Науқастың арқасымен жату қалпы




Презентация қосу


ПРЕЗЕНТАТЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ; Пациенттің төсектегі түрлі
функционалды қалпы

Орындаған:Гултораев И
Тобы:B-ЖМҚА 09-22
Қабылдаған:Абабакиров
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1 НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ КӘСІПТІК
ҚОРҒАНЫС;
2.2 НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕКТЕГІ ӘРТҮРЛІ
ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫ;
2.3 НАУҚАСТЫҢ СИМС ЖАҒДАЙЫНДА
ОРНАЛАСТЫРУЫ;
2.4 НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА
ОРНАЛАСТЫРУ.
2.5 ОЙЫЛУ,ОЙЫҚ ЖАРАЛАР ,ОЙЫҚ ЖАРАЛАР БЕЛГІЛЕРІ;

3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
бөлім.

КАТАЛІКПЕН

НАУҚАСТЫ
КРЕСЛО
ҚОЛМЕН ТАСЫМАЛДАУ
КАТАЛКАМЕН
ТӘСІЛДЕРІ

НОСЫЛКАМЕН
. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Қалі ауыр науқасқа күтім жасау
барысында ауыртпашылық және
жауапкершіліктің барлығы мейірбикеге
жүктеледі. Олар науқасты керуетке
орналастырады, каталкамен алып жүру,
науқасты кресло-каталкамен, носикамен
тасымалдау, ал тасымалдау құралдары
болмаған жағдайда қолмен тасымалдайды.
Науқасты тасымалдау барысында оның
қаіпсіздігіне көңіл бөлу керек және
тасымалдау белгілі бір тәртіппен,
ұқыптылықпен жүргізіледі
Каталкамен тасымалдау тәсілдері:
Аурудың сипатына, ауырлық дәрежесіне
қарай науқасты каталкаға ыңғайлы
орналастыру керек. Осындай қалып
науқастың бұлшық еттерің босансуына
ықпалын тигізеді
Носилкамен науқасты тасымалдау:
Носилканы горизонтальді түрде ұстау керек, себебі науқасты
зақымдап алуымыз мүмкін
Жүргенде аяқты алшақ баспай, қысқа қадамен жүру керек және
науқасты басымен алдыға, носилканы шайқамай жүру керек.
Арта келе жатқан мед.сестра науқастың жағдайын бақылап жүруі
тиіс.
Баспалдақтан түсіргенде басы соңында,аяғы алдында болуы тиіс.
Баспалдақтан көтерілгенде носилканы горизонтальді ұстап, аяғы
соңында, басы алдында болуы керек
Кресло-каталкамен тасымалдау тәсілдері:
•Кресло-каталканы алға қарай енкейтіп, аяқ қоюға
арналған тепкішке
жақындату керек.
•Науқастың тұруын сұрау керек, оны ұстап тұрып керслоға
отырғызу керек.
•Кресло-каталакны бастапқы қалпына келтіру керек
•Тасымалдау барысында науқастың қолдары жинақы болуын
қадағала
•Тасымалдап болғаннан кейін кресло-каталканы
залалсыздандыру керек
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін
қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін
немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр
қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады.
Осы уақытта ентігуі азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас
амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі
қысылады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті
плеврит ауруына тән.
Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән.
Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард
инфарктісінде қолданылады
НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕКТЕГІ ҚАЛПЫ:

АКТИВТІ НЕ БЕЛСЕНДІ
Науқас бұл жағдайда өзіндік қозғалады,төсегіне отырып, өзіне қызмет
көрсетеді.
ПАССИВТІ НЕ ҚОЗҒАЛЫССЫЗ
Енжарлық,әрекетсіздік жағдай – науқастар өте аз қозғалады, өзіндік
басын көтеруі, қолын қозғау қимылдары қиын, мұндай аурулар әрине
паралич, жүйке ауруларының әсерінен (ессіз түрде болуы мүмкін).
МӘЖБҮРЛІК ҚАЛПЫ
Шамасы аз болса да, өзін күтуге бар. Аз да болса науқас өзін тәуірмін
деп есептейді, аяғын жерге түсіріп немесе бір жаққа оңға немесе сол
жаққа бұрылып жатуды ұнатады. Науқастың жағдайы әлі де төсекте, ол
өзіне мінездеме бере алады.
Симс қалпы
Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай) Науқасты жатқызу екі
мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы,
ойылудын алдын алуы.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй
кереуетті.Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын,іс-әрекеттерін түсіндіру

2. Науқастың келісімін алу

3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру. Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай

жасалады.
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу. Симс қалпын қамтамасыз ету.

5. Басына жастық қою . Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды

6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей

төсекке қою. Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі.
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі

деңгейінде орналасуы керек. Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды.
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш қою. Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету, аяқ басының «асылып қалуын»

болдырмайды
Фаулер қалпы
Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе
шалқасынан жатады.
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын,іс - әрекеттерді
түсіндіру.
2. Науқастың келісімін алу.
3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру.
4. Науқастың басын төмен жастыққа қою.
5. Науқас қолының астына жастық қою
6. Бел аймағы астына жастық қойыңыз
7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз.
8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз.
9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз.
Науқасты ішімен жатқызу
Іс-әрекет негізделуі
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын,
іс-әрекеттерін түсіндіру. Науқаспен қажет қарым-қатынас
жасалады
2. Науқастың келісімін алу. Науқастың құқығын сақтау қамтама-
сыз етіледі
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып
тастау. Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз
етіледі.
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату,
қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін
айналдырып, ішімен жатқызу. Науқастың қалпын өзгертуге
ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу. Пациентке ыңғайлы
жағдай жасалады.
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына
кішкене жастық қою. Мойын омыртқаларының бүгу және шектен
тыс жазуды азайту.
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою. Бел
омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына
салмақ түсу төмендейді.
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру.
Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау
9. Аяқ басы астына валик қою. Аяқ басының “салбырап” қалуын
және сыртқа қарай бұралуын болдырмау
Науқастың арқасымен жату
қалпы
1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру.
2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою.
3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына
кішкене жастық қою.
4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою.
5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою.
6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш қою.
7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне
параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша қою.
Ойылу
Тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ
қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан
пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы
некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі
науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш
киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан,
кірлеген теріден пайда болады.

Науқас денелерінде
мәжбүрлі қалпында
анықталатын
ойықтардың
орналасуы
Ойық жаралар
Ойық жаралар –
терінің және жұмсақ
тіндердің шығыңқы
сүйектермен төсек
арасында ұзақ
жаншылу әсерінен
беткей немесе терең
зақымдалып, семуі.
Ойық жаралар белгілері
Ойық жараның бірінші дәрежесінде
терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі,
зат алмасу үрдісінің бұзылыстарын
көрсетеді. Содан кейін эпидермистің
бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда
болып, алғашында түссіз, содан кейін
іріңді қосылыс пайда болады. Беткей
некроз (гангрена) дамып, терінің терең
қабаттарына, маңындағы тіндерге
таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін
анықтайды
ҚОРЫТЫНДЫ:
Кейбір аурулар жағдайында науқастың мәжбүрлік қалпының өзіне
тәндігі соншалық, дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.
Ұзақ уақыт жатқаннан түрлі дене бөліктерінің ауырсынған, әлсіреген
науқасты Симс (1813-1883) және Фаулер (1848—1906, америкалық
хирург) қалпында орналастыру науқастың келісімімен жүргізіледі.
Науқастың төсектегі мұндай функционалдық жағдайлары науқасқа
профилактика мен ауыруды сезінуді біраз болсын басу мақсатында
қолданылатын бүгінгі күні тиімді қалыптардың бірі болып табылады.
Теріні күту және ойылудың алдын алу Науқасты әсіресе ауыр халдегі
науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы
мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жұмсақтығы
мен серпімділігін сақтау үшін май және тері бездері қызметінің маңызы
зор. Алайда тері мен май терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен,
терімен бірге теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен
қышиды, одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған жерлер
пайда болады, яғни терінің тұтастығы бұзылады
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Гребенёв «Уход за больными».
Қайдаров С.Б. «Клиникаға кіріспе –
<2008ж.
С.Қ.Мұратбекова “Мейірбике ісінің
негіздері”, 2007ж.
П.П.Обуховец “Основы сестринского
дела” 2003г https
://studfile.net/preview/4028641/page:54/
https://ppt-online.org/558475

Ұқсас жұмыстар
ДЕНЕ БИОМЕХАНИКАСЫ
Науқасты төсектің шетіне орналастыру
Емхана мен аурухананың әртүрлі бөлімдерінде емдеу қорғау тәртібінің жүргізу ерекшеліктері. Дене биомеханикасы. Науқастарды тасмалдаудағы кәсіптік қорғаныс
Науқастарды тасымалдау
Вербальды коммуникация
Сөздің психологиялық әсері
Дене қимылдары, дене қалпы
Вербальды емес ара - қатынасу тәсілдері
Вербальды емес коммуникация
Паравербалды коммуникация
Пәндер