Бала тілін дамытудың әдіс - тәсілдері


Slide 1

Бала тілін дамытудың әдіс-тәсілдері

Slide 2

Тіл адамдардың бір -біріне пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Ал, тілдіде, тіл мәдениетін игеру де баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Сондықтан баланы бақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген сабақ уақытының көбі балалар тілінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалған. Бала бақшада өткізілетін оқу іс әрекеттердің барлығы осы салаға сабақтасып жатады. Мысалы: сурет оқу іс -әрекеті бойынша «Күзгі жапырақтары» тақырыбы бойынша балаларға алдымен көркем сөз оқимын. Алтын, сары, қызыл, көк. Алуан- алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп. Көз тартады атырап.

Slide 3 Slide 4

Балалар тақырыпты бейнелемес бұрын, көркем сөзбен өлең жолдарынан қандай сурет салатындарын да байқап қалады. Әрбір сабақта тақырыпқа сай алынған көркем сөздердің, өлең жолдардың, жұмбақтардың, мақал- мәтелдердің енгізілуі, оқу іс -әрекетінде тартымды да нәтижелі болуына маңызы ерекше. Балалардың дендері сау, сана -сезімдері жастарына қарай жетілуіне балалардың ынтасы епті, айтқаныңды тез ұғады. Әңгіме, ертегілерді толық әңгімелемегенімен өз ойларымен қысқаша жауап бере алады. Балабақша табалдырығын аттаған бала адамгершіліктің бастамасы «сәлемдесуден»- тәрбие басталады. «Имандылықтың белгісі иіліп сәлем бергенің» деп бекер айтылмаған. Біз ең алдымен балалардың сәлемдесуіне көп мән береміз. Балалардың бәрі «Сәлеметсіз бе?» деп ертеңгілік амандасады, балабақшадан кетерде «Сау болыңыз!» деп қоштасады. Баланың тілдерін жаттықтырып, ой -өрісін кеңейту үшін көп жұмыстар жүргіземіз. Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргіземін. Балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тартамын.

Slide 5 Slide 6

Әкем менің- қауыншы, Апам менің- сауыншы, Ағам менің- егінші, Жеңгем менің- тігінші, Атам болса ұсташы Бәрі- бәрі жұмыста Отырамын мен текке Менде кеттім мектепке. Өлең шумақтарын оқып беріп, балаларға қайталаптып жаттықтырамын. Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында сабақтарда, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Осы жұмыстарды жүргізе отырып, олардың әр сөзінің сауатты, салауатты болуын қадағалаймыз. Яғни дұрыс айта алмаған сөзін дұрыстап қайталап айтуын талап етеміз. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Күз», «Күзгі жапырақтар» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

«Алтын сақа», «Қарлығаш пен дәуіт», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алдар көсе мен бай», Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерін әңгімелеп бере алады. Жұмыс жасағанда топтарда баланы ең алдымен өз ана тілінде еркін, сөйлеу, білуге баланың сөздік қорын байыту және сұрақ - жауап арқылы әңгімелесу, әдіс- тәсілдерді қолдануды басшылыққа алып отырдым. Мысалы: тіл дамыту оқу іс -әрекеті бойынша» Көктем құстары»тақырыбында, өткен осы сабақта сұрақ -жауап әдісін қолданған өте тиімді. Құстар жайлы қойылған сұрақтарға балалардан толық жауап беруін талап еттім. Сұрақтардың жауаптары құстар жайлы үлкен бір әңгіме құрайтындай қылып дайындадым. Жауап бере алмаған балаға дұрыс жауапты қайталаттым.

Slide 16

Сонымен бірге құстар жайлы мына мақал- мәтелдерді қолдандым: 1. Құс жеткен жеріне қонады. 2. Қарақұс басып жейді, Сұңқар шоқып жейді. 3. Құстың алғанынан салғаны көп. Сергіту сәтіне: Торғай, торғай, тоқылдақ Жерден тары шұқып -ап Бөтегесі бұлтиып Шиқ-шиқ етіп отырмақ. - өлең шумағын пайдаландым. Балаларға бұл сабақта құстар өмірі жайлы ғана емес, туған жердің өте ыстық болатыны туралы патриоттық түсінік алды. Балабақшадағы балаға берелетін бүгінгі тәрбиенің ең бір өзек алатын жері ол ата - бабадан қалған асыл мұра. Баланың сана сезімін, ата - бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің маржан сөздерін құлағына құйып, көңіліне сендіре отырып бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілін байыту мақсатында сөздікпен жүргізілетін жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
Тәрбие әдістері туралы түсінік
Сатылай кешенді талдау технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ
Ойын технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz