Менің мансаптық жоспарым


Slide 1

Менің мансаптық және кәсіби өсуім

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы

Орындаған:Сапарова Әсем

Тобы:В-ТФПКА-03-20

Қабылдаған:Халикова Роза

Шымкент 2021

Эссе

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Өмірлік жол адамның өмірге келуі мен басталады. Оның өміріндегі маңызы бар оқиғалар мен сәттерден құралған уақытпен өмірлік жол жалғасын табады. Сол өмірлік жолды басып өту үшін адамға өмірге қажетті заттардың бірі ақша керек. Оны табу үшін, қол жеткізу үшін адамға еңбек керек. Бірақ еңбек дегенде біз көз алдымызға қолымен жұмыс жасап жатқан, аяқтарымен ары бері жүріп жатқан адам елестер. Иа, ол да еңбек. Алайда, адамға мидыңда еңбегі керек. Ол еңбекті көп қолданатындар кәсіпкер адамдар. Олар көбінесе қолмен істейтін жұмыстарды миымен шешеді. Менің де өмірлік жолым бар. Алайда қазір ол кәсіпкерлер дей емес. Менің қазірде өмірлік жолым оқумен жалғасын табуда. Мен осы оқуымды бітіріп, жақсы маман иесі болсам деген мақсатым бар. Оған қоса елімді дамытатын жұмыс атқарғым келеді. Бұл менің өмірлік жоспарымнан кішкене үзінді. Ал кәсіби жақтан осы мамандық арқылы мен еліміздің экологиясын туырлап, адам денсаулығын жақсартатын, қоршаған ортаға аз зиян келтіретін зауыт ашқым келеді. Әрине бұл үшін мен мамандықты жақсы меңгеруім оған қоса кәсіби дамуым және де бейімделуім керек.

Slide 4

Енді осы орайда кәсіби даму мен бейімделу дегенге тоқтала кетсем. Кәсіби бейімделу дегеніміз - кәсіпорын ұжымының және маманның өзін ара бейімделе алуы, нәтижесінде жұмысшының: ол үшін жаңа әлеуметтік - кәсіби және ұйымдасқан экономикалық жағдайда өмір сүруге үйренуге; белгілі бір класс міндеттерін шешуге қабілетті маман ретінде кәсіпорын құрылымында өз орынын табуға; кәсіби мәдениетті меңгеруге және оның келуіне дейін қалыптасқан тұлға аралық байланыстар және қатынастар жүйесіне енеді. Бейімделудің біріншілік және екіншілік деген түрлері бар:

біріншілік -бұл кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі жоқ (ЖОО түлектері) жас мамандардын бейімделуі

екіншілік - кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі бар (жұмысты мәжбүрлі ауыстыру жағдайында) мамандардың бейімделуі.

Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т. б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б. С. Круглов, А. В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты.

Негізгі бөлім

Slide 5

Кәсіби бейімделу арқылы біз кәсіби дами аламыз. Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.

Кәсіби даму іс - әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.

Кәсіби даму - бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

Slide 6

Мен өзімінің кәсіби дамуымды қазір де оқумен ғана жалғастырып келемін. Себебі, қазір мен үшін кәсіби даму ол өз мамандығымды жете меңгеру. Әрине ол үшін мен көп оқуым керек. Көп ізденіс, көп оқу мені дамытуда. Бірақ кәсіби даму тек одан ғана емес, қоршаған ортаңдағы жандардың сені қолдауымен, қатеңді түзетуден, білмегеніңді үйретуден, үйренуден тұрады. Ең бірінші орында адамға берілетін мотивация. Ол сөзбен болсын, іс пен болсын оның тигізер мәні жоғары. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, тұлғаның ерте кәсібилену кезеңіндегі басыңқы мотивтердің бағыттылығы өмірлік ұстанымдардың жасалуы, өмірлік жоспарлардың нақтылануына әсерін тигізеді. Нақтырақ айтқанда, жас маман тұлғасының «мотивациялық портреті» тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы жүруі кезінде тек қана мінез-құлықтық қатынастарды қалыптастырып қана қоймай, оның кәсіби іс-әрекет басындағы кәсіби дамуына, сонымен қоса индивидтің ары қарай өміріндегі болжамданған алдыңғы өмірлік жоспарларына жүзеге асыру арқылы әсер етеді.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Мансаптық өсудің алты сабағы
Кәсіби мансап
Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Бизнес жоспар. Киім өнеркәсібі
Қазақстанда жасөспірімдердің мамандық таңдау дағы ұстанымдары
Мансаптық типологиялаудың негіздері және мансап түрлері
Қаржылық тәуелсіздікке баулитын кітаптардың саны жетерлік
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені
Қазақтардың Жоңғариямен сауда байланысы
Құзыретті жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz