Сын есім сөзжасамы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Сын есім сөзжасамы. Сын есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуы
Шымкент 2021ж

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
а) Сын есім сөзжасамының зерттелуі
ә) Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар
б) Етісіктен сын есім жасайтын жұрнақтар
в) Сын есімнің заттық мағынасы
III. Қорытынды бөлім

Кіріспе
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ-зат есімнен, жетілік, үштік-сан есімнен жақсылы-жаманды-сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Қазақ тіл білімінің қай саласының болмасын қазақша баяндалуы А. Байтұрсынұлының “Тіл құрал”еңбегінен басталады. А. Байтұрсынұлы:Түбір сын есімдер заттың сындарын көрсетеді. Нәрсенің сыны қалыпты күйінен қалыпты кұйінен тысқары болса, сын есімге һәм түрлі жұрнақтар жалғанады.

Сын есім сөзжасамының зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сын есім сөзжасамын зерттеген ғалымдар:

Ә. Қайдар
А. Ысқақов
Ф. Оразбаева


Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары сөзжасамдық қабілеті жағынан әртүрлі.

Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар


Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет аатқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрам жағынан жалаң да, құрандылары да бар.
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтарының мағыналары түрлі-түрлі.
Адам сынын білдіретін жұрнақтар
-ық, -ік:қорқақ, толық, ашық, бұзық, жасық, ширақ
-уық, -уік:жылауық, сыбырлауық, сөйлеуік
-қыш, -кіш:білгіш, тапқыш, сенгіш, байқағыш
-мды, -мді:ұстамды, жағымды, шыдамды
-қақ-кек:асқақ, тоңғақ, ұрысқақ
-қыр-гір:білгір, алғыр, өткір
-тал:сезімтал, ұғымтал, жұғымтал;
-қы, -кі:жинақы, күлдіргі;
-ғын:озғын-Әбіш орыс халқының озғын ойлы қауымына жақын жүргендей.
-қалақ, гелек:ұшқалақ, сасқалақ, қозғалақ;
-аған, -еген:береген, көреген
-малы:айнымалы, елірмелі;
-ынды:жырынды-Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж. Аймауытов)

-анақ:сұғанақ;
-ғылықты:тұрғылықты, тыңғылықты
-мсақ, -мсек:сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ
-паз:сезімпаз, жасампаз, келісімпаз
-ал:қатал
-дақ, -дек:жүрдек-Атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен. (М. Әуезов)
-мыр:құймыр, қытымыр
-міт:жеміт
-пы:салпы-Салпы ауыз тағы сөйледі.
-көй, -гөй:қасгөй, ақылгөй
-улы:қатулы, сұраулы

Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақтар

-улы, улі:оюлы, жинаулы, өлшеулі, санаулы, құюлы
-малы, мелі:суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы
-ымды, -імді:ұтымды, ұнамды, жарасымды
-ма, -ме:бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа
-ыс, іс:ұқсас, тіркес, алыс, беріс
-кір:өткір пышақ
-мыш:жазылмыш
-ғын:тұрғын
-кілікті:Жеткілікті
-пек:өкпек
-ын, -ін:жатын, жегін


«Жолда жүру ережелерінің білгірлері»
Сын есімнің заттануы
Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады. Мысалы, Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді.
Ақылды, ақымақ (адам) -бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес, Еріншектің
(адамның) -анықтауыш.

Кері байланыс
«3Қ» әдісі арқылы қорытындылау.
Қызық
Құнды
Қиын
Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын жалғауын жалғап, заттанады. Мысалы, Жақсы+мен (кіммен?) жолдас, жетерсің мұратқа. Жаман+мен (кіммен?) жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.


Қорыта айтқанда, сын есім сөзжасамы өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Сын есім сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілден енген сөздер арқасында осы сын есім сөзжасамы атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сын есім сөзжасамы-тілдің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол-сөзжасамның туынды сө, жаңа сөз қызметін жасау. Сондықтан сөзжасам жүйесінің күрделілігі, баюы, толығуы көбіне сөзжасамдық жұрнақтың мағыналық құрамының кеңеюі арқылы болады.
Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиет:
Қазақ грамматикасы. Алматы 2002жыл

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz