Тағамның құрамы


Slide 1

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырып:Адам тағамының құрамы. Тағам және су құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған аймақтық патология. Витаминдер, олардың жіктелуі, тағамдық көздері, биологиялық функциясы

Орындады:Амангельдиев О. М.

Группа:ЖМҚ-А-02-20

Қабылдады: Жиенбаева А

Slide 2

ПЛАН: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім

1. Адам тағамының құрамы.

2. Тағам және су құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған аймақтық патология.

3. Витаминдер, олардың жіктелуі, тағамдық көздері, биологиялық функциясы

III. Қорытынды. Қолданылынған әдебиеттер

Slide 3

Тағамның маңызы

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпеп камтамасыз ету-өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзіндебір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатканы белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару -БҮҮ-ның негізгі мәселелерінің бірі.

Slide 4

Тағамның құрамы.

Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

Slide 5

Нәруыздар

Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т. б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

Май

Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т. б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.

Slide 6

Көмірсулар

Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.

Slide 7

Минералды тұздар

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.

Су

Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1, 5-2, 5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.

Slide 8

Адам ағзасында 70-ке жуық химиялық элементтер (оның ішінде микроэлементтер) табылды, олардың 43-і маңызды (алмастырылмайтын) болып саналады. Жетіспеушілігі әртүрлі патологиялық жағдайларға алып келетін, таптырмайтын қоректік факторлар болып табылатын маңызды М. -дан басқа, қоршаған ортаны негізгі ластайтын және адамдарда ауру мен улануды тудыратын уытты М. бар. Белгілі бір жағдайларда эфирлік M. уытты әсер етуі мүмкін, ал белгілі бір дозада уытты М. эфирлік қасиетке ие болады. Адамның М. -ға деген қажеттілігі кең шектерде өзгереді және М. -ның көпшілігі үшін бұл нақты белгіленбеген. М. негізінен аш ішекте болады, әсіресе он екі елі ішекте. М. ағзадан нәжіспен және несеппен шығарылады. М. -ның белгілі бір бөлігі экзокриндік бездердің құпиялары құрамында, терісі мен шырышты қабаттарының эпителиалды жасушалары, шашы мен тырнақтары бар. Әрбір микроэлементтер сіңіру, тасымалдау, ағзалар мен тіндерге тұндыру және организмнен шығарылу ерекшеліктерімен сипатталады

Slide 9

Асқазанның ойық жарасы - бұл асқазан қабырғасының шырышты қабығының және кейде, одан тереңірек тіндердегі жаралардың ауырлық деңгейіне байланысты жергілікті зақымдануы. Жергілікті дефект гастродуоденалды рефлюкс нәтижесінде асқазанға түсетін, ферменттердің, асқазан сөліндегі немесе өттегі тұз қышқылының әсерінен қалыптасады. Сол аймақтың қоректенуі бұзылады және қайта қалпына келуі баяулайды, ремиссия сатысы - асқыну сатысымен қабаттасады. Беткей қабатының зақымдалуын эрозия деп атайды, оның ойық жарадан айырмашылығы- тыртықсыз жазылады. Ойық жара жазылғаннан кейін асқазанның беткейінде тыртықтық өзгерістер қалдырады.

Ойық жаралық аурулардың ағым процессі туралы ақпарат алғаннан кейін, емдеу кезінде, терең ремиссия сатысында да кейбір өнімдерді мәзірден алып тастау керектігі түсінікті болады.

Slide 10

Асқазанның ойық жарасы кезінде сұйықтықты ішу реттілігін, толықтай тізім себебіне байланысты емдік процедураға жатқызуға болады. Ағзадағы судың жеткіліксіздігі сусыздануға, тек қанның ғана емес, сондай-ақ барлық сұйық ортаның қоюлануы мен тұтқырлануына әкеліп, жасушадан бөлінетін өнімнің жеткізілуін қиындатады және оның жылдам регенерациясын тежейді. Ішу режимінің төмендігі кезінде асқазан сөлінің қышқылдығы, оның тұтқырлығы мен жоғары концентрациясы әсерінен артады, ол асқазанда тағам түйірінің болмауынан эрозивті беткейінің қосымша тітіркенуіне әкеледі. Суды, қайнатпаны, сұйық тамақты бөлшектік ішу, сұйық ортаның физиологиялық тепе-теңдігіне әкелуге көмектесед

Slide 11

Асқазанның ойық жарасы кезінде не қабылдамау керек?

Сусындар:

- кез-келген күшті және әлсіз алкогольдік аперитивтер ; - газдалған, концентрацияланған, хош иістендірілген, консервирленген шырындар, сулар, коктейльдер;

- қарқынды қайнатылған шәй, кофе, шоколад;

- жаңа сығылған көкеніс және жеміс сусындары

- сүт өнімдері, қаймақ, айран, майлы айран, йогурт, ұйыған сүт, басқа да қышқыл сүт сусындары.

Барлық айтылған ішу өнімдері асқазанның шырышты қабығының қосымша тітіркенуін шақырады және зақымдалған аймақтың жазылуының алдын алады.

Slide 12

Бром Ең көп мөлшер бүйректің, қалқанша безінің, ми тінінің, гипофиздің ми заттарында байқалады. шамадан тыс жинақталу қалқанша безінің қызметін тежейді, оған йодтың түсуіне жол бермейді. Бром тұздары орталық жүйке жүйесіне ингибиторлық әсер етеді, жыныстық функцияны белсендіреді, эякуляттың көлемін және ондағы шәует санын көбейтеді. Бром - асқазан сөлінің бөлігі, оған әсер етеді (хлормен бірге) . Бромға тәуліктік қажеттілік 0, 5-2 құрайды мг құрайды Адам тамақтануындағы бромның негізгі көзі - нан және нан өнімдері, сүт және сүт өнімдері, бұршақ дақылдары. Қалыпты плазмада шамамен 17 болады ммоль / л бром (шамамен 150) мг құрайды / 100 мл құрайды қан плазмасы

Slide 13

Витаминдер

Витаминдер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады

Slide 14

Ал витаминдер жетіспеген жағдайда пайда болатын қоректік заттардың алмасу процесінің бұзылуын гиповитаминоз деп атайды. Витаминдердің ағзада жетіспеуі салдарынан жас малдың өсуі тежеледі, азықты өніммен өтеуі нашарлайды және бұл өзгерістердің көпшілігі қалпына келмейді. Көптеген витаминдердің химиялың құрамы қазіргі таңда белгілі. Медицина жөне микробиологиялық енер-көсіптер малды азықтандыруға қажет витамин топтарын шығарады. Витаминдер ерігіштік қасиеттеріне қарай майда және суда еритін витаминдер болып екі үлкен топқа бөлінеді: Майда еритін витаминдер тобына А, Д, Е, К, ал суда еритін витаминдер қатарына В комплексіндегі витаминдер және С витамині жатады

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Коферменттердің биологиялық құрамы
Емдік тамақтану
Тағамдық заттардың қызметі
Адам тағамының құрамы
Дәрумендердің классификациясы
Тамақтану тәртібі
АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Тамақтану туралы ғылымының дамуына отандық ғалымдардың рөлі
Мәзір құрастыру принципі
Борттық тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz