Генетика пәні: мақсаты, даму кезеңдері және ірі ғалымдар


Slide 1

Генетика

Дайындаған:Саулебекқызы Ш.

Қабылдаған:Тұрабай Н.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1. Генетика пәнінің мақсаты.

1. 2. Генетиканың міндеттері мен даму тарихы.

1. 3. Еңбек сіңірген ғалымдар.

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән) . Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды.

Slide 4

Генетика пәнінің мақсаты

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.

Slide 5

Генетика пәнінің міндеттері

Генетика ғылымы биологиялық ғылымдардың ішінде тірі ағзалардың өзгергіштік және тұқымқуалаушылық қасиеттерін зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер.

Slide 6

Генетиканың даму кезеңдері 3 кезеңге бөлінеді:

1. Классикалық генетика кезеңі.

2. Неоклассизм кезеңі

3. Синтетикалық кезеңі

Slide 7

Шығу тарихы

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде - Демокрит, Гиппократ, Платон және кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.

Slide 8

Еңбек сіңірген ғалымдар

Бұдан кейін Ч. Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер - геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.

Slide 9

Қорытынды

Қортындылай келе, генетика - белгілердің мұраға берілу заңдылықтары туралы ғылым. Бұл заңдылықты табуға тұңғыш рет Г. Мендельдің қолы жетті. 1900жыл генетика ғылымының ресми түрде жарыққа шыққан жылы деп есептелінді. Мендельдің негізгі сіңірген еңбегі сол, ол тұқым қуалау бастамаларының еш уақытта қосылмайтынын ж/е ата-аналарынан ұрпағына жеке бөлшектер түрінде берілетінін дәлелдеді. Сондай-ақ дараларда жұп күйінде болатын бұл бөлшектер келесі ұрпаққа аталық ж/е аналық гаметалар арқылы әр жұптан бір-бір бөліктен берілетінін көрсетті.


Ұқсас жұмыстар
Микробиологияның тарихи даму кезеңдері, ірі ғалымдар және микроскоп түрлері
Геоботаниканың негіздері, мақсаты және даму кезеңдері
Мәдениеттанудың ұғымы, пәні және даму кезеңдері
Экономикалық теорияның пәні, әдістері және даму кезеңдері
Экономикалық теорияның пәні, даму кезеңдері және зерттеу әдістері
Білімдіге дүниe жарық: информатика пәні сайысының мақсаты, ұйымдастырылуы және кезеңдері
Ақпараттық технологиялар: ұғымы, мақсаты және даму кезеңдері
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері: даму кезеңдері және негізгі ұғымдар
Менеджмент психологиясына кіріспе: мақсаты, даму кезеңдері және ғылымдар арасындағы байланыс
Даму психологиясы: пәні, мақсаттары, әдістері және жас кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz