ГЛЮКОЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ




Презентация қосу
ГЛЮКОЗА ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Тірі организм химиясы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаты:
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май
қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

Сабақтың мақсаты:
Глюкозаның құрылымы мен жіктелуін білу;
Глюкозада альдегидтер тобының болуын тәжірибе жүзінде
анықтау;
Глюкозада спирттік топтардың болуын тәжірибе жүзінде
анықтау.
Бағалау критерийлері
Глюкозамен танысып, оның қасиеттерін
жіктейді;
Глюкозаны құрамы бойынша альдегидспирт
ретінде жіктейді;
Глюкозада функционалды топтардың болуын
экспериментальды түрде анықтайды.
Құрылысы. Глюкозаның құрамы C6H12O6
формуласымен өрнектеледі. Ал химиялық құрылысын төмендегі
құрылымдық формуламен көрсетуге болады:

Құрылысынан көріп тұрғандай, глюкозаның құрамында
альдегидтік топ және бірнеше спирттік топ бар, ягни глююкоза
– альдегидоспирт.
Глюкоза
(циклді формалары)
Табиғатта таралуы. Глюкоза жасыл өсімдіктердің барлық дерлік
мүшелерінде кездеседі. Әсіресе глюкоза жүзім шырынында, піскен жеміс-
жидектерде көп болады. Кейде глюкозаны жүзім қанты немесе жеміс
қанты деп атайды. Ол фруктозамен бірге балдың негізгі құрам-бөлігін
құрайды. Адам және жануар қанында шамамен 0,1% глюкоза(100 мл қанда
80-120 мг) болады.
Алынуы. 1. Басқа көмірсулар сияқты глюкоза табиғатта фотосинтез
процесі нәтижесінде түзіледі:

2. Формальдегидтен моносахаридтерді алғаш 1861 жылы А.М.
Бутлеров синтездеген, реакция кальций гидроксиді қатысында
жүреді:
3. Өндірісте глюкозаны, негізінен, крахмалды күкірт қышқылқатысында
гидролиздеу арқылы алады:

Физикалық қасиеттері:
Глюкоза – түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді,
балқу температурасы төмен.
Химиялық қасиеттері:

Альдегид тобына тән реакциялары
1.Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + Аg20 → СН2ОН-(СНОН)4-СООН + 2Аg↓

2.Мыс (ІІ) гидроксидімен қыздыру
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + Cu(OH)2 →СН2ОН-(СНОН)4-СООН +
+Cu2O↓+ 2H2O

3.Катализатор қатысында сутекпен тотықсыздану
СН2ОН-(СНОН)4-СНО + H2 → СН2ОН-(СНОН)4-СH2ОН
Көпатомды спирттерге тән қасиеттері:

Спирттік ашуы
C6Н12O6 → С2Н5ОН + 2СО2↑

Сүт қышқылды ашуы
C6Н12O6 → 2СН3 — СН (ОН) – СООН

Тотығуы
C6Н12O6 + 6О2 → 6СО2↑ + 6Н2О + Q
Глюкозаның маңызы мен қолданылуы
Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады.
Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі
көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында
глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі
бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм
клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп
тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын
энергиямен қамтамасыз етеді.
Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына
жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен
инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның
жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс
- жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі
фруктозадан тұрады.

Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол
сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы
қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады.
Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде
инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза
диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық
тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда
кеңінен қолданылады.
Есептер шығару.

1) 20мл 40% глюкоза ерітіндісіндегі еріген зат пен судың
массасын табыңдар

2) Шоколадтың құрамында 47,5 % көмірсу болады. 150г
шоколадтың құрамындағы көмірсудың массасын табыңыз

3) Құрамында 5 % крахмалы бар 1кг картоптан алынатын
глюкозаның массасы
Химиялық диктант

1. Моносахаридтер..................... қарапайым қантты заттар.
2. Қантты заттарды, ең алғаш рет.............. 1861ж. кальций
гидрооксиді қатысында.................... гидролиздеп алды.
3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып,............. этанол түзіледі.
4. …................ – жеміс қанты деп атайды.
5. Көмірсулардың жалпы формуласы………………………
6. Дисахаридтер..............., моносахаридтердің.... молекуласына
ыдырайды...........- сүт қантты.
7. Глюкоза ……….. - крахмалды өндірісте …………ерітіндісінде
қайнатып алу.
8. Сахарозаны балқытып қатырса............ мөлдір масса түзіледі.
9. Глюкоза артық мөлшерде............. айналып,........... қор болып
жиналады.
10. Глюкоза адам организмінде …………… процесіне қатысады.
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/
organikalyq-ximiya/komirsular/lesson/
monosaxaridter-zhane-disaxaridter

Үйге тапсырма
“Адам организміндегі глюкозаның маңызы”
Фруктоза және рибоза мен дезоксирибоза

Ұқсас жұмыстар
Альдегид тобына тән реакциялары
Моносахарид өкілдері
Глюкозаға тән қасиеті
Моносахаридтердің жіктелуі
Көмірсулар қантты заттар
Көмірсулардың алмасуы
Рибоза дезоксирибоза Крахмал целлюлоза сахароза
Сүт көмірсулары
Көмірсулардың құрамы, құрылысы
Көмірсулар Моносахаридтер
Пәндер