Жасанды тыныс алдыру




Презентация қосу
*
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы.

Презентация
Тақыры: «Өкпенің жасанды вентиляциясы, жасанды тыныс алу тәсілдері»

Орындаған: Амангельдиев О
Тобы:ЖМҚА-02-20
Қабылдаған:

Шымкент-2021
* Жоспары:

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
2.Өкпе вентилляциясы
3.Жасанды тыныс алу тәсілдері
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
* Кіріспе.

* Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ
алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін
емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп,
көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ
алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық
заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия
бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия
организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады.
Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан
арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа
арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.
* Өкпе
* Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу
органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе
негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк
етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей
шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі
қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе
артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі
бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы,
ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі
тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы
тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу
бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның
ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек
адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Өкпеде
жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады.
Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене
температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май
және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе
аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б.
* Дем алу жүйесі
Өкпедегі газ алмасу
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0.03% көмірқышқыл
газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы
ауада 16% оттек, 4.0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады.
Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек
пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ
алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу
диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена
қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп.
Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады,
ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі.
Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек
эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып,
оксигемоглобин түзеді.
*Өкпеде негізінен үш үрдіс өтеді:
Атмосфералық ауа мен өкпе үяшықтарындағы ауаның алмасуы
(окпенің вентилляциясы)

Өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің
перфузиясы).

Олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, комір
қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы)
Тыныс алу реттелулерінің бұзылыстарының
себептері:

Мидағы тыныстық орталықтың (дәрілердің,
есірткілердің әсерлерінен) тежелуінен

Тыныстық орталықтың құрылымдық (ми
жарақаты, миға қан құйылу т.б) бүліністерінен

Тыныстық орталыққа бағытталатын
жүйкелік серпіндердің бұзылыстарынан
байқалады.
Өкпе вентилляциясының бұзылыстары 3
түрге бөлінеді:

Гипервентиляция

Біркелкі емес
вентиляция Гиповентиляция
*Өкпенің гипервентиляциясы
Тыныстың минуттық көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы
(ӨӨС) көтерілуімен сипатталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге
көтерілген мүқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бүндай
физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге
тоқталады.
Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мүқтаждықпен немесе
СО2 шығару қажеттігіне байланысты емес. Ол ми және оның
қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан қүйылғанда, гипоксемия
(анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі
кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен
дамуы мүмкін.
Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық
бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісінуі кездерінде пайда
болады. Бүл жағдайларда әрбір тыныс алу кезіндегі ауаныц көлемі азайғанына
қарамай, оныц минуттық көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары
деңгейде үсталып түруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болады. Бірақ үзақ
гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осыныц әсерінен тыныс
алу орталығы тежеледі. Бүл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен
ауысады.
* Өкпенің гиповентиляциясы
Өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін :

•Өкпенің және тыныс жолдарыныц дерттері (пневмония,
пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж. б.) кездерінде;
•Кеуде
Кеуде қуысының
қуысының түтастығы
түтастығы бүзылғанда
бүзылғанда (жарақат)
(жарақат) немесе
немесе плевра
плевра
қуысында сүйық, қан, ауа жиналып қалғанда (гидроторакс,
гемоторакс, пневмоторакс);
•Тыныс
Тыныс алуды
алуды реттейтін
реттейтін нервтердің
нервтердің жарақаттануы,
жарақаттануы, қабынуы
қабынуы
немесе бүл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.
с. с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем
алуға қатысатын еттердіц қабынуы, дистрофиясы кездерінде;
•Туа біткен немесе жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні
өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе
пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің
вентиляциясын төмендетеді;
*Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы.
*Қалыпты жағдайдың өзінде барлық окпе үяшықтары біркелкі
қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі
емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі
төмендегенде (өкпе эмфи- земасы), бронхиолалардың жиырылып
қалғанында (демікпе), окпе фиброзы кездерінде, әлвеолаларда
сүйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес
вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бүл кезде
гиперкапния байқалмайды.
Өкпе тінінің өзінің бүзылыстарымен
көрнетін ықпалдар:

1.өкпеде қабыну мен қан іркілу қүбылыстарында;

2. өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз,
обыр (рак), эмфизема, туберкулез т. б.) кездерінде;

3. өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық
тәсілмен алып тастағанда;

4. әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз
дамығанда.
Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе үяшықтарына
қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын альвеолаларға
оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе
перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын
альвеолалар- да перфузия болмауы, перфузиясы бар
альвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі.
Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі
дамиды. Ол екіге бөлінеді.

Обструкциялық Рестрикциялық
Өкпенің сыртынан әсер ететін
ықпалдарға:
*1. плевра қуысында сұйық ауа жиналуы, көкірек
орталығында өспе дамуы;
* 2. кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні
өзгеруі;
*3. іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр
үлғаюы, іш шемені дамуы т. с. с. жағдайлар
жатады. Бүл кезде өкпе сыртынан қысылып,
оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.
Сырылдар
Сырылдар (rhonchi) тыныс алу жолдарында патологиялық секреттердің
болуынан пайда болады.Құрғақ сырылдар (rhonchi sicci)
трахеобронхиальді ағашта тұтқыр қақырық жиналып қалады, ол ауа
өткенде дірілдеп сырыл тудырады.Олар дем алу мен дем шығару кезінде
естіледі,оның қаттылығы,тембрі мен биіктігі зақымдалған бронхтардың
диаметріне және ондағы ауа қозғалысына байланысты.Дауыс
феномендерінің суммациясына байланысты құрғақ сырылдарды
биік,дисканты және төмен түрлерге бөледі.Қабыну процесстерінің
таралуына байланысты локальді немесе таралған болуы мүмкін. Ылғады
сырылдар (rhonchi humidi) бронх қуыстарында сұйық заттардың
жиналуынан болады( қақырық,транссудат,қан,аспирациялық
сұйықтық),жиірек аьвеолярлық( пневмония,өкпе ісігі ).Ылғалды сырылдар
дем алу және дем шығару кезінде естіледі;бронхтардың калибріне
байланысты ылғал сырылдар майда,орт аша,ірікөпіршікті болып бөлінеді.
ПНЕВМОНИЯ
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан
немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол
көбіне қызылша, көкжөтел, тымау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын
немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін
пайда болады Пневмония – себебі негізінен бактериялық инфекция болатын,
өкпенің респираторлық бөлшектерін зақымдап, альвеола ішінде экссудация,
қабыну клеткаларының инфильтрациясы пайда болатын, паренхимаға экссудат
сіңіп, бұрын болмаған, басқа аурулармен байланысты емес жергілікті қабынудың
клиникалық-рентгенологиялық белгілері бой көрсететін жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы және патогенезі. Инфекция өкпенің респираторлық бөліктеріне
бронхогендік, гематогендік (өкпеден тыс орналасқан инфекция ошағынан),
лимфогендік (кеуде торы жарақаттанғанда) жолдар арқылы және зақымданған
көрші тіндерден (бауыр абцессі) тікелей жұғу арқылы тарайды.
Сильвестрдің өкпедегі
ауа тазартқыш тәсілі —
өкпедегі жасанды ауа
тазартқыш тәсілі,
шалқасынан жатқан
зақымданушының қолын
басына қойып, демін ішке
жұтқызу, ал демді
шығарғанда қолын түсіріп,
оның көкірек қуысын
қысып сығу.
* Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

*Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына
жағдайларда дамуы мүмкін:
*1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;
*2. туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде
(атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің
арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің
т.с.с.);
*3. өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы
немесе эмболдар тұрып қалуы;
*4. шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің
жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;
Жасанды тыныс алдыру
Қолдан тыныс алдыру– ауру адамның қалыпты тыныс алу
қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс
органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі.
Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге
операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс
тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен
жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде
жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз
етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын
тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру
арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат
алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана
қолдануға болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін
неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң
нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш
әрекеттер дұрыс және қалыпты
жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес
жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс
алдыруды іске асыру алдында науқастың
әуелі денесін қысып тұрған киімдерден
(галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын
түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту
керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері
барысында сырқаттың тілі көмекейді
жауып қалмауы үшін науқастың тілін
сыртқа шығарып оны саусақпен немесе
арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан
тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс
алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек
көрсететін адамның басын төмендетіп, бір
жағына қарай бұру керек.
ЖАСАНДЫ ТЫНЫС ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске
асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу”
әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды
шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші
қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына
дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр
және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда
жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші
оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни
өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің
төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару).
Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен)
жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да,
кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс
алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе
арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі
* Өкпені жасанды
вентиляциялаудың заманауи
әдісі
*Жедел жәрдем бригадалары және ауруханалар
қызметкерлері жедел жағдайларда пайдалану үшін өкпеге
жасанды желдеткіштің кәсіби бағдарламасы.
*Емделушіге жәрдем көрсету кезінде қолданылатын медициналық
жабдық – емделушілерді тасымалдау кезінде және жедел
жағдайларда өкпеге желдетудің маңызды факторы.
*Weinmann Компаниясы аталған жабдыққа қойылатын барлық
талаптарға жауап беретін өкпеге жасанды желдету жүйелерінің
аса кеңейтілген таңдауын ұсынады. Бұйымның бұл желісіне
жеделдікке арналған MEDUMAT және көліктік ИВЛ аппараттары,
аспирациялау және оттегтік ингаляцияға арналған жекелеген
модульдар, емделушінің жағдайын бақылау және өкпесін желдету
үшін ИВЛ COMBIBAG және MODUL CapnoVol механикалық
аппараттары. Портативті жүйенің компоненттері оны кәсіби
пайдаланушылардың талаптарын және қолдануда түрлі
жағдайларды ескере отырып арнайы жинақталған болуы мүмкін.
*Қорытынды.
Ересек адамдардың және әр жастағы
балалардың тыныс алу жүйесінің патологиялық
жағдайының байқалуы барысында ем жасалынып,
түрлі профилактикалық шаралар дер кезінде
жүргізіліп отырылуы қажет. Аурудың алдын алуға
тырысу қажет. Және салауатты өмір салтын
ұстанып, алғашқы медициналық көмек көрсете білу
өте маңызды.
*Пайдаланған
әдебиеттер
1. «Адам физиологиясы» Л.З. Тель, К.М. Хамчиев, В.И. Циркрн
2012 ж
2. « Адам физиологиясы» Х.Қ. Сәтбаев, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б.
Нілдібаева 2007ж
3. Нұрмұхамбетұлы Ә. «Патологиялық физиология оқулық» -
Алматы, 2011ж.
4. . Googlе.kz сайты.
!! !
з ға ра хмет
лар ың ы
Наз ар

Ұқсас жұмыстар
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ЖАНТАЛАС НЕМЕСЕ КЛИНИКАЫҚ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНДА АЛЫП ШЫҚҚЛАН
Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар
Клиникалық өлім
ҚҰЛАҚТАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР
Бас жарақаттары
Электр тоғынан қорғану қауіпсіздігі
Сенің әрекеттерің
Тынысалу мүшелерінің аурулары
Тыныс жеткіліксіздігі
Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы
Пәндер