Тәрбие ұғымы


Slide 1

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

1-семинар

Орындаған: Маратова Раушан Серікқызы

Тобы:ҚТӘ-31

Тексерген: Тлепбергенова Гауһар Елемесовна

Орал-2022

Тәрбие ұғымы

Slide 2

Сұрақтар:

Тәрбиелеу үдерісі: оның мақсаты және міндеттері

Тәрбиенің пайда болу тарихы

Тәрбие процесінің мәні және қозғаушы күштері

Тәрбиенің қазіргі парадигмасы

Бала құқығының мәселесі

Slide 3

Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі

Slide 4

Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?! Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс». Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.

Slide 5

Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды», -дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады», -деген В. А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Slide 6

Алғашқы қауым тапсыз болды, соғңан сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбие ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты, Алғашқы қоғам дамуның белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қол өнере пайда болды. Өндіріс күштердің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибиесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлыіске айналды. Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қол өнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйысдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибиелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну б. т шыға басталды.

Slide 7

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта - ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс - әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама - қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама - қайшылықтар.

Сыртқы қарама - қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама - қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.

Slide 8 Slide 9

Тәрбие парадигмаларының түрлері бірнеше теориялар және тұжырымдамалармен өзара байланысты. Әрқайсысын жеке қарастырып көрелік. Авторитарлық тәрбие парадигмасы. Дәстүрлі қоғам тәрбиесінің сипаттамалық белгісін көрсететін ескі парадигма. Ең негізгі белгісі тәлімгер мен тәрбиеленуші арасындағы бір жақты байланыс, біріншісі, әрдайым шыншыл, екіншісі, оған сенуі тиіс және оның ізімен жүргені абзал. Бұл тәрбиелеу моделінің маңызды қызметі білім, әлеуметтік құндылықтар мен өмір тәжірибесінің ұрпақтан ұрпаққа берілуінде жатыр. Аталмыш парадигманың ойлары неміс философы және педагогы Иоганн Фридрих Гербарт (Johann Friedrich Herbart, 1776-1841) еңбектері арқылы көрініс табады. Оның пікіріндегі тәрбиенің басты мақсаты этикалық ойлар тұрғысындағы ерік үндестігі мен көпқырлы мүдде дағдылануында жатыр.


Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымы
Тәрбиенің парадигмасы
Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер
Глоссарий
Педагогика пәні және ұғымы
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖӘНЕ САБАҚТАН
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz