Академиялық жазылым туралы түсінік



Академиялық жазылым туралы түсінік

1. Академиялық жазылым
2. Ғылым дегеніміз не?
3. Ғылымның қоғамдағы рөлі

«Академиялық жазылым» ұғымы нені білдіреді? Жалпы жазу, жазылым деген не? Жазу не үшін керек? Интернеттің дамыған заманында жазудың қажеті қанша? Электронды құралдардың, ұялы телефондардың мүмкіндігі орасан үлкен және баршаға қолжетімді қазіргі кезеңде жазудың қажеттігі аз болып көрінуі рас. «Алыс-жақын жерлерден жылдам хабар алғызған» электронды құрылғылар жазудың біраз түрін (хат, жеделхат) керексіз етіп шығарғанымен, жазу, оның ішінде академиялық жазылым студенттік ортада, жұмыс кезінде кең қолданылады.

Қазақ жастарының шетелдік оқу орындарында білім алуы, мектеп оқушыларының төменгі сыныптардан бастап шағын ғылыми жобалар орындауы, студенттер мен магистранттардың күрделі ғылыми зерттеулер жасауы, осының бәрі жазу әрекетінің маңызын жоймағанын, тіпті артып отырғанын көрсетеді. Оқушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар конспект, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік, докторлық диссертация жазу керек болса, жұмысқа тұрған кезде жазу қызметкердің нақты қызметтік міндеттеріне кіреді, ол қандай да бір жұмыс туралы сараптамалық талдаулар, қорытындылар, есептер, қызметтік хаттар жаза білуі тиіс, сауатты жаза білу күнделікті өмірде де қажет.

Жазу әрекетінің (жазылымның) басымдықтары мынада:
- хабарлауға қажетті ақпарат туралы барынша жан-жақты ойлануға және зерттеуге уақыт береді;
- материалды өз қалауыңызша құрастыруға, өзгертуге мүмкіндік береді;
- материалды неғұрлым нақты және тиімді етіп құрастыруға мүмкіндік береді;
- ойларыңызды, әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізді тіркеуге, қағаз бетіне қалдыруға мүмкіндік береді;
- материалмен танысатын оқырманның уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, жазба материалмен оқырман кез келген өзіне қолайлы уақытта таныса алады, оның үстіне адамның көбі естіген ақпараттан гөрі оқыған ақпаратты тез игереді.

Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты жазамыз. Оқытушы, ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс (конспект, реферат, есеп, талдау т. б. ) жазуды талап етуі мүмкін немесе жазба жұмысын орындау белгілі бір жетістікке жету жолындағы (ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, диссертация) сіздің тікелей міндетіңіз болуы мүмкін, кей жағдайда сіздің пікіріңіз (сыни пікір, сараптамалық талдау, рецензия т. б. ) қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету үшін қажет болуы ғажап емес. Олай болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-жай қарамайтын адамдарға да арнап жазамыз.

Академиялық жазылым - бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үрдістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзіреттердің дәстүрлі түрі.

Академиялық жазылым - ғылыми жоба, эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрілік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалармен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.

Академиялық жазылым - бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стиілін таңдап, оны қолдана білу дағдысы.

Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған.

Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар:
зерттеу жүргізу дағдылары - ізденуге қабілеттілік, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білу;
конспектілеу дағдылары - тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білу;
өз-өзіне бақылау жасау - мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
болашақ мәтіннің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.

Академиялық сауаттылық:
әртүрлі ақпаратпен жұмыс істей білу;
өзгелердің идеяларын түсініп, оны қабылдай білу;
өз идеясын айтып, оны негіздей білу.

Академиялық сауаттылық аспектілері:
академиялық оқылым
академиялық жазылым
пікірсайыстарға түсу
презентация жасау
сөйлеушіні тыңдай білу
сұрақ қоя білу
қойылған сұраққа жауап бере білу

«Ғылым» деп адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім кәдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардың екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Ғылым дегеніміз - адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы.
Ғылымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтары мен танымның объективтік заңдылықтарын ашу.

Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI-XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым қуатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септігін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста дамып келеді. Сол кезеңнен бүгінгі ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналып отыр.

Ғылым біртұтас бола тұра, жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді қоршаған дүниенің көптүрлілігінен болар, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы қызметтің белгілі бір жақтарын зерттейді. Осыған орай табиғат туралы ғылымдар - жаратылыстану, қоғам туралы - қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар) ; таным мен ойлау туралы - логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика - өзі бір арнайы ғылым.

Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына - механика, физика, химия, биология; қоғамтану ғылымдарына - тарих, экономика, құқықтану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика оптикаға, қатты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді.

Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:
• ғылым субъектісі - ғалым. Ғылым субъектісі жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
• объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтін нысаны;
• ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер жүйесі;
• табиғи немесе жасанды, өзіндік қолтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар) .

ЭССЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, саяси және тағы басқа салада автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе жазылатын пәндер
мектепте, ЖОО-да және жалпы өмірде
қазақ тілі
қазақ әдебиеті
экология
құқық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz