Айнымалының мәндерін шығару форматы түрлендіру спецификаторының көмегімен беріледі - символынан басталатын символдар тізбегі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам “М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті” Презентация Тақырыбы: C++ Builder бағдарламалау жүйесінің негізгі артықшылықтары. C++тілінің кәсіби құралдары.

Орындаған: Лесхан Ж. Тобы: ИП-19-6к1 Қабылдаған: Бахбердиева К.

Шымкент 2022 жыл

Slide 2

С++ Builder бағдарламалау тілі нысанды-бағытталған тіліне қажетті құралдармен С бағдарламалау тілін кеңейту мен қосу нәтижесінде АҚШ-та Bell Laboratories компаниясының қызметкері Бьерн Страуструппен (Bjarne Stroustrup) 80-ші жылдардың (20 ғ. ) басында өңделген. Коммерциялық бағдарламалық өнімдерді қолданатын қазіргі тілдер арасында С++ тілі басты және әмбебап тілі болып табылады. Тек қана Java тілі оған бәсекелес бола алады деп есептеуге болады. С++ тілінің бір түрі Microsoft фирмасымен желілік платформаға өңделген С# тілі болады. Кейбір принципиалды айырмашылықтарына қарамай С++ пен С# тілдері 90% -ға сәйкес болады.

С++ Builder қолдану, әсіресе, жүйелік аудару бағдарламаларды, операциялық жүйелерді, экрандық интерфейстерді жазғанда тиімді. Бұл тілде Ассемблер тілімен бірге жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттері үйлеседі. С++ тілінде жазылған бағдарламаларды жылдамдығы жағынан Ассемблерде жазылған бағдарламалармен салыстыруға болады, бірақ С++ бағдарламалары сүйемелдеуге қарапайым әрі көрнекі, бір компьютерден басқа компьютерге жеңіл көшіріледі.

Slide 3

С++ Builder тілінің негізгі ерекшеліктері

С++-тің мәліметтерінің базалық типтері Ассемблер тілінің базалық типтерімен бірдей, типтерді түрлендіруге аз шектеулер қойылады;

С++ тілінің көлемі зор емес, себебі барлық орындалатын функциялар қосындыланатын библиотека түрінде дайындалған; сонымен бірге С++ тілі құрамдық бағдарламалау технологиясын толық сүйемелдейді және сәйкес операторлардың толық жиынтығын қамтамасыздандырады;

С++ айнымалыларға және функцияларға көрсеткіштерді кең қолданады, және көрсеткіштер арифметикасын сүйемелдейді, сондықтан жады адрестеріне тікелей қол жеткізуді және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; параметрлерді жіберуге ыңғайлы құрал - сілтемелер қолданылады;

С++ тілінде нысанды бағытталған бағдарламалау тілдердің негізгі қасиеттері бар: нысандар бар, мәліметтерді инкапсуляциялау, типтердің мұрагерлігі, полиморфизм және абстракциялау мүмкіндігі.

көбісі машиналық бұйрықтарға сәйкес, сондықтан тікелей машиналық шарттаңбаларға аударылатын, С++ тілінің көптеген операциялар жиынтығы бар; олардың түрлері көп болғандықтан, нәтижелі шарттаңбаны минималдау үшін әртүрлі жиындарды таңдауға болады;

Slide 4

С++ тілінде бағдарламаны жазғанда келесі түсініктемелер қолданылады: алфавит, тұрақтылар, идентификаторлар, қызмет сөздер, түсініктемелер, директивалар.

Тілдің барлық конструкцияларын құрамдастыратын осы тілдің символдар жиынын алфавит деп аталады. С++ тілі келесі символдар жиынын қолданады;

латын үлкен және кіші әріптер (А, В, С, . . . , х, у, z)

араб цифрлары (0, 1, 2, . . . , 7, 8, 9)

астынан сызып қою символы («_»)

арнайы символдар (С++ тілінің арнайы символдар тізімі А1-кестеде келтірілген

бөлгіш символдары (бос орын, түсініктемелер, жол аяқталуы, т. б. ) .

Slide 5

Мәліметтерді енгізу жәнет шығару модулі арқылы орындалатын Рrintf функциясы монитор экранына хабарламалар мен айнымалылардың мәндерін шығаруды жүзеге асырады. Рrintf функциясының алғашқы параметрі шығарылатын мәтін мен шығарылатын айнымалының форматын анықтайтын шығару жолы болып табылады. Олардың атаулары функцияның қалған параметрлер ретінде көрсетіледі. Айнымалының мәндерін шығару форматы түрлендіру спецификаторының көмегімен беріледі - % символынан басталатын символдар тізбегі. Сандық мәндерді шығаруда төмендегідей спецификаторлар пайдаланылады:

%і -- таңбасы бар бүтін сандарды шығару:

%u - таңбасыз бутін сандарды шығару;

%f - жылжымалы үтірлі сандар түріндегі нақты сандарды шығару;

%n. mf- нақты сандарды форматымен шыгару

N - бүтін бөліктің цифрларының саны;

М - бөлшек боліктің цифрларының саны;

- жаңа жол;

\t- табуляция;

\" - қос тырнақша;

\\- түсіндірме жазу;

Slide 6

Рrintf функциясымен қатар экранға хабарламалар шығару бүтін тип функциясын пайдалануға болады, мәтінді шығарғаннан кейін курсорды автоматты түрде жаңа жолға көшіреді. Бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде басқа тереземен жабылмас үшін бағдарлама соңына төмендегідей құрылымды қоюға болады:

Рrintf("жұмысты аяқтау үшін клавишын басыңыз) ;

Gеtсһ() ;

модулі арқылы орындалатын шығару операторының бірі сout. Бұл шығару операторының жазылу форматы:

соut«а«а1« . . . «ап;

Мұндағы аі а2, . . . , ап айнымалылар тізімі. Егер айнымалының мәні шығарылатын болса, онда « символдарынан кейін айнымалы аты жазылады. Ал, егер экранға мәтін шығарылатын болса, онда « символдарынан кейін тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы, Соut« "экранға шығарылатын мәтін".


Ұқсас жұмыстар
Орындалатын программаны құру сатылары
Алгоритмдік тілдің және семантикасы
Ашық мәтін
Алгоритм туралы ақпарат
лгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма және метатіл формуласы көмегімен сипаттау
Айнымалы ұғымы. Айнымалымен жұмыс істейтін процедуралар мен функциялар. Тармақталу алгоритмін орындайтын программа
MATLAB жүйесінің операторлары
Паскаль тілінде программалау жайлы
Тармақталу алгоритмін орындайтын программаны құру
Логикалық амал белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz