Мәліметтер базасы сервері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ЕТ ж\е БҚЕ кафедрасы Презентация Тақырыбы: Компьютерлік желілер Шымкент 2021 ж

Slide 2

Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) - берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі

немесе

ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Slide 3

Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпа-раттық-есептеу желілеріне біріктірілген.

Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады. Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т. с. с. әрекеттер орындала береді

Slide 4

Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:

1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,

- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.

Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.

2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т. б. ) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.

Slide 5

3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т. б. ) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.

Slide 6

Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

географиялық қамтылу аймағына қарай;

өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

басқарылуына байланысты.

Slide 7

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін) .

Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Slide 8

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Slide 9 Slide 10

Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі:

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ, МҰНДА БІР КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРАДЫ. Сервер - арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) - МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Slide 11

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:

Клиент - өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа) .

Сервер - басқаға қызмет көрсе-тетін объект.

Slide 12

Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген сервер болуы мүмкін. Оларда мәліметтерді таралған түрде өңдеу жүзеге асырылады. Атқара-тын қызметіне қарай серверлердің бірнеше типтері болады:

Файлдық сервер;

Баспа сервері;

Қолданбалы программалар сервері;

Мәліметтер базасы сервері;

Коммуникациялық сервер, т. с. с.

Slide 13

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:

Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер) .

Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары) .

Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix) .

Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы) .

Slide 14

Желілік технологиялар

Желілік технология - компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны.

Протоколдар (хаттамалар) - мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.

Slide 15

Желілік технологиялардың кең тараған түрлері:

Arcnet (Attached ResourceComputer NETWork) ;

Ethernet;

Token Ring.

Arcnet - арзан, қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология. Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады. Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады, яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң, желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет жібере алады. Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.

Slide 16

Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы - 2, 44 Мегабит/сек, тасымалдау үшін коаксиальды кабель, есілген қоссым, оптоталшықты кабельдердің бірі пайдаланыла береді.

Бұл технологияның өз желілік адаптері болады. Адаптердің кабель қосылатын разъемы - ажыра-тып/қосқышы бар. Әрбір адаптердің осы желіге арналған өзіндік нөмірі (0-255) болады. Адаптер орнатылғанда сол нөмірді де сәйкестендіріп қою керек. Мәлімет беру қашықтығы 6 км, бірақ жылдамдығы төмен (2, 44 мбит/с) .

Slide 17

Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барлық желі компьютерлеріне (станцияларына) береді. Бірақ оны адресіне сәйкес тек біреуі ғана қабылдайды. Бұл технология желіге компьютерлерді біріктіріп тұратын концентраторларды және интерфейстік желі тақшасын керек етеді, олар бірігіп орнала-сады. Көбінесе арнайы кабельдер және телефон арналары қолданылады. Мәлімет тасу жылдам-дығы 10 мегабит/c, бірақ жаңа мүмкіншіліктер пайда болуына байланысты (оптоталшық) жыл-дамдығын өсіруге болады.

Slide 18

Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы - есілген қоссым және оптоталшықты кабель. Мәлімет тасу жылдамдығы - 4 Мбит/с және 16 Мбит/с. Мәлімет тасымалдауда маркерлі сақина қолданылады. Топологиясы - сақиналы не жұлдыз. Мәлімет тасу қашықтығы - 120 м (бір ғимаратта) .

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Деректер базасының архитектурасы
Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері
Жергілікті желінің физикалық негізі
DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ СЕРВЕРІ
Қосымшалар серверінің моделі
Delphi және МҚ-сервері. Мәлметтерге ADO арқылы қатынау
Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасында жазбалармен орындалатын жұмыс
БИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРКҚОРЛАРДЫ АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz