Еркін сөз тіркестері


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы:Фразеологизмдер

Шымкент 2020ж

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

а) Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты

ә) Фразеологияның басты белгілері

б) Еркін және тұрақты сөз тіркестері

в) Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиет

Жоспары:

Slide 3

Кіріспе

“Фразеология” дегеніміз, біріншіден, “тілдегі барлык фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, казынасы”, екіншіден, “фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы”. Ал фразеологизм дегеніміз-кұрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, колданыска әрдайым дайын тұратын тұрақты сөз тіркесі. Мұнда тіркес кұраушы сөздер өздерінің бастапкы тура мағыналарынан мүлдем немесе жарым-жартылай айырылып, өзара жымдаса келіп, бір ғана фразеологиялық жалпы магынага ие болады. Бұл мағынаға ауыспалылық пен бейнелілік тән.

Slide 4

Фразеологияның басты зерттеу нысаны-фразеологиялық оралымдар, тұрақты сөз тіркестері. Фразеологизмдердің түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдықсипатын, лексикаға қатысын зерттейді. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша қарастырудың мәні фрзеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.

Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты

Slide 5

Тар мағынасындағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын лексикалық бірліктермен мағыналас, сырттай еркін сөздерге ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Мысалы, ұзақ түнді көзбен атқызды-ұйықтамады; дүние салды-өлді; бетінен от шықтыұялды; ұзын арқау, кең тұсау-еркіндік;

Кең мағынасындағы фразеологизмдерге жататын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың өздеріне тән лекиска-грамматикалық ерекшеліктері бар.

Slide 6

Бүгінгі казак фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырганы байкалады:

Slide 7

Фразеологиның басты белгілері

Slide 8

Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы

Slide 9

Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі. Мысалы, сойылын соқты, жүрегі тас төбесіне шықты, салы суға кетті сияқты тіркестер құрылымы жағынан жай сөйлемдер сияқты. Фразеологизм мен сөйлемнің айырмашылығы лексика-семантикалық жағы мен синтаксистік қызметіне байланысты. Сөйлемнің негізгі коммуникативтік. Ал фразеологизм ұғымды бейнелеп, мәнерлеп немесе тұспалдап жеткізетін лексикалық-семантикаық бірлік.

Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы

Slide 10

Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. б. ) .

Сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі болып екі түрге бөлінеді.

Еркін тіркес

Slide 11 Slide 12

Тұрақты сөз тіркесі

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау - қызғану; іші күю - өкіну, т. б. ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама) ; мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас) .

Slide 13

Қорытынды

Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақтары сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеолгия термині қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдіңфразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиет:

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер
Құрамындағы сөздердің орнын
Фразеологиялық тіркестер
Сөз тіркестері
Тұрақты тіркестің ерекшелігі
Тұрақты сөз тіркестері
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСУЫ
Фраземалардың жасалу көздері
Туынды етістік жұрнақтар
Критериалды бағалау пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz