикасы.
анатомиясы Дәріс 2.2. Мәдениет анатомиясы.

3. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Дәріс 3.1. Қазақстан көшпенділерінің
Арғытүркілердің мәдени мұрасы мәдениеті.
Дәріс 3.2. Прототүріктердің мәдени
мұрасы.

4. Орта Азияның ортағасырлық мәдениеті. Дәріс 4.1.-4.2. Орта Азияның
Түркілердің мәдени мұрасы. ортағасырлық мәдениеті.

5. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. XVIII Дәріс 5.1. Қазақ мәдениетінің
ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ қалыптасуы.
мәдениеті Дәріс 5.2. XVIII-XIX ғ. басындағы қазақ
мәдениеті

6. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазіргі Дәріс 6.1. ХХ ғасырдың қазақ мәдениеті.
әлемдік үдерістер аясындағы қазақ Дәріс 6.2. Қазіргі әлемдік үдерістер
мәдениеті контекстіндегі қазақ мәдениеті.
№ Тақырып атауы Тақырып мазмұны
Тақырып/
апта

7. Қазақстанның мәдени саясаты. Дәріс 7.1. Қазақстанның мәдени
"Мәдени мұра" Мемлекеттік саясаты.
Бағдарламасы Дәріс 7.2. “Мәдени мұра "мемлекеттік
Бағдарламасы.

8. Психологияға кіріспе. Мен және менің Дәріс №8.1. Психологияға кіріспе.
мотивациям Дәріс №8.2 Мен және менің мотивациям

9. Эмоциялар және эмоционалдық Дәріс №9.1 Эмоциялар және
интеллект. Адамның ерік қасиеті мен эмоционалдық интеллект.
өзін-өзі реттеу психологиясы Дәріс №9.2 Адамның ерік қасиеті мен
өзін-өзі реттеу психологиясы

10. Тұлғаның даралық-типологиялық Дәріс №10.1 Тұлғаның даралық-
ерекшеліктері. Құндылықтар, типологиялық ерекшеліктері
қызығушылықтар, нормалар тұлғаның Дәріс №10.2 Құндылықтар,
қызығушылықтар, нормалар тұлғаның
рухани негізі ретінде
рухани негізі ретінде

11. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі Дәріс №11.1 Өмірдің мәні және кәсіби
анықтау психологиясы. Тұлғаның өзін-өзі анықтау психологиясы.
денсаулық психологиясы. Дәріс №11.2 Тұлғаның денсаулық
психологиясы.
№ Тақырып атауы Тақырып мазмұны
Тақырып/
апта

12. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Дәріс №12.1 Тұлғаның және топтардың
Қарым-қатынастың перцептивті жағы қарым-қатынасы
Дәріс №12.2 Қарым-қатынастың
перцептивті жағы

13. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Дәріс №13.1 Қарым-қатынастың
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы интерактивті жағы
Дәріс №13.2 Қарым-
қатынастыңкоммуникативті жағы

14. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі Дәріс №14.1-2. Әлеуметтік-
және құрылымы психологиялық конфликт түсінігі және
құрылымы

15. Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы Дәріс №15.1 Кәсіби саладағы конфликт
тұлғаның мінез-құлық моделдері. Тиімді жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық
коммуникацияның техникалары мен моделдері.
тәсілдері Дәріс №15.2 Тиімді коммуникацияның
техникалары мен тәсілдері
Курстың мақсаты – "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың
жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы
жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім
алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру
болып табылады.
Курстың міндеттері:
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен
оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс
істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау
дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара
байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың
негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте
пайдалану дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану
мүмкіндігі.
Пәннің құзіреттілігі:
1. "Мәдениеттану және психология" пәні бойынша терминологияны түсіну»;
2. Қазіргі заманғы мәдениеттану мен психологияның күрделі мәселелері мен
мәселелерін өз бетінше анықтай білу;
Пәннен тыс құзіреттілік:
1. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми таным
әдістерін пайдалану;
2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттану және
психология пәндерінің орнын, оның нысаны мен пәнінің ерекшелігін,
қалыптасу тарихын, өзекті мәселелерді көрсету;
3. Қоғамдағы фактілерді, оқиғалар мен құбылыстарды тану мен бағалауда өзінің
жеке тәсілін қалыптастыру;
4.Білімнің теориялық, қолданбалы, құнды аспектілерін бөлу, оларды күнделікті
өмірге және кәсіби қызметке қатысты шешімдерді негіздеу үшін қолдану;
5. Өз бетінше талдау, сыни саяси ойлау;
6. Өз ой-өрісін дамыту және ой-өрісін, шығармашылық қызметке қабілеті мен
қызығушылығын, үздіксіз білім алу қажеттілігін кеңейту;
7. Өзінің азаматтық ұстанымын жасап, қоғам алдында әлеуметтік
жауапкершілікті көтеру.
Дәріс №1. Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі

Дәріс тезистері:
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының
көптүрлілігі. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық
түсіндіру.
Теориялық ыңғайларды шолу: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О.
Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы
мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен
әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы. Мәдениет зерттеулеріндегі
жаһандық, глокальды және жергіліктік ыңғайлар.
Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен
паттерндері. Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар. Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі.
Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы
бөлінгіштік (дихотомиялар). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің
олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.
Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және
жергілікті ыңғай. құрылымдар. Мәдениет формаларының көптүрлілігі. Еуроорталықтық және мәдениеттер
типологиясы: оң және теріс тұстары. Шығыс және батыс. Солтүстік және оңтүстік. Мәдениет және
өркениет.
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну. Мәдениет
артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мағыналардың түрлері. Мәдениет белгілер
әлемі ретінде. Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері.
Табиғи белгілер. Қызметтік белгілер. Иконалық белгілер.
Вербалды-белгілік жүйелер – табиғи шынайы тілдер. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі
ретінде. Тіл және ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы. Мәдениет тілі түсінігі.
Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі
ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы
рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі).
Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі.
Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының
сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Дәріс №2. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Дәріс тезистері:
Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар. Мәдениеттің мәтіндік
концециялары: Р. Барт, Ю. Кристева. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф.
Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов.
Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының
қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени
код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық.
Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық
мәдениет коды.
Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері.
Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері.
Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени
кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер.
Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар,
реттеуші парадигмалар.
Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым,
техника.
Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері.
Мифология: мифтердің мәні мен типтері, мифтердің сипатты белгілері, мифологиялық
ойлау логикасы, мифтің қызметтері, заманауи мифология.
Дін мәдениеттің қасиетті формасы ретінде. Дін. Діннің негізгі бөлшектері. Діннің
қызметтері. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм,
тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм. Буддизм. Христиандық. Ислам. Діннің
қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері. Қасиетті (сакральды) мәдениет. Қазақ
халқының қасиетті (сакральды) мәдениеті.
Дәріс №3. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті.
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Дәріс тезистері:
Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет
ескерткіштері. Материалдық ("технологиялық") мәдениеттің негізгі жетістіктері.
Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері.
Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм)
концепциялары. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу
(көшпелілер мәдениеті).
Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері. Қазақстан
аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-
сенімдері. Сақ, скифтердің ұлы көшпелілік өркениеттері. Сақ, скиф, массагет,
ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Аңызға айналған кейіпкерлердің
бейнелері. Сақ, массагет, скиф, сарматтар өнері: қару-жарақтық, сәндік-қолданбалы,
мүсін, сәулет өнері. Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. "Шу-батыр"
поэмасы. Жазуы. Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары. Көшпелілік
мәдениеттегі кеңістік пен уақыт. Табиғат ескерткіштері мен сақ, массагет, скиф,
сармат, ғұндардың материалдық мәдениет ескерткіштері. Орталық Азия (Қазақстан)
көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері. Сақ ойшылдары
(Токсарид, Анахарсис). Сақ өркениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі
қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеті. Сақ, массагет, сарматтардың көне
қалалары. Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың қасиетті (сакральды) мәдениеті.
Дәріс №4. Орта Азияның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің
мәдени мұрасы.
Дәріс №5. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы
аралығындағы қазақ мәдениеті
Дәріс №6. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазіргі әлемдік үдерістер
аясындағы қазақ мәдениеті
Дәріс №7. Қазақстанның мәдени саясаты. "Мәдени мұра"
Мемлекеттік Бағдарламасы
Дәріс №8. Психологияға кіріспе. Мен және менің
мотивациям

Дәріс тезистері:
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар
жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи
тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту
жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің
мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір
сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес,
спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).
Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны
жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив
түрлері. Жетекші мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен
қашу мотивациясы. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның
мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның
бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.
Дәріс №9. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект.
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

Дәріс тезистері:
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және
эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен
механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және
эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы.
Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның
даралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект
диагностикасы және дамуы.
Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы.
Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.. Ерік және тұлға.
Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).
Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері.
Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері.
Стресске тұрақтылық түсінігі.
Дәріс №10. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері.
Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Дәріс тезистері:
Темперамент, мінез және қабілет.
Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері
темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы.
Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик,
меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің
анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. "Ұлттық
мінез" ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы. Өзін-өзі
таныстыру. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы
құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды
психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар.
Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Мінез-құлық және нұсқаулар. Тұлғаның адамгершілік негіздері.
Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.
Дәріс №11. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау
психологиясы. Тұлғаның денсаулық психологиясы.

Дәріс тезистері:
Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби маманның
сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби
тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм,
сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке
құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау
және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу
синдромы.
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың
пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары.
Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты
әлсіріретуші фактор ретінде. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету
негізі ретінде.
Дәріс №12. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы

Дәріс тезистері:
Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері,
формалары, қызметтері. Тұлғааралық қарым-қатынас
ғылыми білімнің пәні ретінде. Тұлғааралық қарым-қатынас
сипаттамалары. Тұлғааралық коммуникация, өзара
әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері. Тұлғааралық,
топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері.
Қарым-қатынас стильдері. Көшбасшылық және жетекшілік.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас
процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде.
Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия,
идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық,
рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу
кеңістігі. Мен және басқалар.
Дәріс №13. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастың
коммуникативті жағы

Дәріс тезистері:
Психологиялық әсер етудің мәні. Психологиялық әсер ету
түрлері. Әсер ету механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру.
Сендіруді тиімді ету факторлары. Психологиялық әсер етудің
негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат
тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция.
Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның
құрылымы, негізгі функциялары және түрлері.
Коммуникациядағы цифрлық технологиялар.
Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары.
Коммуникативтік рөлдердің мәні және қажеттілігі.
Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, мағыналық,
ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық және т.б.).
Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және
гендерлік ерекшеліктері.
Дәріс №14. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және
құрылымы

Дәріс тезистері:
Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері.
Психологиялық конфликтілердің түрлері. Конфликтінің конструктивті
және деструктивті функциялары. Конфликтінің даму сатылары.
Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың
қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-
уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің
функциялары мен зардаптары.
Дәріс №15. Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-
құлық моделдері. Тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдері

Дәріс тезистері:
Конфликтіні болдырмау технологиясы. Конфликтідегі рационалды мінез-
құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық,
бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары. Конфликтілерді шешу
көп сатылы процесс ретінде. Манипуляторлардың типтері. Негізгі
манипуляциялық техникалар. Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция
жасырын хабарлама ретінде. Келіссөздер - конфликтіні шешудің тәсілі ретінде.
Тиімді коммуникация ұғымы. Тиімді коммуникация технологиялары және
қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері. Тиімді коммуникацияның
шарттары. Әлеуметтік интеллект. Коммуникациядағы имидж және өзіндік
ұсыну. Имидж қалыптастырудың технологиялары. Сыртқы келбет имидждің бір
бөлігі ретінде. Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің
технологиясы.

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету
ШПЕНГЛЕР ОСФАЛЬД ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Құжаттаманы басқару
СЕНІМНІҢ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТҮСІНДІРУ
Мәдениеттану этимологиясы
Бұқаралық мәдениет
Батыс пен Шығыс өркениеті
Дәстүрлі мәдениет
Менің ауылым
Пәндер