Сабақ жоспарлау және оқу мақсаттарын қою: стратегиялар, кезеңдер мен қағидалар


Slide 1

САБАҚ ЖОСПАРЫН ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОҚУ МАҚСАТЫН ҚОЮ

1

Мақсат қою

Сабақты жоспарлау

Таңдалған әдіс, стратегияларды қолдана отырып сабақты өткізу

Педагогикалық рефлексия

Slide 2

Мақсат қою және жоспарлау

Толық түсінікті болу үшін біз жоспарлаудың екі анықтамасын келтіреміз. Жоспарлау - шынайы және нақты мақсат қою, мүмкіндіктерді (жеке) және объективті жағдайларды ескере отырып іске асыру қадамдарын анықтау. Объективті жағдайлардың немесе мүмкіндіктердің өзгеру барысында жоспарға түзетулер енгізіледі. Тиімді жоспарлау мұғалімдердің оқу әрекетіне оқушылардың көзқарасын өзгерте аламын деген сеніміне негізделеді. Бұл пікір мұғалімдер оқушылардың таңдау жасауына оң ықпал етеді деген идеяға негізделген. Себебі олар оқушылардың оқуына мектептегі әрбір оқу аспектісі елеулі әсер ететіндігін біледі. Тиімді оқыту білім алушылардың оқуға деген қабілеті мен ынтасына әсер ету, сыныптағы жағдай мен қарым-қатынас (танымдық, эмоциялық және әлеуметтік) арасындағы байланысты түсінуі арқылы мұғалімдердің демеуі мен қолдауы арқасында жүзеге асады

2

Slide 3

Біз жоспарлауымыз керек, себебі:

• уақытты ұтымды пайдалану үшін біз алдын ала болжамдай отырып әрекет жасағымыз келеді;

• біз қателіктерді жойып, мүмкіндіктерді пайдалана аламыз;

• біз белгісіздікті жоямыз;

• біз мақсатты және оған жету әрекеттерін нақты анықтаймыз

3

Slide 4

Педагогикада жоспарлаудың бірнеше түрлері бар (жоспарлау кезеңінің ұзақтығына байланысты) :

Стратегиялық жоспарлау - қойылған мақсатқа жетуде шешілетін (немесе циклдік шешілетін) ғаламдық мәселелерді анықтау. Әр кезеңде алға жылжу бөлімнің ерекшелігіне байланысты жоспарланады және тактикалық жоспарлау деп аталады.

Тактикалық жоспарлау - уақытқа және қаражатқа қатысты бөлу. Оперативтік жоспарлау - өзгертілген объективті жағдайларды ескере отырып, оқыту мазмұны мен техникасына түзету енгізу.

Жағдаяттық жоспарлау - осы сәттегі жағдайға сәйкес жоспарлау. .

4

Slide 5

Жоспарлау келесі кезеңдерден тұрады:

• Мақсат қою. Мақсат аса маңызды жайтқа бағытталуы тиіс.

• Негізгі алғышарттарды анықтау. Бұл мақсат қоюға мүмкіндік береді. Ол объективті және шынайы, сонымен қатар кез келген мақсат үшін өте қажет.

• Баламаларды айқындау. Олар әртүрлі әдістермен анықталады:

Сауалнама немесе пікір айту негізінде;

2) Шағын топтарда ұсынылған мәселелерді талқылау арқылы.

• Ең үздік баламаны таңдау. Ол үшін жоспарды іске асырудың барлық нұсқалары қарастырылып, ең үздік нұсқасы таңдалады.

• Кіріспе және жоспарды орындау. Балама күтілетін нәтижеге өзі жеткізе алмайды. Ол іс-әрекет арқылы сынақтан өтіп, жоспардан нақты өз орнын алуы тиіс. Жоспар мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттердің логикалық тізбегіне негізделіп құрылады. Кейін мұғалім даярланған жоспарды тиімділігіне қарай бақылауы қажет.

5

Slide 6

Жоспарлаудың жалпы қағидаттары:

мақсатты іске асырудың нақты әрекеттерін белгілеңіз;

• уақытты ескеріңіз;

• объективті жағдайларды назарда ұстаңыз;

• мақсатқа сәйкес сабақтың стратегиясын таңдаңыз;

• сабақтың конспектісін жасаңыз;

• конспектіге талдау жасаңыз;

• сабаққа қажетті материалдарды даярлаңыз

6

Slide 7

Назарларыңызға

рахмет!

7


Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана бизнесіндегі маркетингтік жоспарлау мен стратегиялар
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: стратегиялар мен сабақ кезеңдері
Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін Әдебиеттік оқу пәнінің оқу мақсаттарын жүзеге асыру әдістемесі
Аккультурация мен мәдениет соққысы: стратегиялар, кезеңдер және психоәлеуметтік бейімделу
Елдімекендерді жоспарлау және санитариялық-гигиеналық қағидалар
Сабақ мақсаттарын тұжырымдау: оқушылық нәтижелер, СМАРТ критерийлері және бағалау
Оқу жоспары мен сабақ жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақ жоспарлау, бағалау және саралау
Бастауыш сынып математикасының жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру: жоспарлау, бағалау және оқу ресурстары
Бюджеттік жүйе және бюджет процесінің ұйымдастырылуы: қағидалар мен жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz